в актогае 21
USD 378.01
EUR 420.88
RUB 5.84
Мобильная версия

Жаңалықтар

 

 

 

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Ақтоғай ауданына қарасты Шашубай кентінде «Қазақ еліне – мың алғыс» атты мерекелік іс-шара болып өтті

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Ақтоғай ауданына қарасты Шашубай кентінде «Қазақ еліне – мың алғыс» атты мерекелік іс-шара болып өтті.

Өзге ұлт өкілдері бас қосқан шараға этно-мәдени бірлестік өкілдері, Саршыған, Тораңғалық елді мекендерінің өнерпаздары, Шашубай кентінің әкімі Д.Исбеков, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Р.Тусупбеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы К.Турганбеков, кент жастары белсенді түрде қатысты.

Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты. Онда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы К.Турганбеков «Елбасының жарлығымен қабылданған бұл атаулы күннің мәні ерекше, маңызы жоғары» деп, барша халықты мерекемен құттықтады. 

Шара барысында қазақ, орыс, украин, өзбек халықтарының ұлттық әндері мен билері орындалды.


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района