в актогае 0
USD 379.36
EUR 428.94
RUB 5.93
Мобильная версия

Құрамы

Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары /Е-R-2/ Бекишева Канагат Сейтказымовна

1979 жылы 2 наурызда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы,  Ақтоғай селосында өмірге келді.

2004 жылы Қарағанды қаласының қаржы институтын  сырттай оқу бөліміне түсіп, 2007 жылы экономика мамандыға бойынша тәмамдады.

1996 жылдың 24 желтоқсанынан бастап Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне аға маман болып жұмысқа орналасты.

Қазіргі уақытта аталған бөлімде бөлім басшысының орынбасары болып жұмыс жасайды.

Атқаратын міндеттері

Жұмыспен қамту мәселелерін үйлестіреді. Халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасын жасап іске асырады.

Бөлімдегі барлық әлеуметтік жәрдемақылар, төлемақылар мен көмектердің заңдылықтарға сәйкес дұрыс тағайындалуына және төленуіне басшылық жасайды.

Қаржының мақсатты орындалуын, уақытылы игерілуін қамтамасыз етеді. Әлеуметтік экономикалық дамудың орта мерзімдік бағдарламасын жасайды.

Мемлекеттік сатып алу жұмыстарының заңдылықтарға сай жүргізілуін қадағалайды.

Ауылдық елді мекендердің дамуының мониторнигін жүргізеді. Бөлім арқылы қабылданатын нормативтік-құқықтық актілерді заңдылықтарға сәйкес тіркеуді жүзеге асырады.

Бөлімдегі кадрлармен жүргізілетін жұмыстарға басшылық жасайды. Өтініш пен хаттардың мерзімінде орындалысына бақылау басшылық  жасайды. 

Мемлекеттік қызмет  көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтайды және бөлім қызметкерлері тарапынан  сақталуын қадағалайды. Азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді.

Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі /Е-R-3/

Аубакиров Дулат Сайлаукенович

1986 жылы 2 қыркүйекте Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген.

1993 жылы 1 сыныпқа барып 2004 жылы К.Байсеитова атындағы орта мектебінің 11 сыныбын бітірді.

2004-2008 жылдары Е.Бөкетов атындағы унверситеттің студенті «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының бакалавры.

2009 жылдың ақпан айынан 2014 жылдың қараша айына дейін Ақтоғай ауданының жастармен жұмыс жасау орталығының бас маманы.

2014 жылдың қараша айынан бүгінгі күнге дейін Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқаруда. Отбасылы 3 баласы бар.

Атқаратын міндеттері

Бөлімнің  даму  бағдарламасын  және жоспарларын  дайындап бекіттіреді.

Жоғарғы  органдарға  айлық, тоқсандық, жылдық есептерді, мониторингтерді береді.

Әлеуметтік  төлемдердің  уақытылы тағайындалып, төленуін қадағалайды.

Ақпараттық жүйелерді  белсенді қолдануға жұмыс  жасайды. 

Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын заңдылықтарға сай жүргізеді, Электрондық құжат  айналымы ақпараттық  жүйесінің дұрыс, уақытылы жүргізілуін ұйымдастырады, сараптама  жасап  отырады.

Әлеуметтік  әріптестік жұмыстарының және  үш жақты келісімнің орындалысына   бақылау  жасайды.

Кадрлық жұмыстарға, мүгедектерге  жеке  оңалту  бағдарламасына сәйкес қызметтер көрсетуге басшылық жасап қадағалайды.  

Мемлекеттік қызмет  көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтайды және бөлім қызметкерлері тарапынан  сақталуын қадағалайды.

Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы /Е-R-4/  Маханов Омирсерик

1955 жылы 14 қыркүйекте Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Жидебай ауылдық округінде  дүниеге келген.

1962 жылы Жидебай ауылдық округіне қарасты Қызылтас орта мектебіне барып 1972 жылы Қ.Нұржанов орта мектебінің 10 сыныбын бітірді.

1972-1974 жылдары жұмыскер. 1974-1976 жылдары Совет Армиясы қатарында қатардағы жұмыскер.

1976-1979 жылдары Жезқазған құрылыс техникумының студенті. 1979-1990 жылдары әртүрлі салада жұмыскер.

1990 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бас маман қызметін атқаруда.

Атқаратын міндеттері

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлейді, құжаттарды сапалы қабылдайды, анықтығын тексереді.

Учаскелік комиссиялардың жұмысын үйлестіреді, ұсынған құжаттарға сәйкес компьютерлік базаға кіргізеді тізімін жасақтайды. 

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындайды.

Өз саласы бойынша қаржының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді. Сұраныстардың тиісті орындарға уақытылы берілуін қадағалайды, түсініктеме жұмыстарын жүргізеді, Мемлекеттік қызмет  көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес қызмет көрсетеді.

 

Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы/Е-R-4/ Башбаева Галия Омиргалыевна

1991 жылы 01 шілде де Қарағанды облысы Балхаш  қаласында дүниеге келген. 1998 жылы К.Байсейітова атындағы мектептің  1 сыныбына қабылданып, 2007 жылы  9-сыныпты аяқтады.

2007 жылы Теміртау қаласындағы ҚарМУ колледжінің  1курсына қабылданып, 2011 ж аяқтады.

2011 жылдың 1 қыркүйегінде ҚарМУ-нің сырттай бөлімінің 1 курсына қабылданып, 2013 жылы аяқтады. 2013-2015 жылдары К.Байсейітова атындағы жалпы білім  беретін орта мектепте  Іс жүргізуші болып жұмыс жасады.

2015жылдың мамыр айынан бастап  бүгінгі күнге дейін Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бас маман болып жұмыс жасайды. Отбасылы 3 баласы бар.

Атқаратын міндеттері

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелерімен шұғылданады, тиісті жұмыстарды үйлестіреді. Мүгедектерді  оңалту, оларды қорғаудың басқада арнайы шараларының аудандық, аймақтық  бағдарламаларын құрып жүзеге асырады.

Санаторлы-курорттық емдеуді қажет ететін соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілегендердің, мүгедектердің қажетті құжаттарын талапқа сай   тіркеуді жүргізеді, сұранысын береді. 

Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдейді.

Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етеді. 

Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды ресімдейді. 

Мүгедектерге кресло-арбалар беру үшін құжаттарын қабылдайды. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтейді.

Өз саласы бойынша талаптарға сәйкес қаржының  мақсатты жұмсалуын, сапалы уақытылы игерілуін қамтамасыз етеді.

Мүгедектердің жергілікті компьютерлік базасын жасақтайды.  Мемлекеттік қызмет  көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес қызмет көрсетеді.

Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы/Е-R-4/ Мақсұтбек Абылай Арыстанбекұлы

1993  жыл  7  қаңтарда  Қарғанды  облысы Ақтоғай  аудынында  дүниеге  келді.

2000-2011 жылдар аралығында Ақтоғай ауданы Ә.Бөкейхан атындағы орта  мектебінде  оқыды. 

2011жылы орта мектепті бітіріп Қарағанды қаласындағы Орталық  Қазақстан  Академиясының  әлеуметтік  жұмыс  бөліміне  оқуға  түсіп, 2015 жылы  жоғарғы  оқу  орынын  аяқтады. 

2015 жылы шілде айынан желтоқсан айына «Ақтоғай  ауданының  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімінде»  жастар  тәжірибесінде  6 ай  жұмыс жасады. Жастар  тәжірибесі  аяқталғаннан  кейін  жұмыссыз  ретінде  тіркеуде  болды.

2017 жылдан 4 қаңтарынан бүгінгі күнге дейін Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінде  бас  маман  қызметін атқаруда. Отбасылық жағдайы үйленбеген.

Атқаратын міндеттері

Семей ядролық полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккендерді есепке алады, құжаттарын талапқа сай жүргізеді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекеленген санаттарына заңдылығына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын атқарады.

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдейді. 

Ақпаратық  жүйелердің және  электрондық  құжат  айналымының дұрыс, уақытылы жұмыс жасауын қамтамасыз етіп, қортындылайды. 

Аз қамтамасыз етілген отбасыларына мемлекеттік емес көздерден көмек берілуін ұйымдастырады.

Мемлекеттік қызмет  көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес қызмет көрсетеді.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района