в актогае 32
USD 383.43
EUR 432.47
RUB 6.12
Мобильная версия

Жаңалықтар

 

 

 

Ақтоғай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері суға шомылу маусымындағы профилактикалық жұмыстар жүргізді

Жаз мезгілінде өзен, көлдердің жағасында уақыт өткізген жақсы ғой. Жағажайда демалып қана қоймай, денсаулықты да нығайтуға болады. Суға шомылу, күннің көзіне қыздырыну адамды сергек етеді және жұмысқа қабілетіңді арттырады. Алайда суға шомылу кезінде қарапайым ережелерді сақтамасақ, келеңсіз жағдайларға тап болуымыз мүмкін.
Суға шомылу маусымында болатын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Ақтоғай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Балқаш қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, Ақтоғай ауданының аумағында орналасқан Тораңғылық, Шұбартүбек кенттеріндегі жағажайларда демалушылармен түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Жұмыстар барысында демалушыларға жаднамалар таратылып, әңгімелер жүргізілді.

Ақтоғай ауданы ТЖБ-нің бас маманы 
азаматтық қорғау майоры Е. Онгаркулов

 


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района