в актогае 25
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Мобильная версия

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға (22.06.2018)

 «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуғаАқтоғай ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

 

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Е-3 санаты үшін: Жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Е-R-3 санаты үшін:Жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

E-G-3 санатына:Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білімі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

      -Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)

      

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақы 

min

max

E-3

102437

138248

E-R-3

96 607

129 920

E-G-3

69957

94109

«Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ (100200,  Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы, А.Бөкейхан көшесі, 4 үй;  анықтама телефоны: 8(710-37) 2-12-65; факс: 2-12-33; электрондық пошта:Aktogay_kadr@krg.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. “Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты” ММ аудан әкімінің көмекшісі(Е-3 санаты, №1-5, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері:Аудан әкімінің жиындарына тиісті аудан әкімінің тапсырмаларын, әзірлеп, олардың орындалысын қадағалайды. Аудан әкімінің жүрмелі жиналыстарының өткізілуіне және хаттамасын дайындауға жауапты. Облыстық бейнеселектордың өткізілуіне байланысты жұмыстарға жауапты. Ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерімен өткізілетін селекторлық жиналыстардың өткізілуін ұйымдастырады және хаттамаларын дайындайды. Аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады және іссапарының бағдарламаларын дайындайды. Аудан әкімінің тікелей берген басқа да тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары “Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес” мамандықтары бойынша (мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе “құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану);                                                Қазақстан Республикасының«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2. «Ақтоғай ауданының ветеринария бөлімі” ММ-нің сектор меңгерушісі (Е-R-3 санаты, №1-1, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері:Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету. Ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу. Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру. Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары “Ветеринария” мамандықтары бойынша (ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария); Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, және осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

3.«Абай ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ-нің бас маманы (Е-G-3 санаты, №4-1-1, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері:Аппараттың іс-қағаздарын жүргізу, қажетті ақпар, мәліметтерді дайындау. Құжаттарды мұрағатқа тапсыруға әзірлеу, тапсыру. Өкім, шешімдерді рәсімдейді. Азаматтардың өтініш-хаттарымен жұмыс. Коммуналдық салаға байланысты шараларды өткізуді ұйымдастыру. Электр энергиясы, су, жылу беруге байланысты және коммуналдық қызметке төлемақының жиналуына жәрдемдесу, оларға экономикалық талдау жасау. Коммуналдық сала бойынша тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстары.Ауылдық округ әкімінің шаруашылық кітаптарын (Ауыл тұрғындарын және олардың малдарын шаруашылық кітабына есепке алу, шығару, ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру, кешенді шаралар жүргізу).

 

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары “Құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе “Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес” мамандықтары бойынша немесе “Техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік “Құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе “Қызмет көрсету, экономика және басқару” мамандықтары бойынша немесе “Техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша (салалары бойынша) білімдерге рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, және осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

4.«Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты” ММ-нің бас маманы (Е-G-3 санаты, №1-1-6, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері:Бухгалтерлік есептіліктің тиімді ұйымдастыруын қамтамасыз етеді, мекеменің қызметі туралы бухгалтерлік ақпаратты толық және уақытында ұсынады және қалыптастырады.Бюджеттік бағдарламаны әзірлейді. Мекеме қызметкерлері мен жұмыскерлерінің еңбекақыларын, әлеуметтік төлемдерінің уақытылы дұрыс есептеп отыру. Бюджетті қолдану туралы бухгалтерлік және статистикалық есептердітиісті органдарға ұсынуын қамсыздандырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары “Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес” мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік “Қызмет көрсету, экономика және басқару” мамандықтары бойынша білімге рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, және осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

5.«Қараменде би ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ-нің бас маманы (Е-G-3 санаты, №8-1-1, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері:Ауылдық округ әкімінің өкім, шешімдерін шығару, шығарған өкім, шешімдердің орындалысын бақылау жұмыстарын ұйымдастыру. Жоғарғы органдардан түскен номативтік-құқықтық актілердің орындалысын бақылау, оларға жіберілетін ақпар, мәліметтер дайындау. Ауылдық округтегі мектептермен, жастар ұйымы, қоғамдық ұйымдармен, білім ошақтары, жастар-жасөспірімдермен жұмыстар жүргізу және байланысты қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкімі өткізетін коммуналдық салаға байланысты шараларды өткізуді ұйымдастыру. Коммуналдық қызметке төлемақының жиналуына жәрдемдесу. Коммуналдық сала бойынша тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстары.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары “Гуманитарлық ғылымдар” мамандықтары бойынша немесе “Техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша немесе “Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес” мамандықтары бойынша немесе “Ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша (агрономия, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, аграрлық техника және технология, зоотехния). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік “Гуманитарлық ғылымдар” мамандықтары бойынша немесе “Техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша (салалары бойынша) немесе “Қызмет көрсету, экономика және басқару” мамандықтары бойынша немесе “Ауылшаруашылығы, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша (агрономия, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, ауыл шаруашылығын механикаландыру, зоотехния) білімдерге рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, және осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар(уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық  почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды

ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» MM-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретіндеҚазақстан

Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының,Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________            ____________________________________

(қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района