в актогае 15
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
Мобильная версия

Жаңалықтар

 

 

 

Сарышаған кентінің ЖОББ мектептің 5-6 сынып оқушыларының арасында «Темір жол – аса қауіпті аймақ» тақырыбында үгіт–насихат, түсінік жұмыстары жүргізілді.

Теміржол торабында жолдан өту ережелері жазылған көрнекті құралдар ілініп, парақшалар таратылғанмен, пойыздың ірі қара малмен, адамдарды әсіресе, жас балалар мен жасөспірімдерді қағып кету оқиғалары тіркелуде.
Осы себептен 2019 жылдың 4 қыркүйегі күні сағат 15.30 да Сарышаған кентінің ЖОББ мектептің 5-6 сынып оқушыларының арасында және сағат 16.10 да 2-4 сынып оқушылары арасында«Темір жол – аса қауіпті аймақ» тақырыбында үгіт–насихат, түсінік жұмыстары жүргізілді.
Шараны Сарышаған стансасының басшысы Р.С. Танатаров, Сарышаған жол дистанциясының қызметкері Б.С. Жумагулов және Белгі беру және байланыс дистанциясының қызметкері М.С. Исаев жүргізді. Оқушыларға темір жолда белгіленген жəне жабдықталған жаяу жүргіншілер өткелі, көпір, жол өтпесі, төсемдер арқылы, сонымен қатар жол арқылы өту көрсеткіштері орнатылған жерлерде өту қажеттігін түсіндірді.


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района