в актогае 0
USD 379.19
EUR 426.63
RUB 5.92
Мобильная версия

Ереже

"Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі


1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
       2. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.
       3. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
       4. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
       5. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
       6. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
       7. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
       8. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
       9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100200, Қазақстан Республикасы, Карағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Бөкейхан көшесі, 10 үй.
       10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
       11. Осы Ереже "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
       12. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
       13. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

     14. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Ақтоғай ауданының аумағында жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу.
       15. Міндеттері:
       1) жерлерді қорғау және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағындағы жер қатынастарын реттеу;
       2) ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қатынастарды реттеу;
       3) жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында заңдылықты сақтау;
       4) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру;
       5) көрсетілетін мемлекеттік қызметке бақылау жүргізу және сапасын бағалау, нормативтік құқықтық базасын жетілдіру.
       16. Функциялары:
       1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
       2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
       3) жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
    4) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
       5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
       6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
       7) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
       8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
       9) жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламалары, жобалары мен схемалардын әзірлеуді ұйымдастыру;
       10) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
       11) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
       12) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын аудандық маңызы бар бағдарлама, жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
       13) Ақтоғай ауданының жер балансын жасау;
       14) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
       15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
       16) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
       17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
       18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
       19) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
       20) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
    21) ауданның бас жоспарының жобасын, аудан шегі мен аудан маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкімшілік орталықтардың және серіктес елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихатының мақұлдауына ұсыну;
       22) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламалары құрамындағы қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағында құрылыс салудың, оны абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің ережелерін тиісті аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
       23) аудандық мәслихатқа тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
       24) құрылыс салу не өзге де аудан құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
       25) аудан және аудан маңы аймағының құрылыс жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;
      26) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де құрылысты игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
       27) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
       28) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;
    29) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау ұйымдастыру;
       30) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
       31) заңнаманы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметті анықтау және/немесе алып тастау, мемлекеттік қызметтің атауын өзгерту заңнамаға мониторинг;
       32) "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін, мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
       33) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруды қамтамасыз ету;
       34) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді аудару бойынша ұсыныстар әзірлеу;
       35) "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет сапасына ішкі бақылау жүргізу;
       36) қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
       37) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
       17. Құқықтары мен міндеттері:
       1) өз функцияларын орындау үшін белгіленген тәртіпке сәйкес жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерден, кәсіпорындардан және басқа да ұйымдар мен азаматтардан, олардың лаузымызды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, мәліметтер және құжаттарды сұратып алуға, сәйкестік ұсыныстарды дайындау үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
       2) мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын тапсырыстар беруге, олардың орындалуын қадағалауға, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдармен өткізетін іс-шараларға қатысуға;
       3) Ақтоғай ауданы әкімдігінің жер туралы заңдарға қайшы келетін шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізуге;
       4) заң актілерімен қаралған негіздемелер бойынша жер телімдеріне меншік құқығы мен жерді пайдалану құқығын тоқтату туралы мәселе қарауға Ақтоғай ауданы әкімдігіне ұсыныстар жасауға;
       5) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
       6) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына және регламенттеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету;
      7) заңнамалық белгіленген тәртіппен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді аударуды қамтамасыз ету;
       8) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету;
       9) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну;
       10) заңнамалық белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпаратты ұсыну;
       11) мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау болып табылады.

 

 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

    18. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.
       19. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
       20. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
       1) "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ортақ басшылық және қызметті үйлестіру;
       2) заңға сәйкес бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
       3) "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалау және көтермелеу жағдайын қолданады;
       4) өз қызметінің шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
     5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда мекеме атынан шығады;
       6) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

 4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
       22. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
     23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

 

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района