в актогае 32
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
Мобильная версия

Жаңалықтар

 

 

 

Ақтоғай ауылы "Ансар" бизнес орталығында 1 маусым Халықаралық балалар күні мерекесіне орай балалар ойын-сауық кешенінің ашылу салтанаты өтті

Ақтоғай ауылы "Ансар" бизнес орталығында 1 маусым Халықаралық балалар күні мерекесіне орай балалар ойын-сауық кешенінің ашылу салтанаты өтті. Бұл рәсім ауылдың барлық балаларына ерекше қуаныш сыйлады. Жаңа ойын алаңын аудан әкімі Салтанат Мірәсілқызы құттықтау сөз сөйлеп, халыққа қызмет көрсетіп жатқан арда азаматтарға алғысын білдірді. Дәл осындай құттықтаумен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М. Сәрсенбеков тілек білдірді. Сонымен қатар ауыл балаларына қуаныш сыйлаған, кәсіпкер М.Көкеев барша келген қонақтарға ізгі ниетпен сөз сөйледі. 
Балалар ойын сауық кешенінің лентасын аудан әкімі мен ауыл әжесі қиды.
Мерекедегі іс-шараға жиналған жұтшылық пен бүлдіршіндер ойын-сауық кешеніне жарыса, ойынға құмары қанбаған балалар залдың ішіне сыймай, таласа кіруде. 
Алдағы уақытта осындай ауданымызда осындай ойын-сауық кешендері өз жалғасын табады деген үміттеміз.


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района