в актогае 15
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
Мобильная версия

Жаңалықтар

 

 

 

Мерекеде ауыл жастары көпбалалы анаға 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады

Биылғы жыл "Жастар жылы" болып белгіленіп, соның аясында ауданымызда игі істер, нақты қадамдар жасалынып жатыр. Бүгінгі таңда осындай ұстанымды алға қойған ауыл жастары, 1982 жылы туған, 1999 жылы мектепті бітіріп, болашаққа қанат қаққан түлектерге биыл 20 жыл толып отыр. "Туған елге- тағзым" демекші, жырақта жүрсе де туған еліне, жеріне келіп бастарын қосып, мектеп бітіргендеріне 20 жыл мерейлі мерекесін атап өтіп жатыр. Осы 20 жылдық аясында мектепке өз қаражаттарына музыкалық аппараттар және басқа да сый-сияпаттар жасап, ауыл тұрғындарына қасиетті рамазан айында ауызашар дәм беріп және де ең үлкен игі іс ауыл тұрғыны, көпбалалы жалғыз басты ана Полатова Зульфияға өз қаражаттарына баспана сыйлады. Аталмыш игі іске аудан әкімі Салтанат Мірәсілқызы сөз сөйлеп, мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған түлектерге алғыс білдірді. 
Ал келесі құттықтау 20 жылдық мектеп бітірген түлектердің атынан Мұхамедиев Нұрым сөз сөйлеп, көпбалалы анаға 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. 
Игі іске жиылған көпшілік шашу шашып, пәтердің жаңа иесіне өз құттықтауларын жеткізіп жатыр. Алдағы уақытта ауылымызда осындай игі іс жалғасын тауып, ауылымыз көркейе берсін!


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района