в актогае 25
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
Мобильная версия

Жаңалықтар

 

 

 

Қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін басшысы жауапты болады

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін басшыларының жауапкершілікте болу институтын енгізудің маңыздылығын атап өтуіне байланысты, 2019 жылдың 

26 қарашасында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларға өзгерістермен толықтырулар енгізілген болатын.

Атап айтқанда, қарамағындағы тікелей бағынышты қызметшілері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда саяси қызметшілердің отставкаға кету институты енгізілсе, өзге мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің және квазимемлекеттік секторының бірінші басшыларытәртіптік жауапкершілікте болу шарттары айқындалған.

Бұл талаптар еліміздегі сыбайлас жемқорлық жағдайын түбегейлі өзгертуге бағытталғандығын атап өту керек.
Яғни, басшылар қарамағындағы қызметшілермен бұзушылықтарға жол бермеуге мүдделі болады. Бұл, өз кезегінде, тек оң әсерін тигізуі қажет.

Бүгінгі күні қызметшілердің жауапкершілікте болу шарттарының алгоритміне сәйкес барлық қала және аудан әкімі аппараттарында мониторинг жүргізетін жауапты тұлғалар анықталып, бекітілді.

Аталған тұлғаларға өздері жұмыс істейтін мемлекеттік органында, оған бағынышты мемлекеттік органдарында, мемлекеттік мекемелерде және квазимемлекеттік секторларында жоғарыда аталған талаптардың орындалысына мониторинг жүргізу және бекітілген нысанда ақпарат ұсыну міндеті жүктеліп, тапсырылды.

Өз кезегінде, аталған бағытта жұмыстарды үйлестіру Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және оның аумақтық бөлімшелеріне жүктелген, ол үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен арнайы ақпараттық жүйеге кіруге мүмкіндік берілді.

Сонымен қатар, аталған мәселе Қарағанды облысы әкімінің төрағалығымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік комиссияның отырысында қарастырылып, оның қорытындысы бойынша қала және аудан әкімдеріне, мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті жұмыстар жүргізу туралы тапсырмалар берілген болатын.

Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың заңды күшіне енгеннен бері бүгінгі күнге дейін Қарағанды облысы бойынша соттың үкімімен 6 тұлға сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғандығы анықталды.

Алайда, барлық қылмыстар заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін жасалғандықтан,бірінші басшыларға жазалау шаралары қолданылған жоқ.

Өз кезегінде, Департамент тарапынан аталған бағытта жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша департаментінің

Мемлекеттік қызмет саласындағы

бақылау басқармасының бас маманы

Б. Макеев

 

 


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района