в актогае 25
USD 386.77
EUR 427.26
RUB 6.00
Мобильная версия

Құрамы

Бас маман

Фотосуреті

Т.А.Ә.

Жоламанов Жансерик Аскенович

Лауазымы

Ақтоғай ауданының ветеринария бөлімінің бас маманы /Е-R-4/ 

Қысқаша өмірбаян

Жоламанов Жансерик Аскенович 1974 жылы 11 сәуірде Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қаратал ауылында дүниеге келген.
1981-1991 жыл аралығында Қызыларай ауылында 10 жылдық білім алған. 1991-1994 жылдары Қарқаралы зоовет техникумында зоотехник ветеринар
мамандығын бітірген.
1995-1998 жылдары вет мал дәрігері, 1998-2002 жылдары Балқаш
теміржолында оператор болып жұмыс жасаған.
2003-2011 жылдары Қызыларай ауылында кәсіпкер вет дәрігер болған.
2011-2012 жылдары Қызыларай ауылдық округінің әкім аппаратында бас маман қызметін атқарды.
2012-2015 жылдары Ақтоғай ауданының ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінде бас маман қызметін атқарды.
2015 жылдан осы күнге дейін Ақтоғай ауданының ветеринария бөлімінде бас маманы, 2018 жылдың шілде айынан бастап бөлім басшысы міндетін атқаруда.

Атқаратын міндеттері

Облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру.   Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу. Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну. Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру.

Байланыс телефондары

8(710-37) 30-9-34

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района