в актогае 32
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
Мобильная версия

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-тармағы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізімінде № 11342 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы
10 шілдеде жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтыруларды енгізу:

1-тармақта:

«Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау» атты көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік қызметтің стандартында:

3-тармақты келесі редакциядағы 2) тармақшамен толықтыру:

 «2) жәрдемақыны тағайындау және тағайындалған жәрдемақы туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал).»;

4-тармақта:

1) тармақшаны келесі редакцияда көрсету:

«1) порталға, Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде құжаттар пакетін Мемлекеттік корпорацияда тіркеу мезетінен бастап – 7 (жеті) жұмыс күн;»;

5 тармақты келесі редакцияда көрсету:

«5. Көрсетілудегі мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық/қағаз нұсқада.»;

8-тармақты келесі редакциядағы 2) тармақшамен толықтыру:

«2) жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда – порталда тәулік сайын (қызмет тұтынушы жұмыс уақыты біткеннен кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінсе, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).»;

9-тармақта:

бірінші абзацты келесі редакцияда көрсету:

«9. Қызмет алушы (немесе нотариалды түрде куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде мүгедек-баланы асыраушыға жәрдемақы тағайындау үшін мемлекеттік қызметтің осы стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және келесі құжаттарды ұсынады:

Мемлекеттік корпорацияға:»;

келесі мазмұндағы оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтармен толықтыру:

«порталға:

жәрдемақы тағайындау үшін – мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға өтініш «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметтің осы стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

жәрдемақыны тағайындау туралы ақпаратты алу үшін – қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс.

Тұрғылықты мекенжайын растайтын құжаттардың, бала (балалардың) туылуы туралы куәліктің мәліметтері немесе 2007 жылғы 13 тамыздан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген тіркеулер бойынша туу туралы актілік жазбадан, 2008 жылғы 1 маусымнан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген тіркеулер бойынша неке қию (некені бұзу) туралы куәліктен үзінді, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) орнатуды немесе асырап алуды растайтын, оған қоса, баланың мүгедектігі туралы анықтаманы қызмет алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.».»;

келесі мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтыру:

«портал арқылы – қызмет алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранысты қабылдау туралы статус көрсетіледі.»;

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакциядағы 1-1 қосымшасымен толықтыру;

Аталған бұйрықпен бекітілген «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартын алып тастау;

Аталған бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартын осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда көрсету;

Аталған бұйрықпен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» Мемлекеттік қызмет стандартында:

3-тармақты келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтыру:

«5) «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемемен (бұдан әрі – Орталық);»;

4-тармақтың 1) тармақшасын келесі редакцияда көрсету:

«4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) қызмет алушыға, Орталыққа, ауылдық округ әкіміне, Мемлекеттік корпорацияға және порталға құжаттар пакетін тапсыру мезетінен бастап –
15 минут;»;

8-тармақты келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтыру:

«5) Орталықтың  - с 08.30, 9.00 сағаттан 18.00, 18.30 сағатқа дейін түскі үзіліспен 12.30, 13.00 сағаттан 14.00, 14.30 сағатқа дейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес;

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін 13.00-14.30 сағат аралығындағы түскі үзіліспен.

Мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.»;

9-тармақта:

екінші абзацты келесі редакцияда көрсету:

«қызмет берушіге, Орталыққа, ауылдық округ әкіміне немесе Мемлекеттік корпорацияға: қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат.»;

алтыншы абзацты келесі редакцияда көрсету:

«Қызмет беруші, Орталық, Мемлекеттік корпорация егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгесі қарастырылмаса, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде бар мәліметтерді пайдалануға қызмет алушының жазбаша келісімін алады.»;

10-тармақты келесі редакцияда көрсету:

«10. Қызмет алушы мемлекеттік қызметтің осы стандартының 9-тармағымен қарастырылған тізбеге сәйкес толық емес және (немесе) әрекет ету мерзімі өтіп кеткен құжаттар пакетін ұсынған жағдайда мемлекеттік қызметтің осы стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.»;

3-тараудың атауын келесі редакцияда көрсету:

«3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ауылдық округ әкімінің, Орталықтың, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;

11-тармақта:

бірінші абзацты келесі редакцияда көрсету:

«11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың, ауылдық округ әкімінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына шағым беріледі.»;

төртінші және алтыншы абзацты келесі редакцияда көрсету:

«Мемлекеттік корпорация қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация, Орталық басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.»;

«Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің, Орталықтың немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.»;

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакциядағы 3-қосымшамен толықтыру;

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау;» мемлекеттік қызметінің Стандартымен толықтыру;

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың
1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы
А. Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі                                              Т. Дүйсенова

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және

коммуникациялар министрі

 

_____________ Д. Абаев

____ ________ 2017 жыл

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

 

_____________ Т. Сүлейменов

____ ________ 2017 жыл

 

Қазақстан Республикасы                                  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына

2 - қосымша

2017 жылғы «__» _____

№ ____

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына 18-қосымша

 

 

 

«Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Атаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқару органдары бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті көрсетуші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау:

      1) Халыққа жұмыспен қамту орталықтары (бұдан әрі – Орталық) ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және осы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;

2) кенттің, ауылдың, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) – көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда, тұрғылықты жері бойынша.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

 1) көрсетілетін қызметті берушіге, Орталыққа жүгінген кезде құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні;

Ауылдық округ әкіміне құжаттардың топтамасын тапсырған күннен бастап –  22 күн (жиырма екі) жұмыс күні;

2) Орталықта, ауылдық округ әкімдігінде құжаттардың топтамасын тіркеуді күтудің ең ұзақ шекті уақыты – 30 минут;

3) Орталықтың, ауылдық округ әкімінің қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 30 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Орталықта –   сағат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ге дейін, түскі үзіліспен сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін.

2) ауылдық округ әкіміне – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау кестесі: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

Орталыққа, ауылдық округ әкіміне:

1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты куәландыратын құжат, туу туралы куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәландыру құжаты, шетел азаматының тұруға ыхтиярхаты) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет), ал оралмандарға – сәйкестендіру үшін оралман куәлігі;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы құжаттар;

3) атаулы әлеуметтік көмек төлейтін құзыретті органға банктік шот номірі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылдың 13 тамызына дейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (қайтыс болған туралы) куәлігі;

5) Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдың 1 маусымына дейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың туу туралы куәлігіндегі өтініш берушінің деректері тіркеу туралы куәлік жасау (бұзу) неке деректер сәйкес келмеген жағдайда;

Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдың 1 маусымына дейін баланың туу туралы куәлігіндегі өтініш берушінің деректері тіркеу туралы куәлік жасау (бұзу) неке деректер сәйкес келмеген жағдайда;

6) мемлекеттік базалық зейнетақы Қағидаларының 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтама беру, сондай-ақ  зейнетақы төлемдерін тағайындау және төлеу, мүгедектігі бойынша әлеуметтік төлемдер, асыраушысынан айрылу және жасына байланысты атаулы мемлекеттік жәрдемақыларды құзыретті органдардың бюджет қаражаты есебінен беру 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінде № 11110 тіркеген), егер балалары он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқыса, оқу орнынан жылына бір рет сұралады.

Жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларына қатысушы еңбекке қабілетті отбасы мүшелері қоса береді:

жұмыс іздеп жүрген адам ретінде мемлекеттік қызмет стандартының  нысанының 2-қосымшасына сәйкес бойынша адамдарды Тіркеу «жұмыс іздеуші» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу № 11342);

еңбек қызметін растайтын құжат (болған жағдайда);

білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіби дайындығы туралы құжат (бар болған жағдайда).

Он алты жасқа толмаған тұлғаның атынан жазбаша түрде еркін нысанда ата-анасының біреуі немесе оның заңды өкілдерінің келісімі туралы еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған өтініш беріледі; 

Құжаттар өтініш берушімен салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынылады.

 «электрондық үкімет» шлюзі арқылы Орталықпен немесе әкіммен осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтер сұратылады.

Әкімнің немесе Орталықтың ақпараттық жүйелеріне қолжетімділігі болмаған жағдайда, өтінім берушімен қосымша көрсетілген құжаттарға осы тармақтың бірінші бөлігінде қоса беріледі:

1) отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін (мекенжай анықтамасы) растайтын құжат;

2) Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулерден кейін баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (қайтыс болған);

3) Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымынан кейін жүргізілген тіркеулерден кейін некені тіркеу туралы куәлігі (бұзу) деректер сәйкес келмеген жағдайда өтініш берушінің деректерінде баланың туу туралы куәлігіндегі мәліметтер;

4) қамқоршылықты (қорғаншылықты) белгілеуді немесе бала асырап алу), қорғаншылық (қамқоршылық) немесе бала асырап алғанын растайтын құжат;

5) мүгедектігін белгілейтін анықтама – мүгедектігі анықталған жағдайда;

6) жеке кәсіпкер статусын куәландыратын құжат.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқасы қарастырылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының келісімін Орталықтың, ауылдық округ әкімін жазбаша келісімін алады.

Қызмет алушыға барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетіледі:

Орталықта, селолық округі әкімінде тұлғаның құжаттарды қабылдағанның тегі мен аты-жөні, тіркеу күні мен мемлекеттік қызметті алу күні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны болады;

 

10. Қызмет алушының ұсынған құжаттар топтамасы осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының тізбесінің 9-тармағына сәйкес болмаған жағдайда немесе құжаттың қолданылу мкерзімі өтіп кеткен жағдайда, Орталық қызметкерімен өтінішті қараудан бас тарту туралы осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты нысанының 4-қосымшасына сәйкес қолхат беріледі.

10-1. Қызмет көрсетуші мынадай негіздемелер бойынша өтінішті қабылдаудан бас тартады:

1) мемлекеттік қызметті тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың немесе оның ішіндегі мәліметтерде дұрыс еместігін анықталған жағдайда;

2) «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 11425 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) деректері және мәліметтері Қағидаларда белгіленген атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады.

10-2. Қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартса, осы Стандартта белгіленген тәртіппен қызмет алушы мемлекеттік қызметті қайта алу үшін қайта жүгінуіне болады.

 

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің  көрсетілетін шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    

11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің  мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, шағымдануда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының  14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың, Астана, Алматы қалаларының әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына шағым беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе мемлекеттік қызмет көрсеткен не Астана, Алматы қалаларының әкімдіктің (бұдан әрі – әкімдік) атына кеңсе арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымның қабылданғанын расталғаны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе, немесе әкімдіктің (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні), аты-жөнін көрсете отырып, шағымды қабылдаған адамның орны мен мерзімі, берілген шағымға жауап алу болып табылады.

Қызметкері дұрыс емес қызмет көрсеткен жағдайда Орталықтың басшысының атына шағым беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

 Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

 Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын
өзге де талаптар

 

     

13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған;

 14. Қызмет алушы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі, қызмет көрсетушінің анықтамалық, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы  қызмет алу мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Арнайы әлеуметтік мемлекеттік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымша

 

Нысан

 

 

Арнайы әлеуметтік мемлекеттік көмекті тағайындауға өтініш

 

Халықты жұмыспен қамту  орталығына______________________

                                                                  (аудан, облыс, елді-мекен)

Азамат(ша) ____________________________________

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы: ________________ облысы ___________ қаласы (ауданы) ___________ ауылы ________ көшесі (шағын ауданы) ______ үй ________пәтер

 

Жеке сәйкестендіру нөмірі: _________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: _______________________   Құжаттың сериясы: ______ құжаттың нөмірі: ______ кім берген: ______

Берілген күні: ______ жылғы «______» ________

 

Маған (менің отбасыма) _____ адамнан тұратын атаулы келесі түрдегі әлеуметтік көмекті тағайындауды/ ұзартуды (қажетінің асты сызылсын)  :

                                                                                                            

 

 

                                                                                                      (белгілеуге)

шартсыз ақшалай көмек

 

шартталған ақшалай көмек

(бір рет/ай сайын)

                                    (қажетінің асты сызылсын)

 

сондай-ақ, мені және (немесе) менің отбасымдағы еңбекке қабілетті мүшелерін белсенді жұмысқа араласуына жіберуді сұраймын.

Сонымен қатар маған және менің отбасы мүшелеріме әлеуметтік бейімделу шараларын ұсыну мүмкіндігін қарастыруды сұраймын.

Менің отбасы құрамым келесідей:

 

 

         Бір мекенжайда тіркелген отбасы мүшелері

Жеке сәйкестендіру номірі

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Туыстық қарым-қатынасы

Статусы (жұмысы бар, жұмысы бар зейнеткер,

жасына байланысты зейнеткер, мүгедек, жұмыссыз, бала күтіміне байланысты демалыста, үй шаруашылығында, студент, оқушы, мектепке дейінгі жастағы бала)

Жұмысы бардың жұмыс орны, оқу орны, мектепке дейінгі жастағы баланың баратын орны)

15 жастан жоғары тұлғалардың білімі  (мамандығы, дипломы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа мекенжаймен тіркелген отбасы мүшелері туралы мәліметтер*:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

 

Ескертпе:

·        бір шаруашылық жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекеннің шегінде тіркелген отбасы мүшелері көрсетіледі.

 

Отбасымның 20__ жылдың ___ жылдығындағы кірісі мынадай:

Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жұмыс орны, оқу орны

Кіріс сомасының құжаттарымен расталған

Өзге де мәлімделген кірістер

Еңбекақымен

Зейнетақы, жәрдемақы және басқа да төлемдер

Шәкіртақы

Алименттер

кәсіпкерлік қызмет басқа қызмет түрлерінен

Кірістің басқа түрлері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отбасымның мүшелері туралы ақпаратты (мені қоса алғанда) (табыстар, білім беру, тұрғылықты жері, отбасы жағдайы) пайдалануға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құқылы екендігіме, сондай-ақ мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде тиісті ақпаратты жинауға, өңдеуге келісім беремін.

Менімен берілген мәліметтер құпия болып табылатындығы және тек қана үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру үшін қолданылатындығы туралы хабардармын.

Менімен берілген мәліметтер өзгерген жағдайда, бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндеттелемін.

Жалған мәлімет және дәйексіз (жасанды) құжаттарды ұсыну туралы жауапкершілік ескертілдім.

Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан  төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк  шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осы шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп  алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардармын.

Өтініш берушінің байланыс деректері:

үй телефоны ________ ұялы телефон _______ Е-mail __________

өтініш берген  күні: 20__ жылғы «___»__________

Өтініш берушінің қолы _______________________________________________

құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

Өтініш берушінің (отбасының) тіркеу номірі _________

 

Қоса берілген құжаттармен бірге өтініш учаскелік комиссияға берілді:

 «__»__________  20__ жылғы _______________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), құжатты тапсырған тұлғаның қолы)

 

Өтініш қоса берілген құжаттармен бірге қабылданды, учаскелік комиссия «__»__________ 20__ жылғы _______________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы мүше құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия)

Қоса берілген құжаттармен бірге өтініш алынды учаскелік комиссия: «__»__________ 20__ жылғы _______________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы тұлғалар тапсыратын құжаттар)

Құжаттарды қабылдау мерзімі өтініш берушінің аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ халықты жұмыспен қамту Орталығы «___»_____ 20___ жыл _______________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, қолы тұлғалар тапсыратын құжаттар)_______________________________________

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  _ _ _ _ _ _ _ (талонның қию сызығы)

 

Жалған ақпарат және дәйексіз (жасанды) құжаттарды ұсынудағы жауапкершілік туралы ескертілдім. Азамат(ша) _______________ қоса берілген құжаттармен саны____ дана, отбасының тіркеу нөмірімен ________ қабылданды «___» __________20__ жылғы __________________________________________________________________Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, құжаттарды қабылдаған тұлғаның қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Арнайы әлеуметтік мемлекеттік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2-қосымша

 

Нысан

 

 

 

Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәліметтер
 

Жеке қосалқы шаруашылық объектісі

Өлшем бірлігі

Саны

Жасы (үй малы, құс үшін)

Дача

 

 

 

Бау-бақша

 

 

 

Жер учаскесі, оның ішінде үй маңындағы

 

 

 

Шартты жер үлесі

 

 

 

Мүліктік пай (берілген жылы)

 

 

 

Үй малы, құс:

 

 

 

ірі қара мал: сиырлар, бұқалар

 

 

 

биелер, айғырлар

 

 

 

түйе, інген

 

 

 

қойлар, ешкілер

 

 

 

тауықтар, үйректер, қаздар

 

 

 

шошқалар

 

 

 

_______________________________________

(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________ қолы

күні _________________

______________________________ жеке қосалқы шаруашылықтың мөлшерін растаған  аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі немесе өзге де уәкілетті лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) растау туралы мәліметтер ____________________ (қолы)

 

 

 

 

 

 

 

 

«Арнайы әлеуметтік мемлекеттік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 3-қосымша

 

Нысан

 

Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымның ақпараттық жүйесіне сұрау салу.

 

Орталық немесе әкім өтініш берушіге атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттарды қабылдау кезінде өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің ЖСН арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне және (немесе) «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мына мәліметтерді алу үшін сұрау салады:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаты;

2) отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі туралы;

3) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдарға банктік деректемелері туралы ;

4) мүгедектікті белгілеу туралы;

5) Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 шілдеден кейін жүргізілген баланың (балалардың) (қайтыс болған) тууды тіркеулер туралы;

6) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу;

7) бала асырап алу туралы;

8) Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген неке қию (бұзу) тіркеулер туралы;

9) егер адамдар он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін - оқу орнында оқу фактісі туралы;

11) жеке кәсіпкерлік мәртебесі туралы;

12) Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-сынан және ЕДБ АЖ-дан сұратылатын мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың, ЕДБ және «электрондық үкімет» шлюзінің ЭЦҚ-сымен, сондай-ақ сұрау салуды жүзеге асырған Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің немесе өтініш берушінің ЭЦҚ-сымен куәландырылады.

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

1) АЖ – ақпараттық жүйе;

2) ЕДБ АЖ – екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйесі;

3) ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

 

 

«Арнайы әлеуметтік мемлекеттік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 4-қосымша

 

Нысан

 

 

 

 

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау өтінішін қабылдаудан бас тарту туралы қолхат №

 

20__ жылғы «___»_____________

 

Азамат(ша) ________________________________________________________

                            (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні ____ жылғы «___» ____________________

Жүгінген күні 20__ жылғы «___» _________________

 

Төлем тағайындау үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын ұсынбау, қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну себебі бойынша тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тартылды

 

Төлем тағайындау үшін қажетті құжаттардың (мәліметтердің) дәйексіздігіне байланысты тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тартылды.

 

Төлем тағайындау үшін қажетті құжаттардың ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтері, төлемге құқығының болмауы себебі бойынша атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тартылды

 

 

 

__________________________________________________________________

(жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

 

______________________

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы «__» ______№ ____

бұйрығына 3-қосымша

 

«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған алушыны растайтыны туралы анықтама беру» 3-қосымша

 

Нысан

 

 

Халықты жұмыспен қамту орталығының құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы ҚОЛХАТ №____

 

20__ жылғы «___»_____________

 

Халықты жұмыспен қамту орталығы _______________________________

(елді мекені, ауданы, облысы)

Азамат(ша) ________________________________________________________

                            (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні ____ жылғы «___» ____________________

Жүгінген күні 20__ жылғы «___» _________________

 

Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушы тиесілігін растайтын анықтама беруге өтініш қабылдаудан бас тартылды себебі (керегінің астын сызу керек):

 

1) құжаттардың толық топтамасын ұсынбау және (немесе)  қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну себебі бойынша

 

2) құжаттардың және (немесе) мәліметтердің дәйексіздігін анықталғанына байланысты

__________________________________________________________________

(жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

 

 

 

 

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района