в актогае 15
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
Мобильная версия

Жаңалықтар

 

 

 

Бүгін Қазақ елі үшін тарихи сәт

Бүгін Қазақ елі үшін тарихи сәт. Кезектен тыс өтіп жатқан Президент сайлауына Ақтоғай ауданының жұртшылығы да белсенді түрде ат салысуда. 
Таңертеңмен жүректі тербер патриоттық әндер әр сайлау учаскесінде әуелете ойналып, өз сайлаушыларын белсенділікпен дауыс беруге шақыруда. 
Аудан орталығында орналасқан № 448, №149 сайлау учаскесінде дауыс беру шарасы Мемлекеттік Әнұранмен басталды. 
Ең алғашқы болып Мейір Райхан дауыс берсе, қарт сайлаушы Мәнура Қапасова, жас сайлаушы Дәуірбек Абильдин өз таңдауларын жасады, сонымен қатар сөз сөйлеп,тілектестіктерін білдірді.
Аудандық мәдениет үйінің қызметкелері сайлаушыларға мерекелік концерт ұсынса, аудан кәсіпкерлері буфет ұйымдастыруда.


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района