в актогае 15
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
Мобильная версия

Жаңалықтар

 

 

 

Аудандық әкімдікте кеңейтілген аппараттық кеңес болып өтті.

Аудандық әкімдікте кеңейтілген аппараттық кеңес болып өтті. Кеңестің күн тәртібінде: барлық салалар бойынша жедел және ағымдағы жағдай туралы және аудан бойынша денсаулық саласын дамытуда атқарылып жатқан жұмыстар мен алда тұрған міндеттері айқындалды. Бірінші мәселе бойынша барлық салалар бойынша ағымдағы жедел және ағымдағы жағдай туралы Ақтоғай ауданы әкімінің салалық орынбасарлары қысқаша баяндама жасады. Яғни атқарылып жатқан жұмыстар, оның ішінде қандай жұмыстар орындалмай отыр, оларды орындау бағытында қандай шаралар атқарылады, қысқа да нұсқа баяндама жасады. 
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша : аудан бойынша денсаулық саласын дамытуда атқарылып жатқан жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы аудандық орталық аурухана директоры Абдигулов Саттар Маратулы слайд арқылы жасалған жұмыстары мен алдағы мақсаттарын толыққанды түсіндірме жасады. Сонымен қатар аудан бойынша әлеуметтік аурулар (туберкулез, қатерлі ісік) деңгейін азайту, оның алдын алу жөнінде қандай профилактикалық шаралар жүргізілуі туралы және алдағы бір айда келетін жылжымалы дәрі-дәрмекпен қамту, оның ішінде тегін және жеңілдетілген дәрі- дәрмектер мен медициналық көмек көрсетуі жөнінде баяндама жасады. 
Жалпы атқарылған жұмыстарға сараптама жасалып, баға берілді. Аудан әкімі осы іс-шара аясында әлі де біршама жұмыстар жасалуы туралы тапсырмалар берді.


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района