в актогае -1
USD 384.63
EUR 427.98
RUB 6.08
Мобильная версия

Құрамы

Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы /Е-R-4/ Омарбеков Төлеген

1958 жылы 1 ақпанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының  Қараменде би ауылдық округіне қарасты Қуаныш ауылында дүниеге келген. 1976жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді қазақ педагогика институтына түсіп,1981 жылы математика мамандығы бойынша  жоғарғы білім алған.
Еңбек жолы:
1974-1976 жж. Каратал совхозында  әртүрлі жұмыстар істеген;
1980-1991 жж. Гүлшат аралас орта  мектептің мұғалімі;
1992ж Ақтоғай ауданының М.Горький атындағы орта мектепте мұғалім, « Жас техниктер» мектебінің директоры;
1992-1998 жж.аралығында  техниктер бұйымдарды түгендеу бюросында инженер-техник ;
1998-2004 жж Ақтоғай  ауданының экономика комитетінің бас маманы;
2004-2005 жж Ақтоғай ауданының экономика және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы;
2005-2006 жж Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімінің экономика бөлімінің бас маманы;
2006-2013 жж.  Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы;
2013 жылдың 5 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін  Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы.

Атқаратын міндеттері

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасын жасақтау;
Төтенше жағдайларға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру;
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы бойынша жұмыстар ұйымдастыру; 
Сараптамалық кеңес жөніндегі комиссияның хатшылығын жүргізу;
Шағын және орта кәсіпкерлік саласына сырттан инвесторлар тартуға үнемі жұмыстар жүргізу;
Қазақстан Респубикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) басқада міндеттер.

 

Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы /Е-R-4/ Койбагарова Гаухар Оралбековна

1978 жылы 5 қаңтарда  Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген. 1993 жылы  кәсіптік-техникалық училищеге «Есепші» мамандығы бойынша оқуға түсіп,1996 жылы  осы училищені үздік дипломмен бітірген.1996 жылы Жезказган қаласындағы аграрлы-техникалық колледжге «Экономист-бухгалтер»мамандығына оқуға түсіп,1998 жылы осы колледжді үздік дипломмен аяқтаған.2005 жылы  Алматы экономика және статистика академиясына түсіп,2006 жылы  аталған академияның Қызметкерлерді басқару мамандығы бойынша толық курсын  аяқтаған.
Еңбек жолы:
1998-2000жылдары аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек бөлімінде хатшы-машинистка ;
2000-2002 жылдары «Балалары бар отбасыларына  жәрдемақы тағайындау және төлеу»жөнінде аға маман;
2002-2006 жылдары кадрлармен және іс қағаздармен жұмыс жөніндегі жетекші маман;
2006 жылдың 25 қаңтарынан  – 2008 жылдың 28 қаңтарынан дейін Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бас маман-бас есепшісі;
2008 жылдың 28 қаңтарынан – 2013 жылдың 5 тамызы Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы;
2013 жылдың  5 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін  Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы.

Атқаратын міндеттері
Орта және шағын кәсіпкерлік саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің базасын қалыптасытырып, жетілдіруді жүзеге асыру;
Халық тұтынатын азық-түлік, өндіріс тауарына баға саясатын ұсынымдарын жүзеге асыру бағытында жұмыс жүргізеді;
Туризм салаларында дамытудағы аймақтық бағдарламалардың орындалысын үйлестіреді және мониторинг жасайды;
«Сарыарқа» ӘКК»ҰК, «Арқа» ИБК» АҚ, Қарағанды облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның аймақтық филиалы, т.б. қаржылық институттармен тығыз және тиімді жұмыс жүргізу;
Инфляциялық процестерді тежеу жөніндегі комиссияның хатшылығын жүргізу.  
Қазақстан Респубикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) басқада міндеттер.

 

Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы /Е-R-4/ Қаура Данияр Жақсыбергенұлы

1992 жылы 21 қазанда Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылында дүниеге келген. 2010-2014 жылдар аралығында Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде  «Экономика және бизнес»  мамандығын бітірген. 2014-2015 жылдар аралығында Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде  «Экономика және бизнес»  магистрі атағын алған.
Еңбек жолы:
2015 жылдың 12 мамыр айынан  бүгінгі күнге дейін Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінде бас маман болып қызмет жасауда.

Атқаратын міндеттері
Ауданың өнеркәсіп саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарға талдау жасау,өндіріп отырған өнімдеріне мониторинг жүргізу;
Инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
Кәсіпорындардан өнеркәсіптің өнім көлемі, қазақстанды қамту, экспорт, жоспар бойынша күтілетін нәтиже, жұмыс орындар, ашылатын жұмыс орындары туралы кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс жүргізу;
ҮИИДМБ, «БЖК 2020», «Өнімділік 2020», «Экспорт 2020», индустрияландыру картасына енгізуге жобалар іздестіру;
Жер қойнауын пайдаланушылармен жұмыстар жүргізу.
Қазақстан Респубикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) басқада міндеттер.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района