в актогае -17
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
Мобильная версия

Электронды цифрлық қолтаңбаның (ЭЦП) қажеттілігі

 

Көп жағдайда әділдік іздеп сансырап шаршаған адамдар Электронды Үкімет порталы арқылы өз мәселелерін лезде-ақ шешіп жатқандары көпке мәлім емес.  Бүгінгі күні «Электронды Үкімет»  порталы арқылы азаматтар тікелей басшыларға  шығып, өз өтініштерін білдіріп, мұқтаждықтарын айта алады.

       Электронды Үкімет порталының қызмет көрсету аясы күн сайын кеңеюде. Мәселен, дара кәсіпкерлікті тіркеу, жұмыссыздық бойынша анықтама, мұрағаттық анықтамалар алу, лицензия алуға өтініш беру, некені тіркеуге қою қызметтеріне   Электронды Үкімет порталына өтініш қалдыруға болады. Ол үшін Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуыңыз керек.

       Электрондық цифрлық  қолтаңба дегеніміз не?  Электрондық цифрлық қолтаңба сіздің жалпы интернет жүйесін еркін пайдалануға мүмкіндік беретін жеке кілтіңіз. Өзіңіздің  жеке электрондық цифрлы қолтаңбаңыз арқылы өзгелерге  қолжетімсіз сайттарды ашып пайдалана аласыз. Электронды цифрлық қолтаңба Электронды Үкімет порталы  арқылы өзіңізге қажетті ақпараттарға қол жеткізуге сонымен бірге бірқатар мемлекеттік қызметтер қатарын  алуға мүмкіндік береді. Айталық, мекен-жай анықтамасын, зейнетақы қорыңыз туралы анықтама, үй-жайының бар-жоғы туралы анықтама,  жылжымайтын мүліктің ауыртпалығы туралы анықтамаларды лезде-ақ аласыз.  Айта кететін бір жайт, тұтынушылардың өз беттерінше қол жеткізе алатын анықтамалар қатары  мен мемлекеттік қызметтер  саны жақын арада тағы да көбеймек.  Біздің қоғамның дәл қазіргі кезеңін инновациялық технология кезеңі деп атасақ артық емес. Себебі инновациялық ақпараттық технология  күн емес сағат сайын  өзгеріп таң қалдыруда. Әрбір жаңалық ашылған сайын адамдардың  бір іс-әрекеті қысқарып отыр, яғни, бұрын қадамдап  жүзеге асырған жұмысымызды бүгінде  техника бір-ақ сәтте көзді ашып-жұмғанша орындап отыр. Бұрын қарапайым адамдар бірінші басшыға кіру үшін ай бұрын жазылып, кезекке тұру қажет еді, ал қазір үйден шықпай-ақ өзіңізді толғандырған сұрағыңызды  қағаз бетіне түсіресіз де  өзіңіз қалаған басшының электронды мекен-жайына  жолдай саласыз. Бұл ретте сізге Электронды Үкімет порталы көмекке келеді.  Ал, бірінші басшыға берген сұрағыңыздың жауабы сіздің  Электронды порталдағы «жеке кабинетіңізге» келіп түседі. Ол үшін Электронды Үкімет  порталына тіркелесіз. Тіркелу екі нұсқада жүреді. Уақытша тіркелу және ЭЦҚ арқылы тіркелу. Порталға уақытша тіркелген жағдайда сіз тек қана төлемдер жүргізу, өзіңізге қажетті ақпарат алу қызметтерін ғана ала аласыз. Электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар болған жағдайда Электронды Үкімет порталы арқылы ұсынылатын қызметтер түрін толыққанды пйдалана аласыз. Электронды Үкімет порталына Электрондық цифрлық  қолтаңба арқылы тіркелген сәттен бастап сіздің жеке кабинетіңіз ашылады. Сұрау салған ақпараттарыңыз жеке кабинетіңізге түсіп отырады. Өз уақытыңызды өзіңіз игеріңіз.  

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района