в актогае 5
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
Мобильная версия

Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2019 жылдың 29 тамызына атқарған жұмыстары туралы

Бөлім 12 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілетін 9 мемлекеттік қызмет, қалған мемлекеттік қызмет түрлері тікелей бөлім арқылы жүзеге асырылады. 

Бөлімнің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің әрекеттеріне  немесе  әрекетсіздіктеріне байланысты этиканы бақылау кітабына азаматтардан шағымдар түскен жоқ.

24 отбасына 466 мың 384 теңге  тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалып, төленді.         

Ақтоғай аудандық маслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі 21-ші сессиясының «Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» №197 шешіміне сәйкес, арнайы комиссияның 15 рет отырысы өтті. Комиссия шешімі бойынша 341  адамға 20 млн  986 мың 875 теңге әлеуметтік көмек көрсетілді. Атап айтқанда ең төменгі күнкөріс деңгейіне шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы бойынша 54 отбасыға  1 млн 475 мың 125 теңге, әлеуметтік мәні бар ауруының болуына байланысты 157  адамға 15 млн 857 мың теңге, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 8 тұлғаға 202 мың теңге, 9 мамыр ҰОС жеңісінің 74 жылдығына қайтыс болған соғыс қатысушылары мен мүгедектерінің әйелдері 6 адамға 20 мың теңгеден, Ауғанстандағы кеңес әскерлері құрамында қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымдалған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған 8 адамға 100 мың теңгеден, 1986-1989 жылдары Чернобыль АЭС-ндағы апаттың салдарын жоюға қатысқан 1 тұлғаға 100 мың теңгеден,  ҰОС жылдарындағы тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен  марапатталған 5 ардагерге 20 мың теңгеден, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген 99 зейнеткерге 20 мың теңгеден, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтары құрған концлагерлердің, геттолардың  және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы 1 тұтқынына 100 мың теңгеден, КСР Одағын  қорғауда алған жарақаттарының салдарынан мүгедек болған  әскери қызметкерлер болып табылатын 2 адамға  100 мың теңгеден, барлығы  122  адамға 3 млн 400 мың теңге, әлеуметтік көмек берілді.

Үйде тәрбиеленіп оқытылатын 5 мүгедек балаға 74 мың 066  теңге материалдық көмек тағайындалды.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы аясында 24 мүгедекке жеке көмекші тағайындалып, 5 млн 107 мың 389 тенге төленді.

Міндетті гигиеналық құралдар бойынша жөргектерге мұқтаж 36  мүгедекке 15 мың 288 дана таратылды. Сіңіргіш жаймаға (жаялық) мұқтаж 12 мүгедекке 2 мың 791 дана жайма таратылды. 2 мүгедек  24  дана қорғаныш креммен, 3 мүгедек 26 тері тазартқышпен, 1 мүгедек 9 дана стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметикпен, 1 мүгедек 9 дана сіңіргіш ұнтақпен, 3 мүгедек 18 дана иісті бейтараптандырғышпен, 2 мүгедек 18 дана катетермен, 2 мүгедек  531 дана несеп қабылдағышпен, санитарлық құрылғысы бар кресло-орындықпен 2 мүгедек қамтылды.

Протездік-ортопедиялық құралдар бойынша 3 мүгедек таяқпен, 2 мүгедекке жетек арбамен, 1 мүгедек корсетпен, 1 мүгедек ортопедиялық аяқ киіммен   қамтылды.

Сурдотехникалық құралдар бойынша 1 мүгедек есту аппаратымен қамтылды.

Тифлотехникалық құралдар бойынша 1 мүгедекке нашар көретін адамдарға арналған сағат, 2 мүгедекке дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондар, 3 мүгедекке тифлотаяқ, 4 мүгедекке тифлоплейер таратылды.

7 мүгедек және 2 мүгедек бала Щучинск қаласындағы «Алмаз» шипажайында тегін демалды.

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіне бүгінгі күнде 81 жалғызілікті қария, 30 мүгедек тартылып оларға 19 әлеуметтік қызметкер, 1 кеңесші, 1 бөлімше меңгерушісі қызмет көрсетуде.

 «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша арнайы комиссияның шешіміне сәйкес 1 адамға Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлігі берілді.

Бүгінгі күнге дейін бөлімге түскен 16 өтініш қаралып, қанағаттандырылды.

                                           

Басшы                                                        Е.Жанкабылов

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района