в актогае -3
USD 379.29
EUR 426.40
RUB 5.93
Мобильная версия

Ереже

«Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы  ережелер

1. «Ақтоғай  ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» Мемлекеттік мекемесі аудандық бюджеттен қаржыландырылады, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, индустриалды – инновациялық стратегиясын қалыптастыру және жүзеге асыру, ауданның өнеркәсіп әлеуетін дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікті, халықаралық сапа стандарттарын енгізу қызметтерін атқарушы мекеме болып табылады.

2.Бөлімнің ведомстволары жоқ.

3.Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерімен, әкімінің, аудан әкімдігінің және Мәслихатының актілерімен, басқа да нормативтік-құқықтық актілерімен, жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарының нұсқауымен, тапсырыстарымен және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4.Бөлім ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Қазынашылық органында есеп шоты бар.

5.Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6.Бөлімге егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

7.Бөлімнің өз құзыреті мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысы бұйрықтар шығарады.

8.Ережені, штат шектеу санын және бөлімнің ішкі құрылымын Ақтоғай ауданының әкімдігі бекітеді.

9.Бөлімнің заңды мекен-жайы: 100200, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы, Бөкейхан көшесі, 5 үй.

10. Бөлімнің толық атауы:

- мемлекеттік тілде: «Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

-  ресми тілде: Государственное учреждение «Отдел предпринимательства и промышленности Актогайского  района».

11.Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

12.Бөлімнің қаржыландыру қызметі аудандық бюджет қаражатымен жүзеге асырылады.

13.Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер аудандық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Бөлімнің миссиясы:

-аудан деңгейінде өнеркәсіп әлеуетін, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

-индустриялдық-инновациялық стратегиясын қалыптастыру және жүзеге асыру;

-ауданның өнеркәсіп әлеуетін дамыту бағытында мемлекеттің саясатын нәтижелі жүргізу;

-мемлекеттің индустриалдық-инновациялық стратегиясын аудан деңгейінде жүзеге асыру;

-ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік-экономикалық көрсеткіштерінің мониторинг жүйесін ұйымдастыру, өнеркәсіп саласын нәтижелі дамытуының шараларын әзірлеу;

-кәсіпорындардың бәсекелестігін арттыруына қолайлы жағдай жасау, халықаралық сапа стандарттарын енгізу, салаларды технико-технологиялық жаңарту, инновациялық қызметін дамыту;

-мемлекеттік саясатты шағын және орта кәсіпкерлік саласында жүзеге асыру, халықаралық стандарттарды енгізуде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

15. Бөлімнің міндеттері:

-ауданның әлеуметтік-экономикалық саясатында басты бағыттарын әзірлеуіне қатысу, кәсіпкерлік, өнеркәсіп саласында, индустриялдық-инновациялық саясат, сауда, туризм салаларында халықаралық сапа стандарттарын енгізу, инвестиция, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын аймақтық және салалық бағдарламаларды әзірлеуде мемлекеттің саясатын жүзеге асыру ;

-жергілікті атқарушы органдардың өнеркәсіп, кәсіпкерлік саласында,  индустриялдық-инновациялық саясат, сауда, туризм салаларында дамытудағы аймақтық бағдарламалардың орындалысын үйлестіру және мониторинг жасау, халықаралық сапа стандарттарын енгізу, инвестицияны мониторинг жүргізу  арқылы іске асыру, ауыл, кент әкімдіктерінің қызметін рейтингілік баға беру арқылы қорытындылау; 

-шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту стратегиясын жүзеге асуына бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру арқылы қолайлы жағдай жасау;

-индустриалды-инновациялық саясатын іске асыру сұрақтары бойынша, ауданның инвестициялық саясатын және стратегиясын әзірлеу және іске асыру, индустриалды-инновациялық бағыттарда инвестициялық жобаларын еңгізу амалдарына ықпал ету бағытында жергілікті басқару органдардың іс-әрекеттерін үйлестіру;

-сыртқы және ішкі нарыққа тауарлардың өтуіне ықпал ету, конференциялар, көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру.

16. Бөлімнің функциялары:

Өзіне жүктелген міндетіне сәйкес Бөлім, тәртіп бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, келесі функцияларды іске асырады: 

-өнеркәсіп саласындағы мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды өкілетіне қарай жұмысын үйлестіру;

-өнеркәсіп саласындағы стратегиялық, орта мерзімдік жобаларды құру және жүзеге асыру;

-индустриалдық-инновациялық жобаларын құру және жүзеге асыру, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына ықпал жасау;

-тұтынушы нарығын болжамдау, талдау, тауарлық және бағалық жағдаят, бағаны тежеу идараралық іс-шара жобаларды жүзеге асыру мен әзірлеу;

-ауданның кәсіпорындарына халықаралық сапа стандарттарын енгізуге ықпал жасау;

-аудандық инновациялық қызметіне талдау оның белсенділігін арттыруға ықпал жасау;

-ауданның мекемелеріне инновациялық жобаларды әзірлеуіне  және жүзеге асыруына ықпал жасау, дамыту институттардың ресурстарын тарту;

-шағын  кәсіпкерліктің жағдайына және мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау тиімділігіне талдау жасау, шағын кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қаражаттың пайдалануына бақылау жасауға қатысу;

-шағын кәсіпкерлік саласында экономикалық, құқықтық тағы басқа ақпараттардың деректер қорын қалыптастыру;

-шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі себептерді жоюға ұсыныс әзірлеу;

                        17. Бөлім негізгі құқықтары мен міндеттері:

Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіп бойынша өзіне жүктелген міндетті орындау үшін және функцияларын жүзеге асыру мақсатында Бөлім құқылы:

-ауданның әкімі және әкімдігіне кәсіпкерлік, өнеркәсіп саласын дамыту бағытында ұсыныс жасау, жедел түрде осы салаларда орын алған проблемаларды шешу жолдарын қарастыру;

-мекеменің міндеттерін орындау мақсатында Бөлім, қызметкерлерден, ұйымдардан, азаматтардан ақпаратты сұрау және алу;

-басшыларының келісімі бойынша, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, басқа да атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тарту;

-республикалық, аймақаралық, халықаралық ұйымдарда Ақтоғай ауданының мүддесінің өкілі болу;

-өз құзіреті шегінде келісімдер, келісім-шарттар жасау.     

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

18. Бөлімдегі басшылықты бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Бөлімнің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Басшы болмағанда оның міндеттерін бас маман атқарады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тәртіп бойынша басшының еңбек демалысы  аудан әкімінің келісімі бойынша жүзеге асырылады. Бөлім басшысына мекеменің жұмысын ұйымдастыру, қызметіне басшылық жасау, Бөлімге жүктелген міндеттерді және функцияларды орындауға тікелей  жауапкершілік жүктеледі.

21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

-Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Бөлім қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және босатады;

-Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлім қызметкерлерін мадақтау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдануын жүзеге асырады;

-өз құзыреті шегінде Бөлімнің барлық қызметкерлеріне орындауға бұйрықтар шығарады, туындаған сұрақтарға нұсқаулар береді;

-Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік мекемелерде және де басқа да ұйымдарға меншік иелігіне қарамастан Бөлім атынан өкілдік етеді;                                                                                                                                                                   

-Бөлімнің келешектегі және ағымдағы жұмыстардың жоспарларын бекітеді.

22.Бөлім қызметкерлерінің функцияларын және өкілдігін белгілейді.

23.Бөлімнің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

24. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және сыбалайлас  жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақтау жұмыстарын ұйымдастырады және оның әрі қарай жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілікте болады.

4. Бөлім мүлкі

24. Мемлекеттен берілген мүліктен, негізгі және айналымдық қордан қалыптастырылған, және де басқа да Бөлім теңгерімінде құндылығы көрсетілген мүлкіне оқшауланған жедел басқару құқығы бар. Бекітілген мүлігі бойынша Бөлім құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  анықталады.

25.Бөлім атына бекітілген мүлігі ауданның коммунналдық меншігіне жатады;

26.Бөлімге бекітілген мүлікті оның өз бетімен немесе өзге жолдармен иелігіне шығаруға құқығы жоқ. Бөлімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайда және шегінде мүлікті иелік етуге құқық берілуі мүмкін.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

27.Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района