в актогае 23
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Мобильная версия

Жаңалықтар

 

 

 

Сарышаған кенті әкімінің аппараты мен Сарышаған кентінің мешітінің ұйымдастыруымен шағын футбол, қазақ күресі, гир көтеру және қол күресі сияқты спорт ойындары ұйымдастарылды.

2019 жылдың 10-11 тамызы күндері Жастыр жылы аясында, сонымен қатар Құрбан айт мерекесін тойлау мақсатында Сарышаған кенті әкімінің аппараты мен Сарышаған кентінің мешітінің ұйымдастыруымен шағын футбол, қазақ күресі, гир көтеру және қол күресі сияқты спорт ойындары ұйымдастарылды. 
Шағын футболға Мыңарал, Тасарал, Мойынты ауылдарының, Приозерск қаласының 2 командасы және кенттің 2 командасы қатысты. Жалпы есеп бойынша І орынды – Сарышаған кентінің командасы (40 000 тг.), ІІ орынды Приозерск қаласының командасы (30 000 тг.), ІІІ орынды – Сарышаған кентінің Тұлпар командасы (20 000 тг.) өзара бөлісті. 
11 тамыз күні ЖОББ мектеп алаңында қазақ күресінен жарыс өтті. Мектеп оқушылары арасында 22 кг, 30 кг, 45 кг, +45 кг жоғары (түйе палуан) салмақтарында ұйымдастырылды.
22 кг салмақ дәрежесінде І орынды – Көпбай Досаман, ІІ орынды – Жәнібек Аян, ІІІ орынды – Нүсіп Расул иемденді.
30 кг салмақта І орынды – Көмек Жансерін, ІІ орынды – Тәкен Иляс, ІІІ орынды – Сағынтай Кәусар иемденді.
45 кг салмақ дәрежеінде І орынды –Әбдіраман Саят, ІІ орынды – Мәуленқұл Темірлан, ІІІ орынды – Қабол Марғұлан иемденді.
+45 кг салмақ дәрежесінде І орынды –Сейілхан Әлібек, ІІ орынды – Балтабеков Иман, ІІІ орынды – Теңізбай Алдияр иемденді.
І, ІІ, ІІІ орын алған жеңімпаз спортшылар бағалы сыйлықтармен марапатталды
Ересектер арасында түйе палуандар анықталды. І орынды - Тәжіғұл Ердос (20 000 тг.), ІІ орынды – Рахманбаев Айбек(10 000 тг.), ІІІ орынды Кенжегараев Куаныш (5 000 тг.) иемденді. 
Қол күресінен: І орынды – Искаков Думан, ІІ орынды – Тәжіғұл Ердос, ІІІ орынды – Кадыр Айбек иемденді.
Гир көтеруден І орынды – Рахманбаев Айбек, ІІ орынды – Көкетаев Ернар, ІІІ орынды – Гаринович Константин иемденді.
Спорттық ойындардың демеушісі кентіміздің жеке кәсіпкерлері Абикеев Мадияр және Шуженов Мурат. 
Сарышаған кенті әкімінің аппараты және Сарышаған кентінің Мешіті демеушілік көрсеткен жеке кәсіпкерлерге алғысын білдіреді.


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района