в актогае 28
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Мобильная версия

Ереже

 «Ақтоғай  ауданының  білім,  дене  шынықтыру  және  спорт  бөлімі»  мемлекеттік  мекемесінің  ережесі

1.Жалпы ереже

1. Ақтоғай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік  мекемесі (одан әрі  мекеме) аудан аумағындағы  мектепке дейінгі, мектептен тыс, жалпы орта  білім беру  жүйесіндегі  атқарушы үкіметтің  жергілікті және  білім беру  мекемелерінің  басқару органы болып табылады.
2. Мекеме өз  қызметін  аудан  әкімінің  және облыстық  білім басқармасының  басшылығымен  жүзеге асырады. Құрылтайшысы –Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты.
3. Мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Білім туралы»  Заңын,  Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары  мен Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулыларын,  білім  беру ұйымдарын  басқару органдарының,  облыс,  аудан  әкімінің  шешімдері  мен өкімдерін  және осы ережені  басшылыққа алады. 
4. Мекеме аудан  аймағындағы  білім саласында  мемлекеттік  саясатты   жүзеге асырып, білім  беру мекемелерінің  қызметін үйлестіреді.
5. Мекеме аудандағы, облыстағы  және республикадағы  мүдделі мемлекеттік  және жекеменшік,  қоғамдық мекеме  ұйымдарымен  ынтымақтастық  қызмет атқарады.
6. Мекеме өз құзыры  шеңберінде  іс қимыл  жасап, қоғам  мен мемлекет алдында білім жүйесінің жәйі күйі үшін жауапты.
7. Мекеме заңды тұлға болып табылады, өзінің ережесі, аты жазылған мөрі, мөртабаны, банкіде бюджеттік дербес есепшоты болады.
8. Заңды құрылымдық мекеме. Мекеме аудандық әділет  басқармасына тіркелген сәттен бастап заңды тұлға болып табылады.
9. Мекен жайы: Ақтоғай ауданы,  Ақтоғай селосы  К.Байсейітова көшесі, 26 үй.

2. Мекеменің  негізгі міндеттері мен функциялары, құқықтары

1. Білім, дене шынықтыру  және спорт  саласындағы  мемлекеттік  саясатты қалыптастыру,  жүзеге асыру.
2. Жалпы орта  білім алу  үшін мүмкіндіктер жасау.
3. Білім беру мекемелерінің қызмет етуі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.
4. Білім беру  мекемелерінің  материалдық-техникалық  базасын  дамыту,  қаржымен қамтамасыз  етуді жақсарту.
5. Білім, дене шынықтыру  және  спорт  саласында  кадрлық саясат жүргізу, мұғалімдер мен  басшы мамандарды даярлау және біліктілігін  арттыру.
6. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,  кәмелетке  толмаған  балаларға қамқорлық  ұйымдастыру.
7. Оқушыларды  есепке алып, олардың міндетті толық орта білім алуына басшылық жасау.
8. Өз құзыры негізінде білім беру кеңесінде мемлекеттік жалпы білім беру стандартының орындалысын қадағалайды.
9. Мектепке дейінгі,  мектептен тыс, жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмысын қадағалайды. 
10. Мекеме аудандағы білім мекемелерінің қызметіне басшылық жасайды.
11. Білім, дене шынықтыру және спорт туралы заңдардың жүзеге асырылуын бақылайды.
12.  Білім беру мекемелеріне қажетті жағдай қалыптастырады, оқу материалдық -базасының   есебін алып, толықтырылуын қадағалайды.
13. Педагогикалық кадрлардың уақытылы  аттестациядан өтуіне басшылық жасап, біліктілігін арттырумен айналысады.
14. Оқытудың озық тәжірибесі мен жаңа педагогикалық технологияларды зерттеп, таратады.
15. Аудан мектептерінің оқулықтармен,  оқу әдістемелік құралдарымен  қамтамасыз етілуіне  талдау жасайды. Қажетті құралдарға сұраныс береді.
16. Үздік білім беру  қызметкерлерін марапаттайды, құрметті атақтарға ұсынады.
17. Мекеме  заңдылықтарға сәйкес мектептерден, ұйымдардан, лауазымды адамдардан жүктелген міндеттерді орындауға, қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға  құқылы.
18. Мекемеге қарасты білім беру  ұйымдарының қайта ұйымдастырылуы және қабылданған тәртіпте жойылуы туралы аудан әкіміне ұсыныстар береді.
19. Қазақстан  Республикасының қолданыстағы  заңдарына  сәйкес  білім беру ұйымдарын құру, қайта құру, жою, лицензиялау  және аттестациялау жұмыстарына басшылық жасауға .
20. Мекеме бастығы  мектеп директорлары,  білім беру ұйымдарының меңгерушілерін  еңбек демалысына  шығарады және қайта шақырып алады.
21. Аудандағы  спорттың  негізгі  бағыттарын, даму  жағдайын жан-жақты  зерттеп,  сараптама жасау.
22. Аудан халқының спорттағы жетістіктері, сонымен бірге өскелең ұрпақты дене тәрбиесіне бағыттаудағы жұмыстарды үйлестіру.
23.Бағынышты коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның бюджеттен қаржыланатын басым бағыттағы жұмыс көлемін, қызметін және сонымен бірге ҚР заңдарында көзделген басқада қызмет басымдық бағыттарын айқындайды.
1) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мақсатын және іс-әрекетін анықтайды.
2) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның қызмет мақсатын және іс-әрекетін, сонымен бірге коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын түрін (шаруашылық басқару құқығына, қазынашылық) анықтауда уәкілетті органға ұсыныс енгізеді;
3) ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңында қарастырылған жағдайда коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарын, есептің орындалысын қарайды және бекітеді.
4) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарының орындалысын және коммуналдық заңды тұлғаның мүлкінің сақталуы мен орындалысына бақылау жүргізеді.
5) коммуналдық заңды тұлғаға немесе жеке шаруашылық қызметінде алған коммуналдық мүлікті басқаруға, жоюға немесе мүлікті бөлуге уәкілетті органға келісім береді.
6) заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
7) коммуналдық мемлекеттік мекеменің Жарғысын  бекітеді, өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
8) коммуналды заңды тұлғаның жылдық қаржылық есебін бекітеді.
9) коммуналдық қазынашылық кәсіпорынның шығаратын, тарататын тауарларының бағасын белгілейді (жұмысы, қызметі)
10) аудандық бюджеттен коммуналдық мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді.
11) коммуналдық мемлекеттік мекеменің өкілдіктері мен бөлімшелерін құруға келісім береді.
12) коммуналды мүлікті басқаратын уәкілетті органның келісімімен коммуналды заңды тұлғаны қайта құру мен таратуды жүзеге асырады.
13) мемлекеттік кәсіпорынның қарамағындағы мүлікті жоюды келіседі.
14) ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңымен және басқада ҚР Президентінің және ҚР Үкіметінің актілерінде көрсетілген басқа да өкілдіктерді жүзеге асырады.
24. Мекемеде мемлекеттік қызмет түрлері көрестіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының арттыруына жұмыс жасайды және бағалайды.

3. Мекеменің мүлкі

25.Мекеме тіркелген  сәттен  бастап  заңды тұлға болып  табылады. Оның өзіндік мүлкі  болады, өз атымен мүліктік  және жеке  мүліктік емес  құқыққа ие.
26.Мекеме мүлік алу, қызметін  қаржыландыру  үшін  мемлекеттік  стандартты  қамтамасыз  етуге  түрлі деңгейдегі  бюджеттен бөлінген және басқа да көздерден  түскен қаржылар  пайдаланылады.
27.Мекеме қолындағы  қаржысын заң белгілеген шекте  өз бетінше жұмсауға ерікті.
28. Мекеме мүлкін тартып алуға немесе осы мекеменің негізгі мақсаттары мен мүддесіне қайшы мақсаттарда  пайдалануға болмайды.

 

 

4. Мекеменің қызметін  ұйымдастыру

29.Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен шешімдерінің  іске асуын  ұйымдастырады.
30.Ауданда  білім тұжырымдамасын  қалыптастырып, оның іске асуын  бақылайды.
31.Мекеме бастығы мектеп директорлары, мектеп және балабақша меңгерушілерін қызметке тағайындайды, қызметтен босатады.
32.Мектеп директорларының, психологтарды, бастапқы  әскери даярлық пәнінің  оқытушыларын,  тәлімгерлерді,  есепшілерді,  медбибілерді  жұмысқа қабылдауға  және жұмыстан  шығаруға  білім бөлімінің бастығы  жазбаша келісім береді.
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақтау жұмыстарын ұйымдастырады және оның әрі қарай жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілікте болады.

5.Мекемені қайта құру және тарату

33.Мекемені  Республика Үкіметі, жергілікті өкілетті және атқарушы органдар құрады, қайта құрады және таратады.
34.Мекемені құру, қайта құру және тарату қолданылып жүрген заңға сәйкес жүзеге асырылады.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района