в актогае 15
USD 378.90
EUR 422.74
RUB 5.87
Мобильная версия

Жаңалықтар

 

 

 

Ақтоғай ауыл тұрғындары Ұлы Отан соғысының құрбандары мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті

Алаш алаңына 9 мамыр күні таңертеңнен жиналған ауыл тұрғындары Ұлы Отан соғысының құрбандарын және тылда жандарын аямай қажырлы еңбегімен үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсетіп, соғыстың отты жылдарын еске алды. Орталық алаңнан Кеңес Одағының Батыры Қазбек Нұржанов атындағы саябаққа дейінгі көше бойында мектеп оқушыларынан құралған " Мәңгілік полк" сап түзеді. Қолдарына ауданымыздан шыққан майдангер әкелеріміздің портреттері. 
Аудан әкімі С. Әбеуова, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген тыл ардагерлері, аудан жұртшылығы Кеңес Одағының Батыры Қазбек Нұржанов атындағы саябақтағы майдангер әкелерімізге қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қойған соң, Отан үшін шейіт болғандар үнсіздікпен еске алынды. 
Жеңіс мерекесі құрметіне үшдүркін автоматтан залп берілді.
Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған жиында аудан әкімі С. Әбеуова, тыл ардагері М. Сәтеков, батыр Қазбек Нұржановтың немересі 
Марат Нұржанов құттықтау сөз сөйлеп, мерекемен жұртшылықты құттықтады. 
Тыл ардагерлеріміз Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. 
Жеңіс күнінде аудандық "Ардагерлер ансамблі" және аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мерекелік концерт қойды.
Мереке соңы спорттық шараларға ұласты.


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района