в актогае 25
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
Мобильная версия

Ақтоғай ауданының интернет ресурсына (сайтына) ақпарат

 

       Ағымдағы жыл басынан «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы, «Жеке және заңды тұлғаларға жер телімдерін беру туралы аудандық комиссияға» (бұдан әрі – Комиссия) жеке және заңды тұлғалардан 84 өтініш ұсынылды. Комиссия отырысының саны -5. Заңды тұлғалардан -15, шаруа қожалық жетекшілерінен -12, жеке тұлғалардан -57 өтініш. Нәтижесінде комиссия мүшелерінің қолдауымен 79 өтініштер мақұлданып, құжаттарын құзыретті органдарда рәсімдеуге ұсынылды, 2 өтініш иелеріне Комиссияға жер телімін рәсімдеуге қажетті құжаттарды ұсыну және 3 өтініш иесіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылатыны жөнінде түсіндірілді. Жыл басынан бөлім арқылы 309 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Заңды тұлғалардан -104, жеке тұлғалардан -205.

Ақтоғай ауданының елді мекен орталықтарында кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында, кәсіпкерлерге коммерциялық нысандар құрылысы үшін анықталған жер телімдерінің тізімі мен көлемі.

Жалпы аудан бойынша – 66 жер телімі, 11,5 гектар.

  1. Ақтоғай ауылы – 12 жер телімі, 1,8 гектар.
  2. Жидебай ауылдық округі, Сәуле ауылы – 4 жер телімі, 1,0 гектар.
  3. Қараменде би ауылдық округі, Ақтас ауылы – 4 жер телімі,1,0 гектар.
  4. Қызыларай ауылдық округі, Ақжарық ауылы – 5 жер телімі, 1,0 гектар.
  5. Сарытерек ауылдық округі, Сарытерек ауылы – 6 жер телімі, 1,2 гектар.
  6. Қарабұлақ ауылдық округі, Нарманбет ауылы – 3 жер телімі, 1,5 гектар.
  7. Тораңғалық ауылдық округі, Тораңғалық ауылы – 15 жер телімі, 2,25 гектар.
  8. Шашубай кенті – 5 жер телімі, 0,75 гектар.
  9. Сарышыған кенті – 12 жер телімі, 1,0 гектар.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района