в актогае -3
USD 379.29
EUR 426.40
RUB 5.93
Мобильная версия

Ереже

 

                                                        І.Жалпы ереже.

        1«Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі ( одан әрі –Мекеме), құрылыс бойынша бірыңғай экономикалық саясатты жүргізуде үйлестіру және бақылау функцияларын орындауға өкілетті мемлекеттік мекеме болып табылады.

         Мекеменің құрылтайшысы Ақтоғай ауданы әкімдігі болып табылады.

        2. «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Заңдарын, Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, осы Ережені, сондай-ақ ведомстволық нормативтік актілерін басшылыққа алады және өз жұмысын жергілікті жерлердегі мемлекеттік билік және басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жүргізеді.

        3. «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Ақтоғай ауданы әкімінің басшылығымен жүзеге асырады, оған есеп береді және аудан әкімінің тек өзінің айрықша жетекшілік етуіне жататын шешімдерді қабылдауға құқығы жоқ.

        4. «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабасы, белгіленген үлгідегі бланкілері,сондай-ақ заңнамаға сәйкес банкіде жеке есеп-шоты бар.

        5. «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсе алады.

        6. «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте бұйрық түріндегі актілер шығарады,олардың төменгі органдар мен ведомстволық бағынышты ұйымдар үшін міндетті күші бар.

        7. «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен  штаттық лимит бірлігін аудан әкімі бекітеді.

        8. «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

        9. «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  заңды мекен-жайы : 100200, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы,Ә.Бөкейхан көшесі, 4 үй.  

ІІ.Мекеменің негізгі міндеттері, қызмет түрлері,

құқығы және жауапкершілігі.

       10. Мекеменің негізгі міндеті құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

       11.Мекеменің негізгі міндеттері:

        1) құрылыс қызметін  үйлестіру.

        2) құрылыс кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметін үйлестіру.

        3) республикалық «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру.

         4) өз құзыретінің шегінде, инженерлік инфрақұрылым және басқа да нысандарды салу мен пайдалануға, мемлекеттік бақылау жасау мәселелеріне байланысты нормативтік-құқықтық актілердің сақталуына бақылау жасау.

        5)мемлекеттік тапсырыстарға сәйкес инженерлік инфрақұрылым нысандарын салу, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру.

       12.Мекеменің негізгі қызмет  түрлері:

        1) өз құзіреттері шегінде ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуының басым бағдарламаларын әзірлеуге және оларды жүзеге асыруға қатысу.

        2) жетекшілік жасайтын саладағы құрылымдық басымдықтарды, құрылымдық реформаларды қаржыландыру көздері мен оны жүзеге асыру тетіктерін анықтау.

        3) бірыңғай тапсырыс беруші ретінде, і тұрғын үй,инженерлік инфрақұрылым,  қайта жаңғырту және күрделі жөндеуге қатысты бюджеттік бағдарламалар әкімгершілігі міндетін атқару.

        4) бюджет қаржысы есебінен құрылыс салу мен оларды қайта жаңғырту жұмыстарына салынған күрделі қаржылардың орынды жұмсалуына басшылық жасау және бақылау.

        5) аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде жобалау- іздестіру жұмыстарына  жұмсалатын қаржыларды жоспарлауға және бөлуге қатысу.

        6) құрылыс заңнамаларын сақтау, жаңа құрылыс және бар объектілерді өзгертудегі шешуші рәсімдерді бақылауды жүргізу.       

       13.Мекеменің құқығы мен жауапкершілігі:

       1) ведомстволық бағыныштылығына және меншік түріне қарамастан

белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан,лауазымды адамдардан Мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға;

       2) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарға, меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарға жекелеген мәселелерді шешу жөніндегі материалдар әзірлеуді тапсыруға, өзіне тапсырылған функцияларға сәйкес мекеме жүргізіп жатқан шараларды жүзеге асыруға олардың басшыларының келісімімен басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметшілерін тарту туралы ұсыныстармен кіруге;

       3) егер бюджет қаржысын игеруге байланысты шаралар, құрылыс жұмыстары қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізетіндігі анықталса ол жұмыстарды тоқтату жөнінде тиісті орындарға ұсыныспен шығуға;

       4) белгіленген тәртіпте Мекеме жанынан мамандардан құралған кеңесшілік, сараптамалық топтар құруға;

       5) аудан әкімі мен аудандық Мәслихаттың қарауына олардың құзыретіне жататын мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге;

       6) бекітілген жобадан ауытқумен, құрылыс нормалары мен ережелерін,техникалық талаптарды бұза отырып жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұруға және жіберілген кемшіліктерді жоюды талап етуге;

       7) көшелерді абаттандыру нысандарын салушы, қайта жабдықтаушы және күрделі жөндеуден өткізуші мердігерлермен арадағы тендерлік келісім-шарт  талаптарының сақталуын қадағалауға құқылы.

      14.Мекеме көшелерді абаттандыру нысандарының құрылыс-монтаж жұмыстары мен жобалау –сметалық құжаттарын дайындаудың бірыңғай тапсырысшысы болып табылады.

 

                                              ІІІ. Мекеменің мүлкі.

      15. Мекеменің мүлкі мемлекеттік меншік болып табылады және оған жедел басқару құқығымен тиесілі.

            Мекеменің мүлкі негізгі қорлардан және айналымдағы құралдардан, сонымен бірге құны Мекеме балансында көрсетілген басқа да мүліктерден тұрады.

      16. Мекемеге бекітілген мүліктер коммуналдық меншік болып табылады.

      17. Мекеменің оған бекітілген мүліктерге өз бетімен иелік жасауға құқы жоқ.

 

                                   ІҮ. Мекеменің  қызметін ұйымдастыру.

       18.Мекемені аудан әкімі тағайындайтын және қызметтен босататын Мекеме басшысы басқарады.Мекеме басшысының заңмен белгіленген тәртіпте қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мамандары болады.

       19.Мекеме басшысы Мекеме жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды,жүктелген тапсырмалар мен  міндеттердің орындалуына жеке жауап береді.Мекеме жұмысының жекелеген бағыттары бойынша басшылық жасау және жауапкершілік дәрежесін белгілейді.

       20.Осы мақсатта Мекеме басшысы:

       1) Мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді.

       2) өз құзіреттілігі шегінде Мекеменің қызметкерлері мен жұмысшыларына орындау үшін бұйрықтар шығарып,нұсқаулар береді.

       3) бекітілген құрылым , штат бірлігі, шығындар сметасы шегінде Мекеменің штаттық кестесін бекітеді.

       4) заңдылықтарға сәйкес Мекеме қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

       5) заңмен белгіленген тәртіпте Мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады

       6) Мекеме құзыретіне енетін мәселелер бойынша шешімдер мен өкімдер жобаларын белгіленген тәртіпте аудан әкімінің қарауына ұсынады.

       7) құжаттардың орындалуына бақылау ұйымдастырады және оны жүзеге асырады,олардың сақталуына жауап береді.

       8)банк мекемелерінде есеп және басқа да шоттар ашады.

       9) заңмен белгіленген тәртіпте қызметкерлеріне көтермелеу сыйлығын береді.

     10) өз құзыреттері шегінде, қолданыстағы заңдарға сәйкес басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдармен Мекеме атынан байланыс жасайды

     11) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

     12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақтау жұмыстарын ұйымдастырады және оның әрі қарай жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілікте болады.

     21.Мекеме қабылдайтын бұйрықтарға Мекеме басшысы қол қояды.

                          Ү.Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату.

     22. «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарына сәйкес жүргізіледі.  

    

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района