в актогае 33
USD 383.01
EUR 430.12
RUB 6.10
Мобильная версия

2017 жылдың 1 тоқсанына арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы

Өнеркәсіп  

2017 жылдың қаңтар-наурыз айында аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 8420,7 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (8613,9 млн. теңге) салыстырғанда өсім 97,8% құрады. Нақты көлем индексі 114,9%.

Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 1 ірі  және   3 орта денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен басқармасы» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрайды. Есепті мерзімде аталған 4 кәсіпорынның өндіретін өнімі 7662,6 млн. теңге болып, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімі көлемінің 91% құрады.

Оның ішінде:

- «Алтыналмас» АҚ-ы 7494,9 млн. теңгенің өнімін өндіріп, заттай түрде 646 кг немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен (592 кг) салыстырғанда 109,1% құрады.

- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен басқармасы» кәсіпорыны бойынша 101,7 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (109,6 млн. теңге) 92,8% құрады. Азаю себебі: шикізатқа тапсырыс беруші «Арселор Миталл Теміртау» АҚ-нан тапсырыс көлемінің азаюынан.

- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 63,2 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 125,1% (50,5 млн. теңге) құрады. Заттай түрде балық филесі 33,3% өсті, кептірілген балық 43,8%, мұздатылған балық 46,9% төмендеген. Азаю себебі: балық аулау аумағында балық санының азаюынан.

-Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 2,8 млн. теңгенің қызметі көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (2,7 млн. теңге) 103,7% құрады.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығында өндірілген өнім қаржылай есеппен 2017 жылдың қаңтар-наурыз айында 924,3 млн. теңгені құрап, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 110,2% құрады (838,8 млн. теңге). Нақты көлем индексі 105,4%.

Ет өндірісінен мал мен құс түрлерінен сойыс және тірідей салмақта өткізу 830,7 тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (806,8 тонна) 103%, сүт өндірісі 3751,8 тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (3343,3 тонна) 112,2%, тауық жұмыртқасы 282 мың дананы немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (234,8 мың дана) 120,1% құрады.

2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда мал басы түлік түрлері бойынша ірі қара 52113 бастан 55966 басқа немесе 107,4%, жылқы 19547 бастан 20900 басқа немесе 106,9%, құс 16136 бастан 16359 басқа немесе 101,4% өсіп, ал қой-ешкі 126066 бастан 109025 басқа немесе 86,5% құрады. Оған негізгі себеп өткен жылғы қыс мезгілінің ұзаққа созылуы және ауа-райының құбылмалы болуына байланысты. Сонымен қатар, шикізат өнімдеріне бағаның төмен болуына және кететін шығындардың орнын жаба алмауына байланысты ауыл шаруашылығы субъектілерінің ұсақ мүйізді мал басын дамытуға қызығушылық танытпауынан.

 

         Инвестиция

Есепті мерзімде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1539,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (315,3 млн. теңге) салыстырғанда 488,3% құрады. Нақты көлем индексі 469,5%. Өсім Алтыналмас кәсіпорынан пайдалы қазбалардың барлау жұмыстарына салынған қаржы есебінен.

 

Тұрғын үй құрылысы бойынша 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында іске қосылған  тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1462 шаршы метр немесе жоспардың (1965 шаршы метр) 74,4% құрады. Нақты көлем индексі 171,6%. Жалпы құрылыс жұмыстарының қаржылай көлемі 231,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (129,5 млн. тенге) 179% құрады. Өсім 2016 жылдың желтоқсан айында және 2017 жылдың қаңтар айында құрылыс жұмыстарының аяқталу есебінен.

 

          Қаржы саласында аудан бюджетіне қаңтар-наурыз айларында түскен салық түсімдерінің көлемі 319,9 млн. теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (302,5 млн. теңге) салыстырғанда 17,4 млн. теңгеге артық түсіп, 105,8% құрады.

        

         Кәсіпкерлікті дамыту

Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1099, бұл 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1128 субъекті) 97,4% құрады. Төмендеу себебі: шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің ішінара жұмысын тоқтатуынан.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 250,4 млн. теңге немесе 2016 жылдың сәйкес мерзімімен (214,2 млн. теңге) салыстырғанда 116,9% құрады. Нақты көлемі индексі 103,3%.

 

Әлеуметтік сала бойынша есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 124 адам, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (124 адам) 100%.

Жұмысқа орналастырылғандар саны 49 адам, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (36 адам) 136,1% құрады.

Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 25 адам, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (25 адам) 100% құрады.

 

Денсаулық саласы

2017 жылдың қаңтар-ақпан айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 10,75 немесе 2016 жылдың сәйкес мерзімімен (14,76) салыстырғанда 72,8% құрады.

Өлім коэффициенті 7,28 немесе 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (4,81) 151,4% құрады.

Нәресте өлімі  тіркелмеген.

 

Білім саласы

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 881. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 705 немесе аудан бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың 80% қамтылып отыр.

Білім саласы бойынша оқушылар саны 2896, компьютер паркі 698 компьютерді құрады. 1 компьютерге 4,0 оқушыдан келеді.

 

Құқық қорғау саласы

Аудан бойынша есепті мерзімде тіркелген қылмыс саны 23, бұл 2016 жылдың сәйкес мерзімімен (39) салыстырғанда  41% төмендеген.

Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі 7

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района