в актогае 15
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
Мобильная версия

Ереже

«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер

1. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай «Бөлім») ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар салаларында басшылықты  жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, аудан әкімінің және әкімдігінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

3. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық үлгідегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда есеп-шоттары бар.

4. Бөлім өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасай алады.

5. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда мемлекет атынан тарап ретінде азаматтық-құқықтық қарым-қатынас жасауға құқылы.

6. Бөлімнің құрылымы мен штаттық санының лимитін аудан әкімдігі бекітеді.

7. Бөлімнің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Ә.Бөкейхан көшесі, 7 үй.

8. Бөлімнің мемлекеттік тілдегі атауы: «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Актогайского района»

9. Бөлімнің құрылтайшысы аудан әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.

10. Бөлімнің құрылтайшылық құжаттары оның құрылуы туралы Ақтоғай ауданы әкімдігінің қаулысы және осы Ереже болып табылады.

11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.

Бөлімнің міндеттері мен құқықтары

12. Міндеттері:

1) жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарға және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды;

2) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жекеше сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысады;

3) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастырады;

4) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

5) жергілікті атқарушы органдардың білім мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім жөніндегі ұйымдардан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы және нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау жоспарланып отырған және бітіріп шығатын мамандар саны туралы ақпарат сұратады;

6) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізеді;

7) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіреді;

8) жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратады;

9) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;

10) жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркейді. (Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 10 бабы);

11) қоғамдық жұмыс ұйымдастырылатын жұмыс берушілер тізбесін бекітеді  (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» № 516 бұйрығының 9 тармағы);

12) әлеуметтік жұмыс орнын құруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесі, ұйымдастырылатын жұмыс орындарының саны және нақты жұмыс жағдайы, төленетін еңбекақы мөлшері және оларды қаржыландыру көздерін бекітеді (Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабы);

13) жастар практикасын ұйымдастыруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тартылатын жұмыссыздардың санын, олардың еңбек жағдайы мен еңбегіне ақы төлеуді және қаржыландыру көздерін айқындайды (Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 21 бабы);

14)  арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

15) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз етеді;

16) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

 17) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;

18) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;

19) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;

20)  жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

21) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. (Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» N 114-IV Заңының 11 бабы 2 тармағы);

22) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлердің қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдайды, шешім шығарғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде облыстық басқармаға стационарлық үлгідегі ұйымға,  жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға жолдама беру туралы сұрау салу жолдайды. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты» және «Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты»);

23) үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету; (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты);

24) тұрғын үй көмегін тағайындау, төлеу (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» №2314 Қаулысы, Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі «Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» № 31 шешімі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және         әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты);

25)  жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау, төлеу (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №504 Қаулысы, Ақтоғай аудандық маслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» №197 шешімі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және         әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты);

26) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтейді (Ақтоғай аудандық маслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы «Шығындарды өтеу туралы» №216 шешімі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты);

27) басқа адамның көмегіне мұқтаж 1,2 топтағы жалғыз басты мүгедектерді күтуге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша үстемеақылар түрінде әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету (Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі «Басқа адамның көмегіне мұқтаж 1,2 топтағы жалғыз басты мүгедектерді күтуге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша үстемеақылар түрінде әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы» №11/12 Қаулысы);

28) медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу (Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» N 114-IV Заңы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы»  № 165 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты);

29)  Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссиясның жұмысын атқарады,  «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетеді  (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің және оларға куәлік берудің кейбір мәселелері туралы» №110 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты);

30) «Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделуді ұсыну қағидасын» іске асыру, «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты);

31) «Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидасын» іске асыру, «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты);

32) «Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидасын» іске асыру, "Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу", «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін көрсету (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу», "Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету " мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары);

33) «Мүгедектерді арнаулы жүріп тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидасын іске асыру, "Мүгедектерге кресло-арбалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектерге кресло-арбалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты);

 34) ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындайды. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 279 бұйрығы);

35) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» №246 Заңының 4 бабының 8 тармағы);

36)  «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын үйлестіреді;

37) «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын тағайындауға келісімін береді;

38) бөлімнің бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу және түзету (Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 32,33 баптары);

39) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі аудан әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмаларын орындайды.

Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

         13. Бөлімге жүктелген міндеттерін жүзеге асыруға жеке жауапты бірінші басшы жүзеге асырады.

         14. Бөлімнің бірінші басшысын лауазымға аудан әкімі тағайындайды және лауазымынан босатады.

         15. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

         1) бөлім қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;

         2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;

         3) бөлімнің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен жазаға тартады;

         4) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;

         5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

         6) азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді;

         7) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолдануға жеке жауапты;

         8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктердіжүзеге асырады.

         16. Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның міндеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

Мемлекеттік органның мүлкі

17. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

18. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістер қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

19. Бөлімге бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

20. Егер заңнамада көзделмесе, бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған  өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

Бөлімнің жұмыс тәртібі

21. Бөлімнің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Бөлімді қайта құру және тарату

22. Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района