в актогае 9
USD 379.29
EUR 426.40
RUB 5.93
Мобильная версия

Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына және мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы

 

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы N 04/01 қаулысы. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 наурызда N 8-10-131 тіркелді

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес Ақтоғай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына, мәслихат депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін 1 қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.
      2. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп (К. Сюндиков – келісім бойынша) үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 2 қосымшаға сәйкес орындар анықталсын.

3. Ақтоғай ауданы әкімдігінің "ҚР Парламенті Мәжілісінің, жергілікті мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай бөлу туралы" 13 шілдедегі 2007 жылғы N 14/07 (Нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-10-49 болып енгізілген, "Тоқырауын тынысы" газетінде 2007 жылғы 20 шілдедегі N 29 (7094) жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Әбеуоваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 1 наурыздағы
N 04/01 қаулысына 1 қосымша

Ақтоғай ауданы бойынша сайлаушылармен кездесуге арналған
үй-жайлардың мекен жайлары

р/с

Елді мекеннің атауы

Үй-жайлардың мекен жайы

жалпы көлемі

1

Ақтоғай селосы

Бөкейхан көшесі-2 аудандық мәдениет үйі

303

2

Абай селолық округі

Клуб үйінің мәжіліс залы

220

3

Айыртас селолық округі

Клуб үйінің мәжіліс залы

210

4

Қарабұлақ селолық округі

Клуб үйінің мәжіліс залы

240

5

Жидебай селолық округі

Жастар көшесі-5 клуб үйі

170

6

Қусақ селолық округі

Клуб үйінің залы

250

7

Қызыларай селолық округі

Клуб үйінің мәжіліс залы

360

8

Кежек селолық округі

Клуб үйінің мәжіліс залы

200

9

Қараменде би селолық округі

Клуб үйінің мәжіліс залы

230

10

Нүркен селолық округі

Клуб үйінің мәжіліс залы

400

11

Ортадересін селолық округі

Клуб үйінің мәжіліс залы

360

12

Сарышаған кенті

Абай көшесі - 12 Клуб үйі
"Айналым депосы-19" Теміржол көшесі 33

80

100

13

Сарытерек селолық округі

Клуб үйінің мәжіліс залы

370

14

Шашубай кенті

"Жеңіс" клуб үйі, Жағыпар Ақбергенұлы көшесі

300

15

Шабанбай би селолық округі

Клуб үйінің мәжіліс залы

300

16

Торанғалық селолық округі

Мектептің акт залы

350

17

Тасарал селолық округі

Клуб үйі

200

 

Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 1 наурыздағы
N 04/01 қаулысына 2 қосымша

Ақтоғай ауданы бойынша баспа материалдарды орналастыру
орындарының орналасуы

р/с

Елді-мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Ақтоғай селосы

аудандық мәдениет үйінің, Ә. Бөкейхан, К. Байсейітова жалпы білім беретін орта мектептер, N 14 кәсіптік лицей, орталық аурухананың алды

2

Абай селолық округі

Клуб үйінің алды

3

Айыртас селолық округі

Орталық көшесіндегі саябақта ақпараттық қалқан

4

Қарабұлақ селолық округі

Клубтың алды

5

Жидебай селолық округі

Жастар көшесінде орналасқан "Дастан" дүкені, N 2 үй, "Ақнұр" дүкені, N 6/2 үй

6

Қусақ селолық округі

Наурыз көшесі 5 аялдама, клуб үйі

7

Қызыларай селолық округі

Клуб үйінің алды

8

Кежек селолық округі

Клуб үйінің алды

9

Қараменде би селолық округі

Клуб үйінің жаны, орталық дүкеннің алды

10

Нүркен селолық округі

Клуб үйінің алды, орталық алаң

11

Ортадересін селолық округі

Клуб үйінің жаны

12

Сарышаған кенті

Мектеп көшесі-20 мектептің алды, Абай көшесі-12

13

Сарытерек селолық округі

Клуб үйінің жаны (кіші зал)

14

Шашубай кенті

"Жеңіс" клуб үйі, Мектеп-бала бақша кешені, "Балқашбалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

15

Шабанбай би селолық округі

Ә. Бөкейхан көшесі бойы, клуб үйі маңындағы ақпараттық қалқан

16

Торанғалық селолық округі

Мектеп, орталық алаңда кіре беріс көше бойы

17

Тасарал селолық округі

Клуб үйінің жаны, "Ағыбай батыр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жаны, азық-түлік дүкенінің жаны

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района