в актогае 15
USD 378.90
EUR 422.74
RUB 5.87
Мобильная версия

Жаңалықтар

 

 

 

Қызыларай ауылдық округінде дәстүрлі тоспа доп турнирі өтті

Мерекелік күндер аясында Қызыларай ауылдық округінде жылдағы дәстүр бойынша Ауған соғысының құрбаны, интернационалист-жауынгер, "Қызыл Жұлдыз" Орденінің иегері Серікбай Оразалин атындағы дәстүрлі тоспа доп турнирі өз жалауын желбіретті. Дәстүрге айналған тоспа доп додасын аудандық мәслихаттың хатшысы Р. Әбеуов құттықтау сөзбен ашты. Одан әрмен батырдың анасы Шарбан Бекмағанбетова анамыз батыр ұлдарын еске алып, турнир өткізіп жатқан қызыларайлықтарға, оның ішінде Серікбайдың жандосы, сыныптасы СЕРІК ҚАСЫМБЕКОВКЕ ерекше алғыс айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. 
Осымен 16- рет жалауын желбіретіп отырған тоспа доп турнирі басталып кетті. 
Шара аяқталысымен жиналған жұртшылық Ұлы Жеңістің 60 жылдығы атындағы саябақта С. Оразалиннің құрметіне қойылған тақта тасқа гүл шоқтарын қойып, құран бағыштады. 
Аты шартарапқа жайылған, еліміздің өзге аймақтарының тоспадопшылары қатысып жүрген ала доп аламанына биыл, тек аудан спортшылары қатысты. Жарыс өте тартымды өтті. Жеңімпаздарға жерлесіміз "Жібек жолы" ЖШС-нің директоры Серік Қасымбеков демеуші болып,дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапаттады. 
Толық мәліметті аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района