в актогае 32
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
Мобильная версия

Жаңалықтар

 

 

 

Бүгін 4 маусым ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай Ақтоғай ауданында мерекелік жиын өтті.

Бүгін 4 маусым ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай Ақтоғай ауданында мерекелік жиын өтті. Әр қазақстандықтың жүрегіне отансүйгіштік, патриоттық сезім ұялатар, тарихи санасына тәуелсіздік идеясын рәміздердің қоғамда алатын орны ерекше. Тәуелсіздігімізді тұғырлы қылып, еліміздің символы - мемлекеттік рәміздерді қастерлейтін, құрметтейтін күні ауыл жастарынан жасақталған "Рәміздерім - ұлтымның мақтанышы" атты ауылдық мото және авто шеру өткізілді. Мерекелік жиын барысында ортаға мемлекеттік рәміздер, мемлекеттік ту, елтаңба әкелініп, әнұран орындалды. Аудан әкімі Әбеуова Салтанат Мірәсілқызы өзінің жүрекжарды тілегін білдіріп, құттықтады. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары арасында "Арманға жол" атты ІІ-ші мәрте өткізілген алыс қашықтықта жүгіру марафоны өтті. Аталмыш марафонның жеңімпаздарына арнайы марапаттар тапсырылды. Мерекелік іс-шарада патриоттық әндер орындалып, құлақ құрышын қандыратын әсем әннен шашу шашылды. "Елім деген ер болмаса, ерім деген ел болмайды"- демекші хас шебердің қолымен жасалғандай ұлттық тарихымыздың символы, халқымыздың асыл арманы, мақсат-мұраты бейнеленген мемлекеттік рәміздерімізге деген елдің құрметі қашанда биік болсын!


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района