в актогае -1
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
Мобильная версия

«Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

 

Ақтоғай ауданының әкімі

2017 жылғы«06» маусым №12 б бұйрығымен бекітілген

 

«Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

 

Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық жағдайларының туындауына жол бермеу мақсатындаәзірленген және бөлім қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасына қол жеткізуге бағытталған.

1.     Жалпы ережелер

1. «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас-жемқорлыққа қарсы стандарттары (әрі қарай – Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы стандарттар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»» Заңының 10 бабына және қоғамдық қарым-қатынастар саласындағы (әрі қарай – қоғамдық қарым-қатынастар) сыбайлас-жемқорлыққа қарсы стандарттарды құрастыру бойынша әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес құрастырылған.

 

2. Қоғамдық қатынастардың жұмыс істейтін адамдарының іс-әрекет стандарты

 

2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

- Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жұмыс жасау;

- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен оларды қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін заңмен белгіленген тәртіпте, мерзімде қарау және қажетті шаралар қолдану;

- мемлекеттік қызметтер және өзге де рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру барысында көзделмеген құжаттардың сұралуына, яғни әртүрлі төрешілдікке (бюрократияға) жол бермеу;

- лауазымдық өкілеттіліктерін орындау барысында саяси партиялар мен қоғамдық және діни қауымдастықтардың қызметтерінен тәуелсіздік және бейтараптық таныта білу;

- нормативтік құқықтық актілерде сәйкес келмеу және әртүрлі түсініктемелер анықталған жағдайда,  нормативтік құқықтық актіні дайындаған құзіретті органға дереу хабарлау;

- мемлекеттік қызметтің тұтынушысы ретіндегі халықтың талаптары мен сұраныстарына бағдарлана отырып, көрсетілетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру үшін әрдайым қажетті шаралар қолдану; 

- лауазымдық өкілеттіліктерін орындау барысында, ҚР Заңдарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, азаматтардың жеке өмірі және ар-намысын қозғайтын мәліметтерді жария етпеу және олардан мұндай ақпарат беруді мұқтаждамау.

2.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:

- өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету;

- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;

- мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру;

- қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау;

- өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалану;

- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;

- шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;

- мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану;

- мемлекеттік қызметкердің құзырына кіретін шешім шығару кезінде, өзімен заңда көрсетілген міндеттерін орындауына қатысты ешқандай материалдық игіліктер, қызмет атқарулар және өзге де артықшылықтар қабылдамау;

- өз өкілдіктерін берілген құқықтары шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес атқару;

- көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша жасырындық сақтау және қызметтік, коммерциялық сырды қамтамасыз ету;

- қызметтік міндеттерді атқару барысында жеке және заңды тұлғалардың қалауына бас имеу, олардың ықпалынан тәуелсіз болу. 

2.3. тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:

- Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау;

- адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік таныту;

- мемлекет мүдделеріне шығын келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмысынабөгет болатын және тиімділігін түсіретін әрекеттерге төтеп беру;

- заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатын қателіктер мен өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу;

- іскерлік әдеп пен ресми тәртіп ережелерін сақтау;

- басқа мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзушылығын болдырмау немесе бетін қайтару бойынша шаралар қолдану;

- ұжымда, әріптестердің ар намысы мен абыройына нұқсан келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан ұстану;

- басшылықтың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті және тексерілген ақпараттар ұсыну;

- меритократия қағидаттарын басшылыққа алу;

- кадрларды іріктегенде Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтау;

         Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы стандарттартардың қағидаттары болып табылады:

1) заңдылық;

2) ашықтық;

3) әдептілік;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас-жемқорлық іс-қимылдардан қорғау;

5) мүдделер жанжалына жол бермеу.

 

 

3. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар

 

- егер мемлекеттік қызметкер жемқорлық туралы ақпаратқа ие болған жағдайда, ол осындай құқық бұзушылықтардың алдын-алу және тоқтату үшін шаралар қолдануы қажет, сонымен қатар жоғары тұрған басшылығын, сол жұмыс жасайтын мемлекеттік орган басшылығын, құзіретті мемлекеттік органдарды хат жүзінде ақпараттандыру. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкер жоғарыда аталған тұлғаларды және органдарды, оның басқа тұлғаларды жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға итермелегені жөнінде хат жүзінде дереу ақпараттандыруы қажет;

- мемлекеттік функцияларын атқаруға үйлеспейтін қызметтер және кәсіпкерлік қызмет атқаруға; жеке және заңды тұлғалардан лауазымдық қызметін атқарғаны үшін сыйақы алуға (сыйлық, ақшалай сыйлық, қызмет көрсетулер, ойын сауық, демалыс, көлік шығынын төлеу және өзге де сыйақылар);

- лауазымдық құзіреттілігін және оған қатысты мүмкіншіліктерді өзіне мүліктік және мүліктік емес пайда табу үшін қолдануға.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района