в актогае 32
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
Мобильная версия

Жаңалықтар

 

 

 

Сәуір айының 13 жұлдызында аудандық мәдениет үйінде мазмұнды шара өтті.

Сәуір айының 13 жұлдызында аудандық мәдениет үйінде мазмұнды шара болып өтті. Егеменді елімізді жаудан қорғап қалған батырлардың ерлігі мен бейбіт өміріміздің тыныштығын қорғап жүрген азаматтарымызды таныту мақсатында және Ұлы Отан соғысының батырлары Қазбек Нұржанов пен Нүркен Әбдіровтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған Ақтоғай агро-техникалық колледжінің түлектерінің қатысуымен "Ерліктің қос қыраны" атты мерекелік кеш көрініс тапты. Кешке 1989 жылы №14 орта кәсіптік-техникалық училищесін тәмәмдаған түлектер: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің полковнигі М.Ибрахим, "Т.Қалмағанбетов атындағы Жезқазған филармониясының" әншісі Қ.Әбеуов, Ақтоғай ауылының тумасы, батыр бабамыздың ұрпағы Т.Нұржанов сынды ауданымыздың арда азаматтары арнайы келіп қатысты. Мерекелік шара бір сәт үнсіздікпен қос батырдың рухына тағзым етумен басталды. Артынша ауылымздың өнер тарландары жыр шашуымен осы кештің шымылдығын түрді. Келесі кезекте сөз алған аудан әкімінің орынбасары А.Аманжолов осындай игі шараға түрткі болған колледж түлектеріне ақжарма алғысын айтты. Осылайша бастау алған келелі кеш ауданымыздағы аграрлық-техникалық колледжден түлеп ұшқан М.Ибрахим мен Қ.Әбеуовтардың өнерімен өрбіді.


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района