в актогае 25
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
Мобильная версия

Жаңалықтар

 

 

 

Ақтоғай ауданына қарасты Сарытерек ауылдық окургінің Желтау өңірінде ашық аспан астындағы адамзат қоғамындағы қола дәуірі кезеңіндегі «Таңбалы тас» петроглифтері сақталған

Ақтоғай ауданына қарасты Сарытерек ауылдық окургінің Желтау өңірінде ашық аспан астындағы адамзат қоғамындағы қола дәуірі кезеңіндегі «Таңбалы тас» петроглифтері сақталған.

Ақтоғай ауданы орталығынан шығысына қарай 63,5 км, Беғазы ауылының оңтүстік-шығысына қарай 30 км, Сарытерек ауылынан шығысына қарай 18,5 км, Ақтұмсық ауылынан солтүстік-шығысына қарай 10,9 км, Желтаудың оңтүстік-шығысына қарай орналасқан.

«Таңбалы тас» жәдігерлері сақталған осы тарихи мекен Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының Сарыарқа археологиялық экспедициясымен 2007 жылы ашылған. Таңбалы петроглифтер галереясы қола дәуіріндегі тайпалардың ертедегі мифологиясын көркем түрде нақты көрсетеді. Тасқа таутеке, киік, архар, жылқы, аттылы адам, садақ және найза ұстаған адам, аң аулау сәттері тағы басқа да көптеген кескіндер қашалып бейнеленген осы киелі орын мемлекеттік қорғауға алынып, мәдени мұралар тізіміне енгізілген.

Қолданылған материалдар Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінен алынған.

 


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района