в актогае 13
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
Мобильная версия

Мектеп тарихы

Жақып Ақбай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп тарихы

 

             Жалпы мектептің ашылуы «Еңбек» совхозының жаңадан ашылуына байланысты болды. Жаңа мекен Ақтас өзенінің бойын бойлай Қызылшоқы тауының бөктерінде орын тепті. Мектептің алғашқы ұйымдастырылуы совхоз басшылары Жақсыбеков Сәтберген /совхоз директоры/. Тойымбеков Дәулет /парторг/, совхоз құрылыс прорабымен  кездесіп, келешек мектеп үйінің сегіз тұрғын үй есебінен  мектепке лайықтап салынды.

Мектеп 1983 жылы қазан айында бастауыш сынып  болып ашылған. 1-сыныпқа 10 оқушы, 2-сыныпта  8 оқушы, 3-сыныпта 10 оқушы оқыған.

1984 жылы орталау, 1986 жылы орта мектеп  мәртебесі берілген.

1987 жылы бірінші рет  20 түлегін бітіртіп өмірге жолдама алған.

          1991 жылы қазақтың тұңғыш заңгері, қоғам қайраткері Жақып Ақбайдың аты берілген.

          2016 жылы тұңғыш заң магистрі Жақып Ақбайдың туғанына 140 жыл толуына орай ауыл азаматтары, мектеп мұғалімдерінің ұйымдасуымен бюст ашылды.

 

  1. Жастар мен жасөспірімдер және ата-аналарға арналған сенім телефоны: 8-710-37-30-2-99
E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района