в актогае 20
USD 386.91
EUR 428.81
RUB 5.79
Мобильная версия

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетінқызметтердің тізбесін бекіту туралы

 

Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының 22 ақпан 2017 жылғы  №09/01 қаулысы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 18 наурыз 2017 жылы №4184 болып тіркелді.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетінқызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ж. Қошантаевқа жүктелсін.

3.Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі С.Әбеуова

 

Ақтоғай ауданы әкімдігінің
22 ақпандағы 2016 жыл
№ 09/01 қаулысына
қосымша

Бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын және өткізетін жұмыстар мен қызметтердің тізбесі

Р/с

Атауы

1

Жұмыстар:

1.1.

бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа объектілер салу немесе салынғанын реконструкциялау

1.2

аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу

1.3.

бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілер салуға және реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттама жасау не бар жобалық-сметалық құжаттаманы түзету

1.4.

аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама жасау не бар жобалық-сметалық құжаттаманы түзету

2

Қызметтер:

2.1.

бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілер салу және реконструкциялау кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету

2.2.

аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету

      

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района