в актогае 14
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
Мобильная версия

Мемлекеттік сатып алудың орындалысы туралы (26.10.2018)

Аудан бойынша 2018 жылғы нақтыланған бюджет бойынша  тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға бағытталған бюджет қаржысы 2 млрд 992 млн 457,0 мың теңге.

Бүгінгі   күнге  мемлекеттік сатып алудың   веб  порталына  орналастырылған мемлекеттік  сатып  алу   2  млрд  815  млн 887  мың теңге.

Яғни:

- ашық  конкурстар  тәсілі бойынша   - 1 млрд 870 млн  837 мың теңге;

-  баға ұсыныстарын сұрату  тәсілі бойынша - 315 млн 807 мың теңге,

- бір көзден тікелей келісім шартқа отыру тәсілі бойынша - 559 млн 448 мың теңге;

- мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс  арқылы - 1 млн 944 мың теңге;

- тұрғын үй сатып алу – 2 млн 350 мың теңге:

- тауар биржасы арқылы (көмір)  -  (Мәдениет және тілдерді дамыту және білім бөлімі) - 65 млн 501 мың теңге.

 

Жасалған шарттар – 2 млдр 286  млн 978 мың теңге;

Орындалған шарттар – 2 млрд 051 млн 908 мың теңге.

Бүгінгі күнге  бюджеттік бағдарлама  әкімгерлері  бойынша:  

         - ашық конкурстар тәсілімен – 74 шарт,  437  млн 527 мың теңгеге;

         - баға  ұсыныстарын сұрату  тәсілімен  645 шарт, 180 млн 197 мың теңгеге;

         - бір көзден тікелей сатып алу тәсілімен  1352  шарт, 512 млн 903 мың  теңгеге;  

         - өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу тәсілімен 225  шарт,  1 млрд  144 млн  870  мың теңгеге;

- тауар биржасы арқылы - 2 шарт - 65 млн 505 мың теңге. келісім шартқа отырды.

 

Мемлекеттік сатып алудың негізгі тәсілі – ашық конкурстар.

Жалпы  жарияланған конкурстар саны – 121, сомасы 1 млрд 032 млн 755 мың теңге, қалыптасқан  шартты  үнем  160 млн 303  мың теңге.

Оның ішінде:

- ББӘ  бойынша 102  ашық конкурс 635 млн 053 мың теңгеге жарияланды. Оның ішінде 5 конкурс өтпеген деп танылса,  83 конкурс бойынша келісім шартқа отырылды. Ал қалған 14 конкус бойынша  конкурстық  рәсімдер жүріп жатыр. Қалыптасқан шартты үнем  78 млн 281 мың  теңге. 

 

- 2018 жылға Ақтоғай  ауданы  бойынша  мемлекеттік  сатып  алудың  және өткізудің бірыңғай  ұйымдастырушысы арқылы 19 ашық конкурс 397 млн 702 мың теңгеге  жарияланып, 18 конкурс толығымен аяқталды. Қалыптасқан  шартты  үнем  82 млн 022  мың теңге.    1 конкурс бойынша, яғни           

  •  "Ақтоғай ауылы  К.Байсейтова  көшесіндегі  39А  мекенжайында  екіқабатты  12  пәтерлі тұрғын үй құрылысы  нысаны бойынша  техникалық қадағалау қызметіне"  2 млн 038 мың теңгеге   ашық конкурс жарияланды, жеңімпаз ТОО "Alem Construction Group"  ЖШС -мен  келісім шартқа отыру үстінде.    

          

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района