в актогае 24
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
Мобильная версия

Бөлім басшысы

Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы /Е-R-1/ Жанкабылов Ержан Жанкабылович

1977 жылы 26 наурызда Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосында дүниеге келді.

1984 жылы Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы, Сарытерек кеңшарындағы Ж.Кеңесбаев атындағы мектептің  1 сыныбына барып, 1994жылы Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосындағы М.Горький атындағы мектептің 11 сыныбын аяқтады.

1994 жылы Қарағанды қаласындағы Қазақтың тұтыну кооперациясы институтына түсіп, 1998 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды Экономикалық  Университетінің  «бухгалтерлік есеп және аудит  мамандығы бойынша жоғары білім алды. «НурОтан» партиясының мүшесі.

Еңбек жолын 02.07.1994-25.07.1994 жылы Ақтоғай тұтынушылар қоғамында қатардағы жұмыскер болудан бастады.

03.07.1998-21.06.1999 жылы Ақтоғай тұтыну кооперативінде бухгалтер, 26.06.1999-11.04.2000 жылы Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімде қатардағы жауынгер, 05.10.2000-02.09.2002 жылы Ақтоғай ауданы бойынша салық комитетінің ұйымдастыру жұмыстарының секторында салық инспекторы,02.09.2002-15.11.2002жылы Ақтоғай ауданы бойынша салық комитетінің өндіріп алу және жанама салықтар бөлімінің жетекші салық инспекторы, 15.11.2002-30.12.2003 жылы Ақтоғай ауданы бойынша салық комитетінің ұйымдастыру жұмыстары және ақпараттық технологиялар секторының жетекші салық инспекторы.

30.12.2003-06.05.2004 жылы Ақтоғай ауданы бойынша салық комитетінің ұйымдастыру-құқықтық жұмыстары секторының жетекші салық инспекторы.

06.05.2004-08.11.2004 жылы Ақтоғай ауданы бойынша салық комитеті салықтық тіркеу салық есеп-тілектерін қабылдау және өңдеу бөлімнің жетекші салық инспекторы.

08.11.2004-25.01.2006 жылы Ақтоғай ауданы бойынша  салық комитетінің  төлеушілермен жұмыс жөніндегі салық инспекторы.

25.01.2006 – 26.07.2011 ж. Аудан әкімі аппаратында ұйымдастыру, кадрлық жұмыстар және құқықтық бөлім меңгерушісі.

26.07.2011-20.11.2012 жылы Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы.

20.11.2012-06.08.2013 жылдары Ақтоғай ауданының қаржы бөлімінің басшысы.

06.08.2013-07.04.2014 жылы жеке кәсіпкер «Қызылбаев Жанкабыл»-да бас есепші.

07.04.2014-23.10.2017 жылы Ақтоғай аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.

23.10.2017 жылдан бастап  Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлекметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы. Отбасылы 4 баласы бар.

Атқаратын міндеттері

Бөлімнің жұмысын ұйымдастырып, басқарады және бөлімнің өз міндеттерін және функцияларын орындауға дербес жауап береді;

Бөлімнің жұмысын жоспарлайды;

Мекеменің қаржы, кадр мәселесін шешу, материалдық-техникалық базасын нығайтуды қаматамасыз етеді;

Қазақстан Республикасының еңбек қатынастарын реттейтін тиісті заңдылықтарға сәйкес өзі басқарып отырған бөлімнің қызметкерлерін тағайындап, босатады;

Аудандағы еңбек жағдайы, әлеуметтік көмекті төлеу, ардагерлер мен мүгедектермен жұмыс, халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын жүзеге асырады;

Ауданның әлеуметтік бағдарламаларын жасап, орындалысын қамтамасыз етеді;

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района