в актогае 8
USD 379.86
EUR 422.97
RUB 5.85
Мобильная версия

Бөлім басшысы

Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрлысы бөлімінің басшысы /Е-R-1 Изаков Куаныш Кадырович

Изақов Куаныш Кадырович 19.12.1962 жылы туған. 1990 жылы Алматы қаласындағы ауылшаруашылығы институтын  «ғалым агроном» мамандығы бойынша бітірген. «Еңбек», «Қызыларай » кеңшарларында жер өлшеуші, бөлімше агрономы, бас агроном, басқарушы, өсімдік цехының басшысы қызметтерін атқарған. 1996-2000 жылдары «Береке» шаруа қожалығының жетекшісі, 2000 жылы Қарағанды қаласындағы «Фитосанитария»  РМК мекемесінде Ақтоғай ауданы бойынша жетекші маман, 2007 жылы Ақтоғай ауданы,  Жидебай ауылдық округі әкімі, 2011 жылдан 2015 жылға дейін ауданның жер қатынастары бөлімі, 2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін қайта құрылған жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі ММ-нің басшысы болып қызмет жасайды.

Атқаратын міндеттері

Бөлімнің жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады, басқарады және бөлімнің өз міндеттерін және функцияларын орындауға дербес жауап береді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мен регламентін уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;

1) Бөлімге түскен арыз-шағымдарды ұйымдастыру және уақытылы орындалуын қадағалау;

2) «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерінің кадрлық іс жүргізуді «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы толық жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

3) Жеке және заңды тұлғалардың жер учаскелеріне жасақталған келісім-шарттарын қадағалау және келісім-шартта көрсетілген міндеттерін уақытылы орындамағаны үшін жеке және заңды тұлғаларға ескерту беру,  орындамаған жағдайда сот органдарына талап арыз беруді бақылау;

4) Белгіленген тәртіпке сәйкес қаржы экономикалық және шаруашылық қызметін, бюджет қаржысын тиімді және мақсатта игерілуін бақылау;

5) Мемлекеттік сатып алуды жүргізуді қадағалау;

6) Кредитор және дебитордың бережағын болдырмауын қадағалау.

1) Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату (кәсіпкерлік мақсаттағы) жөніндегі сауда-саттықты (аукционды) оның ішінде электрондық түрдеде ұйымдастыру мен өткізуді бақылау;

2) Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелеріне сауда-саттықты (конкурсты) оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізуді  бақылау;

3) Аудандық жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындалуын қамтамасыз ету.

1) Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы «Ақтоғай  ауданы аумағынан жер учаскелерін бөлу, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту, тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелерін беру және өзге де жер қатынастары мәселелерін қарау жөніндегі» комиссияны уақытылы ұйымдастыру;

2) Аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мақсаттағы игерілмеген немесе ҚР жер заңнамасын буза отырып пайдаланған жер учаскелерін және жер учаскелерін өз бетінше басып алу (иелену) фактілерін анықтау, болдырмау шаралары бойынша тиісті жұмыстардың атқарылуын қадағалау.

Ұжымда моральдық және психологиялық жағымды ахуалды  қамтамасыз ету;

Аудан әкімдігі және жоғары тұрған орган тарапынан берілген тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындауын қамтамасыз ету.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района