в актогае 27
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
Мобильная версия

Құрамы

Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрлысы бөлімінің  бас маманы /Е-R-4/ Сыздыков Саят Калкенович

Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрлысы бөлімінің  бас маманы Сыздыков Саят Калкенович

22.07.1971 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қараменде би ауылдық округіне қарасты Қуаныш ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Ақмолла ауылшаруашылық институтына түсіп 1994 жылы «Ғалым агроном» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы Ақмола облысы Ерейментау ауданы Тимофейевка совхозында аграном болып бастаған. 1997-2007 жылдары Ақтоғай ауданы жер ресурстарын басқару комитетінде, 2007-2010 жылдары ҚР АШМ АӨК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясында бас маман, 2010 жылдың 02 сәуірінде Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрлысы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді. 

Атқаратын міндеттері:

Жер қатынастары саласына қатысты жұмыстарды үйлестіру. Жоғарғы органдардың  қаулы

-қарарларын, облыс, аудан әкімдердің өкімдері мен шешімдерінің орындалысын қамтамасыз ету. Жер балансын дайындау және тиісті органдарға өтініш-хаттарға жауап дайындау. Заңдылыққа сәйкес жер телімдерін бергенде шығаратын әкімдіктің қаулы, өкімдердің  жобасын жасау. Жерді жалға беру, сату конкурстары мен аукциондарында жеңімпаздарға берілетін жер телімдерінің жерге орналастыру сызбасын жасау. Тиісті орындарға қабылдаған шешімдердің мәліметін беріп отыру. Мекемеде тіл саясатын жүргізу.

Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрлысы бөлімінің  бас маманы  /Е-R-4/ Ныгыметолин Талғат Советұлы

Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрлысы бөлімінің  бас маманы Ныгыметолин Талғат Советұлы

30.05.1971 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Қарағанды Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетіне түсіп, эканомика саласын құқықтық реттеу. Заңтану бакалавры мамандығы бойынша бітірген.  Еңбек жолын 1996-1999 жылдары аудандық әскери комиссияратта күзетші. 1999-2001 жылдары ҚР ІІМ «Арнайы полиция» ДГП №9 бөлімінде қызметте. 2005-2012 жылдары Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратының бас маманы. 2012 жылдың 15 қарашасынан бастап Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінде бас маманы болып жұмыс істейді.

Атқаратын міндеттері:

Жер қатынастары саласына қатысты жұмыстарды үйлестіру. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау (тіркеу, заң тұрғысында жауап беру) құжаттардың кіріс-шығыс есебін беру. Тиісті комиссия отырыстарының құжаттарын (хаттамалар мен қорытындылар) жүргізу. Бөлімдегі кадр жұмысын үйлестіру. Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекттік қызмет түрлерінің заңдылығын қадағалау, үйлестіру, тиісті орындарға есебін беру. Бөлім тарапынан дайындалатын нормативтік-құқықтық актілердің заңдылығын бақылау. Жер саласындағы бөлімде көрсетілетін мемлекеттік жұмыстарын ұйымдастыру, тіркеу, бекіту. Құзырлы орындарға есеп беру.

  Мекемеде тіл саясатын жүргізу.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района