в актогае 32
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
Мобильная версия

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІНЕ «МҮЛДЕМ ТӨЗБЕУШІЛІК»

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрестің одан әрі жалғастырылуына айрықша мән беріледі. Ғасыр індетіне айналған сыбайлас жемқорлық құбылысына әлемдік деңгейде төтеп беру, біздің елімізде де өз жалғасын тауып отыр. Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген, жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, ауқымды науқан жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың іргелі негіздері Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы» Заңы, «Қазақстан-2050» Стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамудың Стратегиялық жоспарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі Стратегиясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан Респбуликасының 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясында көрініс тапты.

Аудан көлемінде мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою, оның алдын алу, Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, көлеңкелі экономикамен күресу мақсатында Ақтоғай ауданының Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілген. Қазіргі таңда, аталған жоспарды орындау мақсатында, барлық мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар қарқынды атқарылуда.

Ақтоғай ауданының әкімдігі жанынан «Парасыз болашаққа бірге!» атты мобильдік топ құрылған. Мобильдік топтың негізгі мақсаты – аудан тұрғындары және бюджеттен қамтамасыз етілетін мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін көтеру және құқықбұзушылықтардың барлық нысандарына «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру болып табылады.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа «мүлде төзбеушілік» көзқарасты қалыптастыру жөніндегі мәселені Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2014 жылдың 26 желтоқсанында  бекіткен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында» көтерді. Стратегияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез -келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықтың тамыры тереңде жатқан қауіпті әлеуметтік құбылыс. Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет.

Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің түпкі мақсаты қоғамда оған «мүлдем төзбеушілік» көзқарасты қалыптастыру арқылы оны біржолата жою болып табылады. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның түпкі мақсаты – Қазақстан 2025 жылы сыбайлас жемқорлығы төмен 30 елдің қатарына кіруі. Бұл мақсатқа жету үшін еліміздің әрбір азаматы сыбайлас жемқорлықпен күрес – өзінің парызы деп білуі қажет.

 

Аудан әкімі,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның төрайымы   С.Әбеуова

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района