в актогае 28
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Мобильная версия

Мектеп тарихы

«Ж.Кеңесбаев атындағы ЖББОМ» КММ

Мектеп тарихы

       Бұрын  Қарқаралыға  қараған 22 болыс елдің  ішінде бұл ел «Тоқырауын» болысы деп аталған.  1923  жылы бұған Ақшатау -  Нұра болыстары қосылып  «Кедей»  болысы деп  аталып,  оның  болыстық комитет төрағасы  болып Қалқашев   деген  азамат, сот  төрағасы  болып Сапарғали  Бегалиндер қызмет  жасапты. 

        1926  жылы Қарқаралыда  «Кедей»  болысынан бір  бастауыш  мектеп ашу  туралы шешім  қабылданады да ,  мектепті  ашатын  жер, орын  туралы  таласқа түскенде болатком мүшелерінің  көпшілігі оны № 6  ауылдан  ашу  керек  деп  шешеді.  Мектептің  алғашқы  меңгерушісі  болып Қарқаралыда  оқып,  білім  алған Жиенқұлов  Мұхамбетжан деген кісі тағайындалады. Ол  өзімен  қоса  мұғалімдікке Қарқаралы  педагогикалық  техникумында оқып  жатқан Қарахан Байғарашев  деген  адамды ала  келіп, екеулеп  мектеп  құруға кіріседі. Мектеп  үйін Дөненбаев  Шегір деген  ұстамен  туыс-таныстығы болғандықтан  сол кісінің  үйіне орналастырады.  Мектепке қажетті  стол-орындықтарды жергілікті  шеберлер  ( ол кісілердің  кімдер  екендігі жөнінде нақты деректер жоқ)    тал  теректерден жасап  берген.

 

 

 

 

 

Изображение 334         Сол 1926  жылы мектепке жиырмаға  жуық оқушы  қабылданып, өз  жұмысын  бастап кеткен. Алғашқы  оқушылардың  қатарында Сарытерек ауылының  бұрынғы  тұрғындары,  соғыс  және  еңбек ардагерлері,  қазір  о дүниелік  болып  кеткен Қуандық  Ыбышев, Күлмағанбет Смағұлов, Жансұлтан Яхин, Бегендік Байсұлтанов, Кәжен Кәріпбаев, Рақымжан Кәріпбаев, Мұсан Шәкіров, Мүсілім Көшербаев  сияқты қариялар болған. Мектеп  тарихы да осындай  қариялардың айтуы, естеліктері бойынша жазылды.

     1928  жылы Сарытерек ауылдық кеңесі құрылып, Асанов Салық деген адам ауылнай төрағасы  болып қызмет  жасайды. Мектептің  әрі  қарай нығайып көркеюінде осы  кісінің  еңбегі зор  көрінеді.  Мектеп  меңгерушілігіне педагогикалық білімі бар , сауатты  іскер Нұрғали Мұқашев деген  адамды алдырады. 1929  жылы ауылдық  бірлестіктер құрылып,  бала саны 30-дан асқанда қосымша Нұрымжан Әбдіқалиев деген  мұғалімді де алғызып,  мектептің  оқу  материалдық базасын  жақсартқан.

        1936  жылы  7 жылдық мектеп   ашылып оған сол аймақтағы Сарытерек, Үш өзек, Сарыши  және Ақтұмсық деп аталатын төрт колхоздың  балалары  тартылады.  Жеті  жылдық  мектеп  үйі Сарытерек  колхозының  территориясындағы «Тоқырауын» өзенінің  жағасында жергілікті  жер материалдарынан дайындалған саз  балшықпен салынады. Төбесі  терек  сырғауылдармен жабылып, есік –терезелері мен еден  тақтайлары 170  шақырым  қашықтықтағы  Балқаш  қаласынан өгіз  арбамен тасылып  жеткізілген. Шатыр  салынбаған. Мектеп  үйі  сол кездегі өлшеммен алғанда өте биік  (4 метр) етіп  салынған,  сырты ақ  кірішпен сыланып, өте  алыстан  көзге  көрінетін болғандықтан  «Ақ школ»  деп  аталып  кеткен.Сол  атау  осы  күнге дейін сақталып  келеді. Мектеп  үйі де осы уақытқа дейін өзінің сырт келбетін  бұзбаған, тек қана кішкене  аласарған.     (1936 ж мектеп суреті)

              Жеті жылдық мектептің бірінші директоры болып Балтабеков Айтан, мұғалімдердің  қатарында Бекен Ыбыраев, Бейсенбек Күземханов, Рақымжан Кәріпбаев  сияқты азаматтар қызмет  жасаған.

      Балтабеков Айтан  1936  жылы Көкшетау педагогикалық училищесін бітірісімен Қоңырат  ауданына  келіп  Сарытерек жеті жылдық мектебіне   

директор болып тағайындалады.1940 жылға дейін  осы  

мектепте, 1953-56 жылдары Киров  колхозындағы жетіжылдық мектепте, 1956-58  жылдары  Қарасу                   

колхозындағы 8 жылдық мектепте директор, 1958-63 

жылдары Бірлестік  8  жылдық мектебінде,1963  жылдан өмірінің  соңына дейін Сарытерек орта мектебінде мұғалім болып қызмет жасады.  Білім саласындағы  ерен еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту»  орденімен және  медальдармен , «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озаты» төстік белгісімен және әр түрлі деңгейдегі  Құрмет грамоталарымен  марапатталған. Ұлы Отан соғысының  ардагері.

         1939-41  жылдары Аманкелді, Қусақ  ауылдық  кеңестерінен балалар  қабылданып, мектеп  жанынан  интернат  ашылып,  оқушылар саны көбейе  бастады.  Жаңадан  Тохмет Құрманғалин, Еркеш Сақыпов, Наталья Дорощенко сияқты мұғалімдер қосылып мектеп ұжымы да ұлғая  бастады. 1956/57  оқу жылында мектеп сегіз жылдық мектепке  айналып  оның алғашқы  директоры Төлеубаев  Әубәкір деген азамат болды.   

    1960  жылы  мектептің  жаңа  ғимараты  «Ақшколдан»  екі  шақырым  жердегі,  Ленин колхозының   орталығынан  200 балаға  арналып  қайта  салынды.  Мектеп  үйінің  салынуына   сол  уақыттағы   колхоз  басқармасы    Отыншин Серіктің  еңбегі  зор  болған.

   Мектеп  қабырғасының кірпіштерін   колхоз  орталығында  тұратын  әрбір  үй 1000  кірпіштен    құйып   беріп   іргесін  асар   жасап  қалаған.  Тек   есік - терезесі   мен  шатыры   ғана   мемлекет  қаржысына   жасалған.   Мектептің  жалпы    құрылысына   сол  кездегі  колхоз  прорабы Әлімбетов Қожахмет  басшылық  жасаған,  негізгі жұмыстарына:  есік-терезе, еден, шатыр  салу  жұмыстарына  мектеп  мұғалімдері,  қолынан өнер  тамған   ағаш  шеберлері Досымақов Мұқтар   мен  Шегіров Нұржақай,  ауыл  ұстасы  Сүлейменов Нұрғали ,  ауыл  тұрғындары  Хамиев Біләл,  Тілеубеков Әліхан,  Жапенов Қаһарман,  Керментаева Кенжетай, Рахымбекова Нәсжан, Тапалова Айтбала, Мақсұтбекова Шәрбан, Алтынбекова Нұрбике, Смайылов Жасымбектер  ерекше еңбек  жасаған.    

     1960/1961  жылы  оқу  жылындағы  мектеп жұмысы  осы  жаңа  мектепте  басталды.  Бұл кезде  мектеп директоры  Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі орденінің  иегері, Қазақ ССР-іне еңбегі  сіңген  мұғалім Кеңесбаев  Жабас болатын.

     1965/1966  оқу жылынан бастап  мектеп № 4 орта мектеп  болып  қайта  ұйымдастырылды. Орта  мектептің  алғашқы  директоры  болып Нұржақай  Шегіров    болып   тағайындалды.

   Шегіров  Нұржақай    1948  жылы      Қарқаралы  педагогикалық училищесін  бітірген соң  Сарытерек   ауылындағы  жеті  жылдық  мектепте   мұғалім   болып   қызмет   жасайды. 1976-78 жылдары Қызыларай орта мектебінде директор қызметін атқарды. 1994 жылы  зейнеткерлікке  шыққанға  дейін  Сарытерек   орта   мектебінде   оқу-тәрбие  ісінің  меңгерушісі   болып  қызмет  жасады.  Ұзақ  жылғы  педагогикалық  қызметі  үшін Қазақ  ССР Жоғарғы  Кеңесінің, Қазақ ССР  оқу  министрінің  Құрмет  грамотасымен, облыстық, аудандық  білім  бөлімдерінің грамотасымен  марапатталған. Қазақ  ССР  халық  ағарту  ісінің  озаты. 

   1966/1967  оқу жылында  мектепке 370  бала тартылып,  мектеп үйінің   сыйымдылығының   аз  болуына байланысты совхоз   директоры     Жұмағұл Ыбыраев  қосымша 150   оқушыға  арналған, бір  қабатты  мектеп    үйін салдырып  берді. Бұдан  кейінгі  жылдары  мектептің  оқу-материалдық  базасы  нығайып,  мұғалімдердің    сапалық   құрамы  жақсарып     ауданның  алдыңғы   қатарлы   мектебіне   айналды.  1980  жылдардың   басында  оқушы  саны   558-ге дейін, ал мұғалімдер  саны 64-ке  дейін  жетті.

     1973  жылы  республикада бірінші  болып  Семей  облысының Шұбартау    ауданында  комсомол-жастар  шопандар  бригадасы құрылды.  Осы  үндеуге  республикада  екінші болып қосқан «Жалын»  комсомол  жастар  шопандар  бригадасы Жезқазған   облысы Ақтоғай  ауданының  Сарытерек  орта  мектебін  бітіруші    түлектерден   құрылған еді. Бұл кезде  мектеп  директоры  Нұрланов Әзімхан  болатын.  «Жалын»  комсомол-жастар  бригадасының  жетекшісі   болып    Еңбек    Қызыл   Ту   орденінің    иегері   «Ақтоғай»  совхозының  озат шопаны   Қабдырахман    Тұяқбаев    тағайындалды.  Бригада      құрамында     Г. Дүйсекова,   Қ.Рысбеков,    О.Орынбаева,     Д.Тоқымбаева,     Ж.  РысбековН.  Төлеубеков,   З.Бәкірова,

С.Жаңабаева, Д.Кенжебеков, Ә.Есенбаев,  К.Мәжетаев,    Қ. Балағанов    сияқты азаматтар  еңбек  етіп, кейіннен барлығы да  әртүрлі жоғары    оқу    орындарын     бітіріп,     өмірден   өз  орындарын  тапты.

              1975 ж мектеп  жанынан  оқушылардың  өндірістік  бригадасы  ұйымдастырылып   совхоз  шаруашылығына  көмек көрсетуде аудан, облыс  мектептеріне  үлгі  бола  бастады. Олар негізінен шөп  маялау, олардың сыртына  шарбақ тоқу, қи  ою, қыстақ  үйлерін  ағымдағы  жөндеуден  өткізу  сияқты  жұмыстармен  айналысып  совхоз   шаруашылығының  дамуына  зор  үлес  қоса  білді. Соның  нәтижесінде 1977 жылы  мектептің  өндірістік  бригадасының  жасаған   жұмыстары  фотоальбом  ретінде Мәскеудегі КСРО Халық шаруашылығы  жетістіктерінің  көрмесіне  ұсынылып, көрменің  қола  медалімен  марапатталып, заттай сыйлық  ретінде мектепке МТЗ-50 тракторы  берілді. Өндірістік  бригаданың  жұмыстары  бұдан кейін де үлкен  табыстарға жетіп  1979  жылы Павлодар  қаласында  өткен  республикалық  слетке қатысып,  сыйлыққа  екінші рет Т-40 тракторын  иеленді.  Бұл кезде мектеп директоры Төлеу Мұсанов, оның  тәрбие  жөніндегі  орынбасары  өндірістік бригада  жетекшісі Амантай Тойшыкенов  осы жұмыстарды ұйымдастырып, табысқа жетуде  үлкен еңбек сіңірді.

      Төлеу Мұсанов  1965  жылы Алматыдағы қазақ  педагогикалық  институтын  бітіргеннен кейін Сарытерек орта мектебінде   тарих пәнінің  мұғалімі, мектеп директорының тәрбие жұмыстары  жөніндегі  орынбасары, мектеп директоры қызметін атқарды.  1980-1984 жылдар аралығында   аудандық  білім  бөлімін  басқарды. 1990  жылдан 2004 жылға  дейін Жабас Кеңесбаев атындағы мектеп директоры  болып зейнеткерлікке шықты.   Ұзақ жылғы педагогикалық еңбегі үшін КСРО халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің қола медалімен, Қазақ ССР Оқу  министрінің, Қазақ ССР кәсіподақтарының  Құрмет грамотасымен марапатталған.  «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі»  төс белгісімен  марапатталды. Аудандық маслихаттың  екі шақырылымдағы  депутаты  болды.

         1989  жылы облыстық атқару комитетінің   шешімімен  мектеп үйінің  жаңа, типті, 3 қабатты  ғимараты салынды. Оның құрылысын ұйымдастырып жүргізуде сол кездегі  совхоз  директоры Мұхамедия Шардарбеков  пен  мектеп директоры  Еркін Өкімбаевтың  еңбектері  болды. Осы жылы жаңа  ғимарат пайдалануға беріліп, оған 1982 жылы туған 57 бүлдіршін бірінші  сыныбына  қабылданды. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып  еркіндік алғаннан кейін, көптеген ақтаңдақтарымыз  анықталып, жер-су, елді мекендер  мен басқа да объектілерге жаңа атаулар  мен есімдер беріле  бастаған кезде мектеп ұжымы Ақтоғай аудандық  маслихатына мектепке Жабас Кеңесбаевтың  атын беру туралы ұсыныс жасады. Аудандық маслихат мектеп  ұсынысын қабылдап облыстық онамастикалық  комиссияға өз шешімін берді.  Соның нәтижесінде  2001 жылғы  ақпан  айының 20-жұлдызындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1576 Қаулысымен Сарытерек  орта мектебіне Ж.Кеңесбаевтың  есімі берілді.

      Жабас Кеңесбаев 1900 жылы қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Нұркен ауылында  (бұрынғы Қарқаралы уезіне қарасты Тоқырауын болысының 7-ауылында)  қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген.13 жасынан бастап  20 жасқа дейін  ауыл мектебінен білім алған. 1920 жылы Қарқаралы қаласындағы  педагогикалық техникумға  түсіп, 1923 жылы оның

3-курсын аяқтаған соң  аймақтық білім бөлімі  оны озат оқушы ретінде Кедей болысының 12-ауылына мұғалім етіп жіберді. (Қоңырат ауданы)  1926 жылы Ақсары болысындағы «Бесоба» ауылына ( қазіргі Қарқаралы ауданында) бастауыш мектеп  меңгерушісі болып тағайындалды. 1928 жылы Қоңырат ауданындағы «Қуаныш»  бастауыш мектебінің  меңгерушісі болды. 1932-38 жылдары Қоңырат аудандық білім бөлімінің  инспекторы, 1940-48 жылдар аралығында М.Горький   атындағы  орта  мектеп  директоры, 1948 -50 жылдары   Киров    жеті   жылдық    мектебінің   директоры, 1950-54  жылдары

«5-декабрь»  атындағы  сегіз  жылдық  мектеп директоры, 1954-57 жылдары Шылым сегіз жылдық мектебінің директоры, 1957-61 жылдар аралығында Ленин колхозындағы № 4 сегізжылдық  мектебінің (қазіргі Жабас Кеңесбаев атындағы орта мектеп)  директоры қызметтерін атқарып, құрметті еңбек демалысына шықты.  Ұзақ жылғы жемісті педагогикалық қызметі үшін 1945 ж 12-қарашада «Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген мұғалім»  атағын алып, одан кейінгі  жылдарда Ленин, Еңбек Қызыл Ту және Құрмет белгісі ордендерімен  марапатталған.  Жабекең  өзінің ұзақ жылдар бойғы саналы ғұмырын  тек  бала тәрбиесі мен білім беруге  ғана   арнаған емес, ауданның, облыстың  қоғамдық саяси өміріне  де белсене  араласқан  айтыскер  ақын да болған. Бірнеше ұл-қыз  тәрбиелеп  өсірген  өнегелі  әке, ғибратты ұстаз, кішіге ақылшы, үлкенге қамқор бола білген жан.

      Жабас Кеңесбаев атындағы  орта мектептен әр жылдары бітірген түлектердің  арасында мақтан етерліктей  ғалымдар да, еңбек ардагерлері де, өнер адамдары да көп.

 Олар :   Тәңірберген Күлтебаев – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы

              Жақсыбек Тәжин -  техника ғылымының  докторы

              Мұқсиын Дәкенов -  тарих  ғылымының докторы

              Оразбек Тәжин – биология ғылымының кандидаты

              Қайырберлі Мұхаметжанов-медицина ғылымының кандидаты

              Тиышбек Құдышев-ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты

              Болат Быхин- техника ғылымының кандидаты        

              Шүкірбай Төкеев –ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты

Жазира Мұқатаева – химия ғылымының кандидаты

Зәмзагүл Айтбаева – химия ғылымының кңандидаты

Әділзада Шарзадин – педагогика ғылымының кандидаты

Досымақов Қабдолла- Жезқазған облыстық «Ұлытау» ән-би ансамблін

ұйымдастырушы, Қазақстан Республикасы мәдениет қайраткері.

Кеңес Нұрланов- Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма

театрының актері, киноактер, мемлекеттік  жастар  сыйлығының

лауреаты.

Сапар Медеубеков- Астана қаласындағы ұлттық кітапхана директоры

Амантай Тойшыкенов- айтыскер ақын.Республикалық ақындар

айтысының жеңімпазы.

Жапенов Қаһарман –Ақтоғай ауданы бойынша Қазақ ССР Жоғарғы

Кеңесінің ең бірінші депутаты.

Алғамжанов Совет-Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің депутаты

Иісбек Жәркенов- Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің депутаты

Берікбол Құсайынов- Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері,

республика көлеміне әйгілі болған механизатор, ауылдық, аудандық

кеңестің бірнеше дүркін депутаты.

Әмір Егінбаев Қазақша күрестен спорт шебері. Республикалық жарыс

жүлдегері.

Сол сияқты  мектепті алтын, күміс медальмен және ерекше аттестатпен бітірген  түлектерімізді де әр уақытта мақтан  тұтамыз.  Олар :

                   Кенжебеков Мерғазы – айтыскер ақын

                   Бапашева Бота- Қарағанды емдеу орталығының бас экономисі

                   Мұқатаева Жазира

                   Ақтайбекова Айнұр- ҚР-ы қаржы министрлігінің бас маманы

                   Нұрмұханбетова Айгүл –

                   Шакаримова Алтынай -  Қарағанды мемлекеттік университетінің

мұғалімі

Досмақова Динара – Балқаш КМК-ның бас архивариусы

Ордабекова Зәбира – Ақши орта мектебінің физика пәні мұғалімі

Құсайынова Нұргүл-  Қарағанды «Болашақ» колледжінің мұғалімі

Рысбекова Зәмзәгүл – «Балқаш өңірі» газетінің  корректоры

Шакаримова Айнұр –

Рахымберлина Динара –

Құсайынова Бақыткүл- ҚарМУ колледжінің мұғалімі

Мектеп  құрылғаннан бергі әртүрлі кезеңде еңбек жасап, мектептің   дамуына және жас ұрпақтың сапалы білім , саналы тәрбие  алуына ерекше үлес қосқан мұғалімдердің есімін де ескере кеткен жөн болар. Олардың қатарында:

Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі орденінің иегері Жабас Кеңесбаевты,Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері Айтан Балтабековты, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздіктері Мұқтар Досмақовты, Әзімхан Нұрлановты,Әзибек Смағұловты, Сәкібай Ахметжановты, Нұржақай Шегіровты, Төлеу Мұсановты, Дәнелия Хамзинді, Мұқтар Білісбековты, Бибі Байдарованы, Шарбат Ақыжанованы, Несіпбек Әменовты, Хайролла Досмақовты, Гүлдания Мәжетаеваны, Рымбай Мұқашевты, ІІІ дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегері Бауыржан Кеңесбаевты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Амантай Тойшыкеновты, Кенжетай Дәрібекованы, Дәрия Қожахметованы, Шыран Жармағанбетовты, Кісебай Бейсенбаеваны, Тілеубала Исабекованы, Күлзия Әменованы, Күлпаш Мұхамбетжанованы  жаңашыл, ізденгіш мұғалімдер: Ә.Мұхамедиеваны, Қ.Кәрібекованы, Б.Изатованы, Р.Бауымбекованы, мектеп өміріне компьютерді  енгізуде  үлкен еңбек  жасаған М.Әменовты  ерекше  құрметпен айтуға болады.

     Мектептің  даму,  өркендеу  үрдісінде  әр  кезеңде  мектепті басқарған  басшылардың да өзіндік  үлестері бар. Мектепті 1926-2010  жылдар аралығында  мынандай директорлар басқарып, қызмет  атқарды:

Жиенқұлов Мұхамбетжан-1926-28 жылдар аралығында

Нұрғали Мұқашев – 1928-1930 жылдар аралығында

1930-1936 жылдар аралығындағы директорлар анықталмады

1936-1940  жылдар аралығында –Айтан Балтабеков

1940-1946 жылдар  аралығындағы директор туралы дерек жоқ.

1946-49 жылдар аралығында –Алшынбек Кенжебеков

1949 -52 жылдар аралығында –Қалиақпар Мекеев

1952- 1955 жылдар аралығында - Әубәкір Төлеубаев

1955-1957 жылдар аралығында – Шыран Жармағанбетов

1957-1961 жылдар аралығында –Жабас Кеңесбаев

1961-1963 жылдар аралығында - Әубәкір Төлеубаев

1963-1965 жылдар аралығында - Әзибек Смағұлов

1965-1966 жылдар аралығында –Нұржақай Шегіров

1966-1975 жылдар аралығында- Әзімхан Нұрланов

1975-1980 жылдар аралығында – Төлеу Мұсанов

1980-1982 жылдар аралығында – Амантай Тойшыкенов

1982-1987 жылдар аралығында -  Бекен Айтбаев

1987-1990 жылдар аралығында –Еркін Өкімбаев

1990-2004 жылдар аралығында – Төлеу Мұсанов

2004 жылдан – Хайролла  Досмақов.

194. Құсайынова Нұргүл

195. Нұрбақыт Бауымбекова

196.Алдажарова Нұргүл

197. Индира Шарзадина

198. Бағдат Жамантай

199.Сәулеш Қасымжанова /кітапханашы/

200. Дәкен Молдина

      201. Досмақ Дананұр

202. Сериков Саламат

203. Жамантай Жанар

204. Әменова Кенжегүл

205. Аменова Замзагүл

      206. Жарылғапова Гүлмира

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района