в актогае 21
USD 378.01
EUR 420.88
RUB 5.84
Мобильная версия

Жаңалықтар

 

 

 

Ақтоғай ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке жасы толмағандардың істері және құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 25 жұлдызында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Ақтоғай ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке жасы толмағандардың істері және құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. 
Аудан әкімінің орынбасары А.Аманжоловтың төрағалығымен өткен жиында күн тәртібіндегі өзекті деген 5 мәселе қаралды. Мәні бар мәжіліске ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Сыздықов, полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі учаскелік инспекторы Э.Тажибаева және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, өнер мектебі, сондай-ақ, ішкі саясат бөлімінің басшылары қатысты. 
Күн тәртібіндегі «Кәмелетке толмағандар арасындағы діни және экстремистік көріністердің профилактикасы туралы. Аудандық колледжде оқитын кәмелетке толмағандармен жұмысты жандандыруға бағытталған жоспарларды іске асырудың барысы туралы» өз ақпарында ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Тұрғанбеков 2018-2019 жылдарының екі ай аралығында атқарған жұмысы туралы баяндады. Келесі кезекте «Өнер мектебінің қосымша білім беру жұмысы жайлы, оларға оқушылардың қамтылуы туралы» аталмыш мектептің басшысы Б.Ақбаева бүгінгі таңда мектептен тыс қосымша білім беріп отырған өнер мектебінде 332 оқушы оқып жатқанын, 204 оқушы аудан басында болса, қалған 128 оқушы селолық округтерде білім алып жатқанын жеткізді. Қосымша білім беру аясын кеңейту мақсатында ауданның жалпы білім беретін мектептерінен өнер мектебінің сыныптары ашылғанын айта келе Б.Құлжанбекқызы оқушылардың өткен жылы қол жеткізген жетістіктерін де тілге тиек етті. Артынша полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторы Э.Тажибаеваның «Соңғы кездері әлеуметтік желілер арқылы жиі таралып жатқан жасөспірімдер арасында орын алған әлімжеттік күш көрсетулердің алдын алу шаралары туралы» мәлімдемесі тыңдалды.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары А.Аманжолов:– Құрметті кеңеске қатысушылар! Бүгінгі жиында бірқатар мәселелерді талқыладық. Біраз ұсыныс-пікірлер айтылды. Бұл жөнінде тиісті тапсырмалар берілетін болады және бұл тапсырмалардың уақытында, сапалы орындалуы жөнінде тиісті мекеме басшылары жауапты болады,– деп түйіндеді.


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района