в актогае 5
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
Мобильная версия

Жаңалықтар

 

 

 

Сарышаған кентінде 1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай өткізілген іс-шараның ақпары

​Қазақ халқы ерте кезден ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге орап, көтерген екен. Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кем емес. Орны – төр, қатары – алдыңғы сапта. Қарттарымызды құрметтеу және қадірлеу мақсатында 1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай Сарышаған кентінде жүргізілетін іс-шаралар жоспары бекітіліп, ұйымдасқан түрде өткізілді. Іс-шараны өткізу мақсаты: адамзат бойындағы үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттерін арттыру және қарияларды құрметтеу.
​2019 жылдың 1 қазаны күні сағат 11:00-де Мәдениет үйінде «Ауылдағы қария-ағып жатқан дария» атты кентіміздің қарттары үшін арнай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Кентіміздің әкімі Р.И. Наурызбаев және Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Магзумов және қоғамдастық ұйымының төрағасы Р.Бокишев қарттарымызды атаулы датамен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Мерекелік концертті кентіміздің өнерлі жастары мен мәдениет үйінің қызметкерлерімен ұйымдастырылды. Концерт барысында кентіміздің жеке кәсіпкерлерінің демеушілігімен кішігірім сыйлықтар берілді.
​Сағат 13:00 де қарттар күніне орай, арнайы ас берілді. Қарттарымыз өз кезегінде ізгі тілектерін айтып ризалығын білдірді.
Сол сияқты, Қадірлі күнді қалыс қалдырмай теміржол мекемелері де өз мекемелеріннең зейнеткерлікке шыққан қарияларына дастархан жайып сый-сияпат ұйымдастырылды.
Қарттар күніне орай, Сарышаған кентінің ЖОББ мектебінің сыныптарында жаппай тәрбие сағаттары жүргізілді. Сынып жетекшілері түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сынып сағаттарын түрлендіріп өткізді. Қарттарымыз туралы мектеп оқушылары өз шығармаларын жазды. Сонымен қатар оқушылар аталары мен әжелері туралы мәліметтермен бөлісті. Таңертегілік өткізілетін лездемеде қайырымдылық, үлкенге құрмет көрсету, ізгілік атты адами құндылықтар төңірегінде ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. «Қарттардан аламыз үлгі-өнеге» деп тегін айтпаса керек. Асыл қарттарымыз – ұлы бәйтерек болса, біз соның бүршігіміз.
Сондықтан қарияларымыздың өмірі мен еңбек жолы бізге өшпес мұра. Алдағы таңда үлкенге құрмет көрсетуге арналған іс-шаралар жалғасын табады.


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района