в актогае 9
USD 379.29
EUR 426.40
RUB 5.93
Мобильная версия

Мектеп тарихы

«Қ.Нұржанов атындағы ЖББО мектеп базасындағы Тірек мектебі (РО)» КММ-нің мектеп тарихы

 

      Ақтоғай ауданындағы Жидебай ауылдық округінің орталығы Тоқырауын өзенінің бойында, аудан орталығынан  оңтүстік-батысқа қарай 18 км жерде Қарағанды қаласынан оңтүстік – шығысқа қарай 250 км жерде орналасқан.

  Іргесі 1929 жылы «Оян», «Сауле», ұйымдары болып құрылған. 1923 жылы

«Оян» колхозы кезінде мойынсерік жанынан ашылған бастауыш мектеп болды. 1923 жылы « Оян»  колхозы кезінде мойынсерік жанынан ашылған бастауыш мектеп болды. Бұл қазіргі Үшарал ауылында ұйымдастырылған. Кейбір деректер бойынша қазіргі Үшарал  ауылында Жүніс Шоқабаев ( 1886-1940), Рамазан Түсіпбеков, Иса Сұраубаев ( 1897-1987) алғашқы мектепте бірге қызмет еткен.

   1937жылы « Оян» мектебі Киров жетіжылдық  мектебі болып құрылды. 1938 жылы мектеп меңгерушісі Н.Ақбөкеев болды. Сол жылы Қазбек Нұржанов Қарқаралы педтехникумын бітіріп, мұғалім болып келді.

   1942 жылы 1 қыркүйекте Киров жетіжылдық мектебінде Кәрібай Молдыбаев директор болды. Әсет Керімбаев 1942-1947 жылдары Пушкин мектебінде мұғалім болды. Ол 1950 жылы Ленин орденімен марапатталды. Қауан Сейсепов, Күміс Нұғышова сияқты мұғалімдер болды.

    1948-1949 жылдары Жабас Кеңесбаев мектеп директоры болды. 1951-1952 жылдары бастауыш сыныпқа Ғаділша Түсіпбеков мұғалім болды. 1953 жылы Рахметолла Қашқынов, Игісін Садуақасов мұғалімдік қызмет атқарды.

      1951-1952 жылдары мектепте Әбеу Ермеков директор болды. Нығметолла Болғанбаев, Төлеу Сыздықов, Ғалым Байдаулетов, әйелі Шәмшіғайын, Рахметолла Қашқынов қызмет атқарды.

    1953-1954 жылдары мектепте директор Айтан Балтабеков болды.

    1955-1956 жылдары мектепке директор болып Қадір Изақов келді. Кәрібай Малдыбаев, Мұқатай Майқыбеков, Райхан Қалижанов, Төлеухан Әлімханов, Ағдарбек Мұқатаев, Игісін Садуақасов, Зарукеш Жұманбековалар қызмет жасады.

     1957-1969 жылдары мектеп директоры Мұқсиын Нұржігітов болды. Бұл жылдары Рымтай Ахметова, Бейсенбала Сәдібекова мұғалімдік қызмет жасады.

    1969-1987 жылдары мектеп директоры Шайза Бәкірова болды. 1975 -1976 оқу жылында « Қоңырат» совхозының жаңа орталығына ОШ-60 типті құрылыс салынып, Қ.Нұржанов атындағы орта мектеп Үшарал ауылынан « Қоңырат» совхозының орталығына көшірілді.

    1988-1989 жылдары мектепте « Құрмет белгісі» орденінің иегері Райхан Қалижанов басшылық жасады. Бақытгүл Есқалиева, Бақыт Малдыбаева, Саягүл Қасымова, Гүлшарат Біләлова, Жәзира Сәдуова, Қарлығаш Бейсенбаева, Шәкен Қабыловалар қызмет жасады.

    1990-1995 жылдары Сағынтай Кептербаев мектеп директоры болды. Күлзия Әбдірақышева, Гүлмира Сәрсенбекова, Жанат Әзімбаева, Тілеулес Қабиева, Ардақ Таханова, Арнаш Мусина, Жәйнагүл Құдайбергенова, Гүлбану Қомарова, Бақытгүл Өмекешова, Қарлығаш Аманбаева , Индира Әшкеева, Теңлік Хамзин, Өмірғалы Омаров ұстаздық етті.

    1996-1998 жылдары Бақтыбай Дәулетов мектеп директоры болды.

    1998-2000 жылдары мектеп басшысы болып Сейіл Жүнісов қызмет атқарды. Шопандар мен бақташылардың балалары  үшін мектеп жанынан 15 орындық интернат ашылды. Интернат меңгерушісі болып технология  пәнінің мұғалімі Рымтай Бауымбекова тағайындалды.  Тәрьиешілері болып Рауаш Рахманова , Жомарт Асылбеков, Мейрамкүл Әбдіқалықова жұмыс атқарды. Г.Сейтқалиева психолог қызметін атқарды.

   2001-2013 жылдары Ақбота Күлмағанбетова мектеп директоры болып қызмет жасады. Күлпат Кенжебекова, Талғат Оспанбай, Жанғазы Сейтжаппаров, Ардақ Райымбекова, Гүлнұр Нығметжанова, Аманкүл Рысбекова, Гүлжан Мұхсиновалар қызмет жасап келеді.

     2014 жылдан  бастап бүгінгі күнге дейін Қанат Серкебаев қызмет атқарып келеді.

 

Жастар мен жасөспірімдер және ата-аналарға арналған сенім телефоны - 87103726237

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района