в актогае 22
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
Мобильная версия

Жаңалықтар

 

 

 

«Мектеп асханасы» республикалық алдын алу іс-шарасы аясында

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен ағымдағы жылдың  27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық алдын алу іс-шарасын өткізілуде.

Аталған іс-шара аясында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық тобы құрылды.

Тамақтандырудың сапасына бақылау жасау жөніндегі сараптама тобының тізімі:

  1. Т.З.Таукеев – «Нұр Отан» партиясы Ақтоғай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары; (келісім бойынша)
  2. Д.С.Битанова – Аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы; (келісім бойынша)
  3. Д.Ж.Қабыкен – «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ білім беруді ұйымдастыру секторының жаппай оқу жөніндегі бас маманы;
  4. А.Б.Ақторғай – «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі бас маман;
  5. Д.Қабыл– Аудандық «Ақтоғай ажары» газетінің тілшісі;
  6. Қ.У.Бектұрғанова – Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін орта мектеп базасындағы Тірек мектебінің қамқоршылық кеңесінің төрайымы;
  7. Ә.Сейсенбаева – К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп базасындағы Тірек мектебінің ата-аналар комитетінің мүшесі.

Ақтоғай ауданының  23 білім беру ұйымдарында 2913 оқушы білім алуда. Орта білім беру ұйымдарында көп балалы отбасылардан, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және өзге де санаттағы отбасынан шыққан 1002 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Буфеттік тамақтандырумен қамтылған оқушылар саны – 1911 оқушы.

Шара барысында эксперттік тап білім беру ұйымдарының оқушыларды тамақтандыруды тиімді ұйымдастыру мақсатында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың қызметіне жүйелі мониторинг жүргізді.

Қорытынды бойынша Қазақ тамақтану академиясы мен ұлттық дұрыс тамақтану орталығының президенті басшылығымен әзірленген және шығарылған «Оқушылардың тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттар» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы  12 наурыздағы №320 (15 қосымша) қаулысымен бекітілген білім алушылардың жекелеген санаттары үшін перспективалық мәзірдің бір мәрте тамақтану нормаларына сәйкес келмеу фактілері анықталмады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің № 611 «Білім беру нысандарына санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Бұйрығының талаптарына сәйкес мынандай қорытынды шығарылды:

  • мектептерде тамақтану сапасына мониторинг жүргізу бойынша комиссияның жұмысын күшейту, атап айтқанда: тамақ өнімдерін жеткізу шарттарына, жарамдылық мерзімдеріне және сақтау жағдайларына, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттардың болуына, медициналық тексеруден уақытылы және толық өтуіне, қызметкерлердің жеке гигиенасын сақтауына назар аудару;
  • комиссияның тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетушімен өзара іс - қимылы шеңберінде мектеп асханасының қызметкерлерімен комиссия жұмысының қорытындысын талқылауды қамтамасыз ету;
  • медициналық қызметкерлердің тамақтан уланудың алдын алу мәселелері бойынша мектеп асханаларының персоналымен, оқушылармен, мектептердің оқытушы құрамымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру.

 

 

 

 

 

 


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района