в актогае -7
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
Мобильная версия

Мектеп тарихы

К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп базасындағы Тірек мектебінің  (ресурстық орталық) тарихы

 

               

 

Алғашқы  бұл мектеп 1968 жылы сегізжылдық орыс мектебі болып Ақтоғай селосындағы М.Горький атындағы (аралас) орта мектебінен бөлінген. Мектеп аудандық білім  бөлімінің  №14  1968 жылғы бұйрығымен сегізжылдық орыс мектебі болып  құрылған. 1969-70 оқу  жылынан бастап онжылдық мектеп ретінде жұмысын жалғастырды. Мектептің  оқу  үйі  ауыл  орталығындағы  бір қабатты  ғимаратта  орналасқан  болатын,  қазіргі  уақытта  оның  орнында «Нұр Отан»  ХДП жаңа  ғимараты  салынды.  

Мектеп директорлары болып:

         1) 1968-1972 жылдары –   Кенжебеков Ағдарбек;

         2) 1972-1978 жылдары -    Әзімбаев Мағмұр;

         3)  1978 - 1982 жылдары – Ақтаева Нұрғайын;

         4) 1982 – 1986 жылдары – Шадирова Айман;

         5) 1986 – 1988 жылдары – Жанпейсова Зафура;

         6) 1988 – 2008 жылдары – Ақтаева Нұрғайын жұмыс жасаған.

         7)  2008 жылдан бастап –   Абдрахманов Қайыр тағайындалды.

          8)  2012 жылдан бастап – Акбергенова Саягул Казыбеккызы

1968 жылы орыс /орта/ сегізжылдық мектебі болып дербес жеке құрылғаннан кейін бірінші тұңғыш директоры болып Ағдарбек Кенжебеков тағайындалды. Мектептің  алғашқы  педагогикалық  ұжымы:  Досжанова Б.Ж. – орынбасар,  Махаева Б. – орынбасар,  пән  мұғалімдері Мұстафина А,  Нұртаева Р.Б.,  Сапарғалиев Ж, Жанкин Ж, Нығыметоллин Қ,  Мұстафина М,  Қиясов Қ,  Бибрих Г.Э,  Мұстаев А,  Сухоцкая Т, Гунько Л,  Данилина Т,  Бигинова,  Аманжолова М, Жаркимбаев С,  Ақтаева Н,  Балтынова Ж.   Жылма жыл  ұстаздар құрамы  өзгеріп отырды.

 

 

 

 1969 жылы  мектепке  Абиева З,  Рыстафина  М,  Дэль Э,  Кузнецова  В,  Литвинцева  Т,  Аманбекова Ж,  1970 жылы  Садыханова Ж,  Воронцова Н.В, Гофман И,  Саитова В.Г. жұмысқа  орналасқан.

 

Мектептегі  оқушылар  контингенті  жергілікті  тұрғындардың және жер  аударылған  неміс өкілдерінің  балаларынан  құралған.  Әр сыныпта 20-25  оқушыдан   оқыған.  Оқушылар  арнайы  сынақ арқылы  қабылданған.  Мектептің  бірінші  түлектері:  Балабатыров Ж,  Битнер Р, Гариес А, Ежебаев Ж, Жунусова С, Киндлер Е,  Мухамедова А, Мекишева  К, Сакенов С, Энштейн В,  Эстерлейн К. /Қазіргі уақытта  Ақтоғай селосында  Балабатыров Жаңғазы мен Ежебаев Жанибек абыройлы  еңбек  етуде./

1972 жылы аудандық партия комитетінің бюросының қаулысымен орыс орта мектебінің директоры болып Әзімбаев Мағмұр тағайындалды. Мектепке жаңадан  Мажанаков Е,  Ержанова Н,  Толегенов М, Закирбекова Г,  Резванова Р,  Ульянова Т,   Кунова К.  келіп жұмыс жасай бастады.

1974 жылы  Ульянова Т.П.  директордың  оқу  ісі  жөніндегі,  ал  Досжанова Б.Ж.  тәрбие  жөніндегі  орынбасары  болып  тағайындалып,  педагогикалық  ұжым  Сауранбаева М,  Гросс В,  Шнайдер А,  Сакенова Г,  Бахтыбаева Р,  Аманжолов Ө. сынды жаңа ұстаздармен толықты.

1975 жылы  мектепте аты  әйгілі  математик Өкімбаев С,  пән  мұғалімдері   Агапова М,  Дементей Т,  Смагулова С,  Гариес Т,  Күлшкенова З,  Қойшыбекова Л, 1977 жылдан бастап  Таханов С.Ш,  Кондрашова А. сабақ бере бастады.

 

 

 

1978 жылы  мектеп директоры болып   Ақтаева Нұрғайым Ақтайқызы,  оқу  ісі  жөніндегі орынбасар болып  Досжанова Бақыт Жұматқызы, ал тәрбие  жөніндегі  орынбасар   болып Ульянова Тамара  Павловна тағайындалды.  Мектепке жаңадан  Дүйсенбаева А,  Жампейсова З,  Шайдарова Ж,  Ақбаева Б,  Дайырова Р,  Рахимбекова, Атанова М келіп жұмысқа орналасты. 1980 жылы  еңбек, бейнелеу пәні мұғалімдері  Сакенов С.  мен  Асылбеков Н, бастауыш сынып мұғалімі  Мясникова Т.Ф.  шетел тілінен Абеуова С, Жанкин Қ.    Жанкина Х.И.  және  Мұхаметьярова А,  ал  1981 жылдан бастап  Шумахер Л,  Жұмадилова М,  Тохметова Р дәріс бере бастады.

 

 

 

1982 жылы  мектеп директоры  болып Шадирова Айман Жакенқызы келді.  Сол жылы қазақ тілі маманы Күлмағанбетова К.К,  математика пәні мұғалімі Садықбекова Н, химик Шарбекова Н.Ы, бастауыш сынып мұғалімі Сағындыкова С.С. және Мамыров А. мен Зиферман, 1983 жылы Ульмер Е, Бибрих Р.Е, Пшенбаев Б,  Байжасарова К, Абильдина С.М. жұмысқа орналасып, бір жылдан кейін  Абильдина С.М.  мектеп директорының сыныптан тыс жұмыс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Сол жылы Жанкина Ж.Ж,  Бахтаразова Ж,  Сейдахметова Г,  1985 жылы  Қнашин А.К,  Лоренц А,  Ахметова А,  Стамқұлов Қ,  Зомбинова Ш.Х. жаңадан келді. Мектеп  ұжымы ауылдың  барлық  қоғамдық-саяси  шараларына  белсене  қатыса және  ұйымдастыра  білді. Өзінің  іскерлігінің,  жауапкершілігінің,  мол  тәжірибесінің  арқасында  Айман Жакенқызы  -  мектептің  интеллектуалды  әлеуетін  жоғары  биіктерге көтеруде  көптеген жаңа бастамалардың   жетекшісі болды. 1986 жылы мектеп директоры болып Жампейсова Зафура Кәріғұлқызы, оқу ісі жөніндегі  орынбасары  Воронцова Н.В,  ал сыныптан тыс жұмыс жөніндегі орынбасары болып Жанкина Х.И. тағайындалды. Биология пәнінен  Дощакова З,  қазақ тілінен Қаленов Қ, бастауыш сынып мұғалімі Сейфуллина Б.Р,  неміс тілінен Ермағанбетова Г.С,  еңбек пәнінен Бабий М.А,  орыс тілінен Сатанова Ш.М,  Аймағанбетова Д.З., еңбек пәнінен Бишаев С.Т,  БӘД пәнінен Омашев Ғ. сабақ бере бастады. Осы  жылы мектепке  жаңадан  салынған  3-қабатты ғимарат пайдалануға  берілді.  Жаңа мектептің материалдық-техникалық базасы сол  кездегі талаптарға  сай жабдықталып, барлық  қажетті   әдістемелік,  дидактикалық материалдармен  толық  қамтамасыз етілген. 1987 жылы  биология  пәні мұғалімі Абетова К,  ән-музыкадан Р.Түсіпбекова,  бастауыш сынып мұғалімдері Р.Рахымбекова  мен А.Тұрсынбекова,  физика пәнінен Е.Темірбеков,  тарих пәнінен Н.К.Омашев,  автомобиль ісі пәнінен Ж.Түгелбаев дәріс бере бастады.  1988 жылы   мектеп директорлығына  Ақтаева Нұрғайым Ақтайқызы,  сыныптан тыс жұмысы жөніндегі орынбасары болып Сатанова Шакизат Молдашқызы тағайындалды. Бастауыш сынып мұғалімі Н.Айтбаева,  дене шынықтыру пәні мұғалімдері  М.Нұржанов, Ш.Бауымбеков,  1989 жылы оқу ісі жөніндегі орынбасары  болып  Маметкулова Зинагүл Біләлқызы тағайындалып,  бастауыш сынып мұғалімдері  Гуртовая С.В,  Родионова Т,   биология пәні мұғалімі Ж.Толегенова,  орыс тілінен  Яхина Б.К,  Жұмажанова И.,  биология пәнінен  Белгітаева  К,  Балмағанбетова С,  1990 жылы  бастауыш сынып  мұғалімдері  Алхутова Л,  Коломейцева О,  география  пәні мұғалімі  Аждарова Р.А,  физика пәні  мұғалімі Шарбекова Г.Ғ,  химия пәні мұғалімі  Қуатов М.Қ.,  1991 жылы  Төлеуова М,  Смағұлова Б,  Нұржанова И, Ходжанова З.Б, Құтжанова И,  Ахметова М, Қуанбаева Ж, Тойбекова Р, Р.Жандығұловалар   жұмысқа  қабылданса, 1992 жылы  Омарбекова К,  Ахметов Б,  Разақова Г,  Қорабаева Б,  Омарханов С,  Абдибаева  Г.   Жанпейсов М,  Таханов Ш,  Күлшкенова  С,    Шардарбекова Қ,  Үскембекова А,  Аятбекова Д,  Түсіпбаева А, 1993 жылы Кұлпейсова ЖА. (Сатмағанбетова Ж.А.),  Жарылғапова Г,  Укеев Ә,  Нұрғалиева Б,  Мақсұтова К,  Қасымова Г,  Сүйіндікова Б,  Каранова В,  Дүйсенбаева К,  Құлжанбеков Е, Нұржанова Ж, оқу ісі жөніндегі орынбасар болып Д.Аймағанбетова, тәрбие жөніндегі орынбасар Г.Ермағанбетова тағайындалған,  1994 жылы  Абзалбекова Қ,  Жақыпбекова М,  Жухина  А,  Абильдина М,  Нұрмағанбетова Г,  Ақбергенова С,   1995 жылы  Жақсыбекова Ж,  Аманбаева, Ахметчина,  Қожамбаев Б,  Әбілқасымова Ж,  Байжасарова С,  Бегетаева Ә,  Алуақасова Б,  Нұржанова Ж,  Нығыметжанова Г,  Ноғаева М,  Мақұлбекова А,  1996 жылы  Балқыбекова А,  1997 жылы  Алтынбекова С,  Жұмабаева Д,  Мысанова Г, 1998-99 жылодары Ибраева Р, Абдрахманова Н,    Ибраева Ж,  Адамбаев Ш,  Майқыбекова А, Түсіпбекова Б, Саденова Ж,  Сағадатова Т, Қауазова Г,  Ноғаева А,  Мұрасова Г,  Әзіханова Б,   2000-2002 жылдары  Сыздыкова К, Ғабдуллина С,  Абдыкаримова Т,  Жұмаханова Г,  Сыздыкова Г,  Асанова Қ,  Еденова А,  Жоламанова С,  Әлмағанбетова Ә,  Ағыбаева Г,  Қожамбаев Ғ,  Балқыбекова И,  Аманбаева  Б,  Мұқашева Г,  Бизақов Е,  Рыспеков Е, Мүбәрәк Б,  Шакирбаева Н, Темірбаева М,  Нөкербекова К, Сейдахметова А,  Шакирбаева Н,  Темірбаева М, Бражанова А, тәрбие жөніндегі орынбасар болып А.Балқыбекова тағайындалған,  2003-2005 жылдары  Хасенов Қ, Төкеев Ғ, Алпысбаева М,  Сарсенбекова Г, Ахметжанова А,   Рақымжанова А,  Есимов Қ,  Дамиева А, Қалиасқарова Р, Жакупова А,  Жакупов Д, Нөкешова Ж,  Сәттібаева Г,  Дуанбекова Г,  ТөлеуқұловаР, Люпп А,  Бакиров Т,  Қашқынов Е,  Сейітқалиева К,  Ынтықбаева Б, 2006-2008 жылдары Ж.Сатанова, Шаженова А,  Төкешов С,  Түсіпханов К, Мадешова Қ, Мұсағұлова Ж,  Үйсымбаева Г,  Қобланқызы А, Дүйсенбекова Р, Райымбекова М,  Балқыбеков Б,  Сатпаева Ж,  Дүйсенбаева Г,  Ермекова П, оқу ісі жөніндегі орынбасар болып Ж.Сатанова, Б.Саденова, тәрбие жөніндегі орынбасар болып Қ.Шардарбекова тағайындалған,  2009-2010 жылдары Қ.Ержанова,  Д.Байкенжина,  Байыз Б, Түсіпхан Ә, /2010 жылы оқу ісі жөніндегі орынбасары болып С.Ақбергенова тағайындалған./ барлығы  1968-2010  жылдары  200-ден астам  ұстаздар  мектеп  қабырғасында  еңбек  еткен

 
E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района