в актогае 20
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
Мобильная версия

КММ «Балдырған» балабақшасы тарихы

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кентіндегі «Мектеп - балабақша кешені» (мектеп жанындағы интернатымен) базасындағы Тірек мектебі (Ресурстық орталық) КММ «Балдырған» балабақшасы тарихы

 

1. Шашубай кентіндегі «Мектеп - балабақша кешені» (мектеп жанындағы интернатымен) базасындағы Тірек мектебі (Ресурстық орталық) КММ   «Балдырған» балабақшасы

2.  Құрылтайшы:  Ақтоғай ауданының әкімдігі. Ақтоғай ауданының білім бөлімі.

3. Мекен-жайы: 100316  Казахстан Республикасы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Шашубай кенті, Абай көшесі, № 1 үй.

4. Телефон:(8-71038) 2-14-12

5. Факс : :(8-71038) 2-13-35

6. Е-mail: rcalliance@mail.ru

Жарғының тіркелуі -  29. 04. 2015 ж. 

8. Жылжымайтын мүліктің тіркелуі туралы куәлігі - 00860DM 09. 09.2015 ж.

9. Соңғы аттестация  2015 ж.

10. Меңгеруші: Акбергенова Фая Мураталиевна. Педагогикалық өтілі – 16 жыл, меңгеруші лауазымында – 7 жыл. Жоғарғы педагогикалық мамандық иесі.

11. «Балдырған» балабақшасы 2008 жылы пайдалануға берілді. Бұл мекеме Шашубай кенті тұрғылықты мекенінің арнайы жер телімінде басты көшелерден,  коммуналдық және өнеркәсіптік қызмет көрсету мекемелерден радиусы - 500 м қашықтықта орналасқан.

Мектепке дейінгі мекеменің ғимараты типтік жобада салынған.

2008 жылы «Балдырған» балабақшасына толық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Балабақша алаңына балалардың бойы мен жасына сай спорттық манеждер және жаңа ойын құрылғылары орнатылды. Сонымен қатар балабақша алаңына ашық қауыс құрылысы салынды.

        

Балабақша  иелігінде  оқу процесін ұйымдастыруға қажетті  тұрғынжайы мен алаңдары бар.

І қабат:

- Әдіскер бөлмесі, музыка залы, гимнастикалық – жаттығу залы, сенсорлық-сауықтыру залы, мультимедиалық тілдерді зерттеу бөлмесі, экологиялық зерттеу «Қысқы бақ» бөлмесі, «Өзін-өзі тану» оқу бағдарламасының өнегелі – рухани тәрбие алу бөлмесі.

Музыка залы

Гимнастикалық – жаттығу залы

Сенсорлық-сауықтыру залы

Мультимедиалық тілдерді зерттеу бөлмесі

Экологиялық зерттеу «Қысқы бақ» бөлмесі  

«Өзін-өзі тану» оқу бағдарламасының өнегелі – рухани тәрбие алу бөлмесі.

ІІ қабат:

- 4 топтық блок: балаларды қабылдау бөлмесі, ойын бөлмесі, жатын бөлмесі.

Жатын бөлмесі

Ойын бөлмесі

13.    КММ «Балдырған» балабақшасында 2 мен 5 жас аралығындағы балалар тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі мекемеде:  4 топ бар:

  • ортаңғы топ 4-5 жас аралығындағы балаларға;
  • екінші кіші топ 3- 4 жас аралығындағы балаларға;
  • бірінші кіші топ 2-3 жас аралығындағы балаларға.
  • екіншіі кіші топ 3-4 жас аралығындағы балаларға.

14.    Мектепке дейінгі ұйымның жұмыс тәртібі: бес күндік, 10,5 сағат.

15.    Балабақшада оқу - қазақ тілінде жүргізіледі.

16.     Ауысымдар саны - 2

Мектепке дейінгі ұйымға балаларды қабылдау  Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігі Ақтоғай ауданының білім бөлімінің жолдамасының негізінде, денсаулық жағдайының медициналық қорытындысы, әкімшілік пен баланың ата-анасының  арасындағы жасалған өтініш және келісімшарттың барысында жүзеге асады.

17. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің (сабақтар) ұзақтылығы  - 10 бастап 25 минутқа дейін.

18.  Жобалық қуаттылығы- 108 орын

 

КММ «Балдырған» балабақшасында ұйымдастыру құжаттары мен білім беру ұйымы қызметінің  ішкі тәртібін реттеуші құжаттары бар, оның ішінде:

1. Мемлекеттік білім беру лицензиясы № 0040250.  Берілген күні – 2007 жылғы 20 қыркүйек.

2. Мемлекеттік білім беру лицензиясы № 13000341  Берілген күні –  2003 жылғы 15 қаңтар.

3. Мемлекеттік лицензияға қосымша № 001.  Берілген күні – 2013 жылғы 15 қаңтар.

4. «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысы әкімшілігінен  2013 жылғы 11 қаңтарында  берілген Мемлекеттік медициналық  қызметпен  айналысу  лицензиясы № 00860DM,

5. Мемлекеттік лицензияға қосымша № 00860DM лицензия сериясы ЛП.  Берілген күні – 2013 жылғы 11 қаңтар.

6. Тұрақты жер пайдалану құқығын беретін № 0211211 АКТІСІ. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі: 09-102-018-106. Жер учаскесінің көлемі: 1, 4411 га. Актінің берілу негізі: Шашубай кентінің әкімшілігінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 32 ұйғарымы.

7. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі № 0508282, Серия В.  Бизнес – сәйкестендіру нөмірі № 970340002116; тіркеу нөмірі № 54-1930-21-ГУ. Қарағанды облысының әділет департаменті Ақтоғай ауданының әділет басқармасынан 2012 жылғы 28 қарашада берілген.

8. Мектепке дейінгі және жалпы білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік лицензиясы  № 0040250 Серия АБ.  Ақтоғай ауданының білім беру  бөлімінен берілген. Берілген күні  2007 жылғы 20 қыркүйек.

9. Қарағанды облысы Ақтоғай аудан әкімшілігі Ақтағай ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі Шашубай кентіндегі «Мектеп–балабақша кешенінің» (мектеп жанындағы интернатымен) КММ жарғысы  27. 11. 2015 ж. 

    

Балабақшаның білім беру жүйесі нормативтік-құқықтық және бағдарламалардың негізінде құрылған:

1. Адам құқығы мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенция.

2. Бала құқығы туралы конвенция.

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

4. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдегі № 319 «Білім туралы» Заңы, өзгерістер мен толықтырулар 09.04.2016 жылы енгізілген.

5. «Тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151заңы.

6. Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы» 2012 жылғы 28 маусымдағы № 23-V заңы

7. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №306 заңы.

8.  Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 заңы.

9. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 жарлығы.

10. «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы.

11. 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы (ҚР Үкіметінің 13.05.2016 жылғы № 292 Қаулысымен өзгертілген).

12. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары» ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы

13. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы.

14. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы.

15. Шашубай кентіндегі «Мектеп – балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ Жарғысы, Қарағанды облысы Әділет департаментінің Ақтоғай ауданының Әділет басқармасы бекіткен, 2015 жылдың 08 мамыры, № 54-1930-21.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района