в актогае 5
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
Мобильная версия

Орта білім беру ұйымдарында оқушыларды тамақтандыруын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін жабдықтаушыны таңдаудың үлгілік конкурстық құжаттары

 Қосымша 1

Орта білім беру ұйымдарында оқушыларды тамақтандыруын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін жабдықтаушыны таңдау Ережелеріне

Орта білім беру ұйымдарында оқушыларды тамақтандыруын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін жабдықтаушыны таңдаудың үлгілік конкурстық құжаттары

Ақтоғай ауданының орта білім беру ұйымдарының оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру қызметін көрсететін жабдықтаушы таңдау бойынша
(Конкурс атауы)

Конкурс ұйымдастырушысы – Ақтоғай ауданының білім бөлімі ММ, Қарағанды облысы, Ақтоғай селосы, Нарманбет көшесі 6 А, БСН 150440015223

(Тапсырушының толық атауы, мекенжайы, БСН)

 

ЖСК KZ670705034642478001, БСК KKMFKZ2A, Банк атауы «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» ММ 8-710-37-2-13-99, 8-710-37-2-15-63, aktogaymk@mail.ru

банк реквизиттері, байланыс телефондары, электронды және пошта адресі)

 

 

Осы конкурстық құжаттама мыналар болып саналады:
      1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;
      2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы;
      3) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 34-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;
      4) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
      5) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін критерийлер тізбесін қамтиды.
 

 

Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім беруші құжаттарының тізбесін қамтиды:

       1)заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;
     2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға тауарларды берушіні таңдау өлшем шарттарына сәйкес болуы;       3)осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;
      4)осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіппен оқушыларды сапалы, теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір көрсетіледі;
      5)осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.

8) Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымша

Қосымша 1

«Қызметті тұтынушылар санаттарының тізімі»

 

Ақтоғай ауданының білім бөлімі ММ-ң Ақтоғай ауданының орта білім беру ұйымдарының оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру қызметін көрсететін жабдықтаушы таңдау бойынша КОНКУРС

Лот № 1

Білім беру ұйымының атауы

Білім беру ұйымындағы қызметті тұтынушылардың жалпы саны

Олардың ішінде бюджеттік қаржыға тегін тамақтанумен қамтамасыз етілетін оқушылардың саны

Қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету орыны

бюджеттік қаржыға тегін тамақтанумен қамтамасыз етілетін оқушыларға бөлінген қаржы, теңге.

1

2

3

4

5

6

7

 

«Абай атындағы негізгі орта мектеп(мектеп жанындағы интернатымен)

КММ

42

18

2019 жылдың 30 қыркүйек айынан 30 желтоқсан   аралығы

57оқу күні

с.Абай

 

410мың 400 теңге

ЛОТ 2

1

Білім беру ұйымының атауы

Білім беру ұйымындағы қызметті тұтынушылардың жалпы саны

Олардың ішінде бюджеттік қаржыға тегін тамақтанумен қамтамасыз етілетін оқушылардың саны

Қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету орыны

бюджеттік қаржыға тегін тамақтанумен қамтамасыз етілетін оқушыларға бөлінген қаржы, теңге.

 

«Торанғалық негізгі орта мектебі» КММ

37

19

2019 жылдың 30 қыркүйек айынан 30 желтоқсан   аралығы

57оқу күні

с.Торангалык

509мың 200т

 

 

 

 

 

 

 «___» ________ 2019 жыл.

 

Ақтоғай ауданыны

білім бөлімі  

басшысы                                                                               С. М. Жунусов.        

 

 

 

МО

 

 Қосымша 2

Ақтоғай ауданының білім беру ұйымдарының оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру қызметін көрсетуге жабдықтаушы таңдау бойынша конкурс құжаттарына техникалық тапсырма.

 

1. . Әлеуетті жабдықтаушылар көрсететін қызметтерін қатаң түрде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы  № 598 бұйрығы Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы

 

 2. Қызмет көрсету – тауарлар мен кулинар өнімдерін өндіру, жеткізу және сату үдерістерін енгізе отырып, орта білім беру оқушыларын тамақтандыру.

 

3. Ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша оқушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі шарттарын сақтауға қатысты байқауда жеңіске жеткен әлеуетті жабдықтаушы келісімшартқа сәйкес ешқандай заңды және жеке тұлғалармен келіспей, өзі ғана қызмет көрсетуге тиіс. 

 

4. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тамақ өнімдеріне, әр алуан ассортиментке, тамақ әзірлеу сапасы мен технологиясын сақтауға, тағамның құндылығы мен тепе-теңдігіне қойылатын қауіпсіздік талаптарын сақтау керек. 

Халықтың санитарлық-эпидемиялогиялық саулығы саласындағы уәкілетті орган - –«Ақтоғай аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы» РММ бекіткен перспективті тамақ мәзіріне қойылатын талаптарды сақтау.   

 

5. Сапалық және сандық сипаттамаларды сақтау:

  • балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру талаптарына сәйкес табиғи шырындардың, көкөністер мен жемістердің, дәрумендірілген және сүт өнімдерінің  кеңейтілген ассортименті;
  • асхана блогын ас үстелдерімен, орындықтармен, өндірістік инвентарьмен қамтамасыз ету;
  • асхана блогын технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету – бір орынға кем дегенде үш топтамадан келетін асханалық ыдыс және тоттанбайтын құрыштан жасалған қасық-шанышқымен қамтамасыз ету;
  • тамақтандыруды ұйымдастыру барысында тамақ өнімдерімен қатынасқа түскенде қауіпсіздік талаптарына сай материалдарға жауап беретін фарфор, фаянс және шыны ыдыстарды қолдану керек;

азық-түліктерді сақтау үшін жууға қолайлы, стеллаждармен жабдықталған мерзімі – 2019 жылдың 30 қыркүйек  мен 30 желтоқсан  аралығы, 57 оқу күні:

  • 2019 жылдың 30 қыркүйек -28 қазан  аралығы – 20 оқу күні;
  • 2019 жылдың 04 -29 аралығы – 20 оқу күні:
  • 2019 жылдың 03 желтоқсан  мен 30 аралығы - 17 оқу күні;

 

Тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылар саны мен қызмет көрсету орыны Қосымша 1 «Қызметті тұтынушылар категориясының тізімінде» лоттарға сәйкес көрсетілген.

 

7. Тамақ өнімдері мен азық-түлікті  тасымалдау САНИТАРЛЫҚ ТӨЛҚҰЖАТ берілген, бекітілген тәртіпке сай санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар арнаулы, таза көлікпен жүзеге асырылуы тиіс; 

8. Жұмыс істеуге рұқсат етілген асхана блогының әр жұмыскерінде медициналық кітапшаның болуын қамтамасыз ету;

 

9. Коммерциялық есептегі құралдар бойынша электр қуаты үшін, суық су мен ағынды сулар бойынша ай сайын коммуналдық қызметтің төлемақысын жасау;

 

10. Ай сайын жалға алынған орын мен мектеп асханасының жабдықтары үшін Ақтоғай ауданының бюджетіне бекітілген нормативтерге сәйкес төлемақы жасау; 

 

11. «Жаппай оқыту» қоры бойынша оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету қызметі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұтып алған әуелетті жабдықтаушы 3 (үш) күн ішінде байқауды ұйымдастырушының мекенжайы бойынша сәйкес келісімшарт жасасу керек; 

 

12.  Қызмет көрсету мерзімін бұзған жағдайда «Тапсырыс беруші» «Жабдықтаушыны» қосымша ескерпестен, әрі қарай ықылассыз жабдықтаушылардың мәліметтер банкіне ақпараттарды тапсыра отырып, біржақты тәртіппен келісімшартты бұзуға құқылы; 

 

13. Осы мемлекеттік тапсырыс бойынша туындаған барлық қайшылықтар, оның ішінде ықылассыз жабдықтаушы деп тану туралы жағдай Қарағанды облысы Қарағанды қаласының мамандандырылған экономикалық сотында қарастырылады. 

 

«___» ________ 2019 жыл.

 

Ақтоғай ауданының

білім бөлімі  

басшысы                                                                     С. М. Жунусов

 

МО

Орта білім беру ұйымдарында білім
алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін
қызметтерді берушіні немесе тауарларды
жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік
конкурстық құжаттамаға
3-қосымша

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті берушіні немесе
тауарларды жеткізушіні таңдау бойынша конкурстық
құжаттамаға техникалық тапсырма

      Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет. Осы техникалық тапсырмада _____ (орта білім беру ұйымының атауын көрсету) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтің сәйкес келуі тиіс сандық және сапалық сипаттамалар беріледі.

      Тамақтандыру _____ (санын көрсету) білім алушыға, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома _____ (сомасын көрсету) теңгеге ______ (санын көрсету) білім алушыға ұсынылады.

      ______________(білім беру ұйымының атауын көрсету) оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру барысында негізгі мақсаттары мен міндеттері жас ерекшелігі бойынша тағам заттары мен қуатына физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес оқушыларды тиімді тамақтандырумен қамтамасыз ету болып табылады.

      Білім алушыларды тамақтандыру ____________ (білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру орны, асхана және (немесе) буфет) жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызмет беруші ас әзірлейтін бөліктің және оның қызметкерлерінің жұмысына басшылық жасайды, сондай-ақ тамақ дайындау технологиясына, азық-түліктерді салудың, порциялардың шығу нормасының сақталуына, білім алушыларға өнімдер мен тағамдардың берілуіне және жеткізілетін азық-түліктердің сапасына, оны сақтау және тарату қағидаларының сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызмет беруші ас әзірлейтін бөлікте, өндірістік және қойма бөлмелерінде санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық қағидаларды сақтауды қамтамасыз етеді.

      Өнім беруші білім беру ұйымының Санитарлық қағидалармен бекітілген нысан бойнша дайын өнімнің сапасына (бракераж) бақылау журналын жүргізуге жағдайды қамтамасыз етеді.

      Тағамдардың, тамақ өнімдерінің және аспаздық бұйымдардың тұтынушылық қасиеттері, олардың органолептикалық ерекшеліктері, технологиясы және дайындау жағдайлары балаларға арналған тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес болуы тиіс.

      _______________ (білім беру ұйымының атауын көрсету) асханасына және (немесе) буфетіне тағамдарды мектептік тамақтандырудың базалық ұйымдарынан жеткізілген жағдайда тиісті температураны сақтауды қамтамасыз ететін арнайы ыдыстар (термоконтейнерлер) қолданылады.

      __________ (басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсету) директоры бекіткен білім алушыларды тамақтандырудың белгіленген тәртібіне сәйкес бірінші ауысым үшін білім алушыларға _______ (уақытын және үзілісті көрсету), екінші ауысым үшін _______ (уақытын және үзілісті көрсету) ыстық тамақ ұсынылады.

      Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес буфет өнімдерін тарату үшін жағдайлар жасалады.

      Дайын аспаздық өнімдер мен тамақ өнімдерін тарату сағат ______ (асхананың және (немесе) буфеттің жұмыс уақытын көрсету) жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызмет беруші ай сайын _____________ (орта білім беру ұйымы басшысының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсету) тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәлімет ұсынады.

      Әлеуетті өнім беруші шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде міндетті түрде бекітеді.

      Тамақтанудың іс жүзіндегі рационы бекітілген перспективалы мәзірге сәйкес келуі тиіс. Санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарына сәйкес, ерекше жағдайларда бір өнімді, тағамды және аспаздық бұйымдарды басқаларымен ауыстыруға жол беріледі.

      Жекелеген оқушыларға жеңіл (емдәм) тамақтандыру ұйымдастырылады.

      Көрсетілетін қызмет беруші тағамды дайындау технологиясын және дайын тағамдарды каллориялығына сәйкестігін сақтау үшін ас әзірлейтін бөліктерде бірыңғай тағамды дайындау картотекасының бар болуын қамтамасыз етеді.

      Тағамдар картотекасын пайдалану арқылы тамақты дайындау жүзеге асырылады, онда өнімдердің таратылуы, тағамдардың түсімі, әр тағамның құрамы туралы және оның тағамдық құндылығы (ақуыздың, майлардың, көмірсулардың, витаминдердің болуы) және әр тағамның (аспаздық бұйымның) энергетикалық құндылығы (калориялығы) мен әр тамақты қабылдау жиынтығы туралы толық ақпарат көрсетіледі.

      Асхананың ас әзірлейтін бөлігінде тағамдарды және аспаздық өнімдерді дайындаудың технологиялық процесін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруды өндіріс меңгерушісі қамтамасыз етеді.

      Ас әзірлейтін бөлікте санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарына сәйкес қажетті құжаттама болуы тиіс (тамақ өнімдерінің және азық-түлік шикізатының бракераждар, дайын аспаздық өнімдердің журналдарын, денсаулық журналын, тағамдарды витаминдеуді жүргізу, температура режимін, тоңазытқыш жабдықтарын есепке алу журналдарын, мәзірді, тағамдарды дайындаудың технологиялық карталарын, тамақ өнімдеріне кіріс құжаттарын, жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын растайтын құжаттарын (жөнелтпе құжаттар, сәйкестік сертификаттары, сапа куәлігі, ветеринариялық-санитариялық сараптама құжаттар, ұсыныс-пікірлерге арналған кітап және тағы басқалары) атап көрсету).

      Өнім берушіде ас әзірлейтін бөліктің әр қызметкеріне жұмысқа рұқсатымен медициналық кітапшалары бар.

      Өнім беруші бар технологиялық, тоңазытқыш және санитариялық-техникалық жабдықтардың жөнділігін және уақытылы мемлекеттік тексерілуін (өлшем құралдары үшін) қамтамасыз етеді.

      Отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау үшін өнім беруші тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде тамақ өнімдерінің кемінде 80% (сексен пайызын) отандық қызмет көрсетушілерден, тауар өндірушілерден сатып алады.

      Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметтің әлеуетті өнім берушісінің өтінімдері, егер:

      1) "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

      2) егер әлеуетті өнім берушінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары және (немесе) аталған әлеуетті өнім берушінің өкілі өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

      3) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса;

      4) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болса қабылданбайды.

      Тауарларды жеткізу. Техникалық тапсырмада жеткізілетін тауарларға сәйкес болуы тиіс сатып алынатын тауарлардың толық сипаты және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары беріледі, кепілдік мерзімі, шығару орны көрсетіледі.

      Тауарларға берілетін техникалық тапсырмада функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын сипаттау функционалдық шектерді, техникалық сипаттама параметрлерін, үздік сипаттаманы айқындау мақсатында тауардың мақсатын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуге тиіс.

      Сатып алынатын өнімдер тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін өнім беруші тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде тамақ өнімдерінің кемінде 80% (сексен пайызын) тауар өндірушілерден сатып алады.

      Тауарлардың әлеуетті өнім берушісінің өтінімдері, егер:

      1) "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

      2) егер әлеуетті өнім берушінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары және (немесе) аталған әлеуетті өнім берушінің өкілі өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

      3) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса;

      4) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болса қабылданбайды.

      Күні

      Білім беру ұйымы басшысының қолы ____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету)

      М.О.

Орта білім беру ұйымдарында білім 

алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша көрсетілетін қызметтерді  
берушілерді таңдау жөніндегі    
үлгілік конкурстық құжаттамаға   
4-қосымша             

Конкурсқа қатысуға өтінім
(заңды тұлғалар үшін)

Кімге _______________________________________________________________
                       (конкурсты ұйымдастырушының атауы)
Кімнен ______________________________________________________________
                     (әлеуетті өнім берушінің толық атауы)

1. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер:

Әлеуетті өнім берушінің заңды, почта мекенжайы және байланыс телефондары

 

Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы

 

Заңды тұлға "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде бар ма

 

Заңды тұлғаның басшысында және (немесе) аталған заңды тұлғаның өкілінде өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болатын жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары бар ма не олар өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылады ма

 

Заңды тұлғаның бірінші басшысының Т.А.Ә.

 

2. __________________________________________________________________
                     (заңды тұлғаның толық атауы)
осы өтініммен _______________________________________________________
                            (конкурстың толық атауы)
      конкурсқа әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді
және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес
_____________________________________________________________________
                        (қажетін көрсету керек)
қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім береді.
3. __________________________________________________________________
                      (заңды тұлғаның толық атауы)
осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.
4. __________________________________________________________________
                      (заңды тұлғаның толық атауы)
конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға
және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеті, біліктілігі,
сапалық және ______________________________ көрсетілетін қызметтердің
                (қажетін көрсету керек)
      өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес мәліметтерді бергені
үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар
етілгендігін растайды.
_____________________________________________________________________
                   (заңды тұлғаның толық атауы)

      осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін
құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық
жауапкершілікті қабылдайды.
5. Осы конкурстық өтінім ____________________ күн ішінде қолданылады.
6. __________________________________________________________________
                      (заңды тұлғаның толық атауы)
      жеңімпаз деп танылған жағдайда, біз шарттың орындалуын
қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада
енгізуге міндеттенеміз.
7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін
атқарады.

Күні
Басшының қолы __________________________________________________ М.О.
                          (Т.А.Ә., лауазымын көрсету)

Орта білім беру ұйымдарында білім 

алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша көрсетілетін қызметтерді 
берушілерді таңдау жөніндегі   
үлгілік конкурстық құжаттамаға  
5-қосымша             

Конкурсқа қатысуға өтінім
(жеке тұлға үшін)

Кімге _______________________________________________________________
                    (конкурсты ұйымдастырушының атауы)
Кімнен ______________________________________________________________
                   (әлеуетті өнім берушінің толық атауы)
1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті өнім беруші)
туралы мәліметтер:

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес Т.А.Ә.

 

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (№, кім берген)

 

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің тіркелген мекенжайы

 

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің нақты тұрғылықты мекенжайы

 

Тіркеу туралы куәліктің, патенттің не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурс мәніне сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін өзге де құжаттың нөмірі

 

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы

 

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің байланыс телефондары, почта мекенжайы мен электрондық почта мекенжайы (болған жағдайда)

 

2. __________________________________________________________________
                    (жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі)
      осы өтініммен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету)
әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық
құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер
көрсетуді (қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім
білдіреді.
3. __________________________________________________________________
                    (әлеуетті өнім берушінің атауы)
осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.
4. __________________________________________________________________
                    (әлеуетті өнім берушінің атауы)
      конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты
ұйымдастырушыға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де
сипаттамалары туралы (қажеттісін көрсету) дұрыс емес мәліметтер
бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы
туралы хабардар етілгендігін растайды.
_____________________________________________________________________
                   (әлеуетті өнім берушінің атауы)
      осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін
құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық
жауапкершілікті қабылдайды.
5. Осы конкурстық өтінім ____________________ күн ішінде қолданылады.
6. __________________________________________________________________
                    (әлеуетті өнім берушінің атауы)
      конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, біз шарттың
атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын
құрайтын сомада енгізуді міндеттенеміз (егер де конкурстық
құжаттамада шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген
болса көрсетіледі).
7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін
атқарады.

Күні
Басшының қолы __________________________________________________ М.О.
                          (Т.А.Ә., лауазымын көрсету)

 

Орта білім беру ұйымдарында білім 

алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша көрсетілетін қызметтерді 
берушілерді таңдау жөніндегі   
үлгілік конкурстық құжаттамаға  
6-қосымша            

Қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер
(әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде  толтырады)

1. Әлеуетті өнім берушінің атауы ____________________________________
_____________________________________________________________________
2. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша қызметті көрсету үшін ___________________________
                             (әлеуетті өнім берушінің атауын көрсету)
      әлеуетті өнім берушіде қажетті штат қызметкерлері бар.
      Қызметкерлердің жалпы саны ____ құрайды, оның ішінде растайтын
құжаттарының көшірмелері қоса берілген ____ аспазшы, ____ технолог,
____ диетолог құрайды:

Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Білімі (арнайы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары) және мамандығы(диплом №)

Білімі (қысқа мерзімді курстар)және біліктілігі (куәлік №)

Атқаратын жұмысы

Мамандығы бойынша еңбек өтілі

Біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер

Жұмыс істеуге рұқсат берілгендігі туралы мәліметтер (рұқсат беру туралы белгісі бар медициналық кітапшалардың көшірмелері)

1

2

3

4

5

6

7

Барлығы

           

 

3. Растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып,
________________________________ соңғы бес жыл ішінде конкурста сатып
(әлеуеттi өнiм берушiнің атауын көрсету)
      алынатын көрсетілетін қызметтерге ұқсас көрсеткен қызметтердің
көлемі.

Көрсетiлген қызметтердiң атауы

Тапсырыс берушiлердiң атауы

Қызметтерді көрсету орны және жылы

 

 

 

 

 

 

   

 

. Әлеуетті өнім беруші қызмет көрсету үшін ресурстардың бар

      екені туралы қосымша мәліметтерді көрсетеді.

      Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын.

      Күні

      Басшының қолы ______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету)

      М.О.

      Әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер

      (әлеуетті өнім беруші тауарларды сатып алу кезінде толтырады)

      1. Әлеуетті өнім берушінің атауы ______________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Конкурста сатып алынатын, әлеуетті өнім берушінің соңғы он

      жыл ішінде жеткізген (шығарған) осындай тауарлардың көлемі (болған

      кезде), теңгемен ____________________________________________________

Тауардың атауы

Тапсырыс берушілердің атауы және олардың телефон нөмірлері

Тауарды жеткізу орны және күні

Шарттың құны, теңге (әлеуетті өнім берушінің қарауы бойынша)

1

2

3

4

 

      3. Ұсынымдар туралы мәліметтер, олар болған кезде. Басқа заңды

      және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттарын, пікірлерін тізбелеп

      көрсету және қоса беру қажет.

      ____________________________________________________________________

      Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дәйектілігін растаймын.

      Қолы_________________________

      Күні

      Басшының қолы _______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету)

      М.О.

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша көрсетілетін қызметтерді
берушіні немесе тауарларды
жеткізушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
7-қосымша

 

Көрсетілетін қызмет берушіні таңдау өлшемшарттары

     №

Өлшемшарттар

Балдар

1.

Конкурстың мәні болып табылатын қызмет көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесі

Әр жылға 2 балдан, бірақ 10 балдан аспайды

2.

Экологиялық менеджмент жүйесін қанағаттандыратын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын сәйкестік сертификатының бар болуы

Жоқ

(0 балл)

Бар

(1 балл)

3.

Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын менеджмент сапасы жүйесі сертификатының бар болуы

Жоқ

(0 балл)

Бар

(1 балл)

4.

Аспазшылардың біліктілігі (10 балдан аспайды)

Арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік білім 3 разряд (1 балл)

Арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік білім 4 разряд (2 балл)

Арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік білім 5 разряд және (немесе) жоғары білім (3 балл)

5.

Технологтың, диетологтың ("Қоғамдық тамақтану технологы" мамандығы бойынша) болуы (2 балдан аспайды)

Жоқ

(0 балл)

Бір маман ғана бар

(1 балл)

Бар

(2 балл)

6.

"Қоғамдық тамақтану технологы" мамандығы бойынша технолог біліктілігі бар өндіріс меңгерушінің болуы (кемінде 1 балл)

Жоқ

(0 балл)

Бар

(1 балл)

7.

Шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесінің бар болуы

10-нан кем ас атауы

(1 балл)

10-нан 30-ға дейін ас атауы

(2 балл)

30-дан 50-ге дейін ас атауы

(3 балл)

8.

Азық-түлікті арнайы көлікпен жеткізу шарттары (кемінде 3 балл)

Жалдап алу, өтеусіз пайдалану, лизинг және басқа шарттар негізінде көліктің болуы

(2 балл)

Жеке көлігінің болуы

(3 балл)

9.

100% қызметкерде жұмысқа рұқсаты бар болуы (кемінде 1 балл)

Бір қызметкерде жоқ

(0 балл)

Барлық қызметкерде бар

(1 балл)

10.

Отандық өндірушілерден сатып алынатын тамақ өнімдерінің көлемі (кемінде 3 балл)

85-тен 90 %-ға өнімдер

(2 балл)

90-нан 100%-ға дейін өнімдер

(3 балл)

11.

Тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа және ферма қожалығы, жылыжай және басқалары) (кемінде 2 балл)

Жоқ
(0 балл)

Бар
(2 балл)

12.

Тамақты дайындаудың технологиялық картасының болуы (кемінде 1 балл)

Қолданылмайды

(0 балл)

Қолданылады

(1 балл)

13.

Қызметкерлердің арнайы киімдерінің және залалсыздандырушы құралдардың болуы (кемінде 2 балл)

Талап етілген көлемде

(1 балл)

Талап етілген көлемнен көп

(2 балл)

14.

Тағамдарды дайындау кезінде жеке қуат үнемдеуші жабдықтардың, көрсетілетін қызметтің тиісті сапасын қамтамасыз ететін өндірістік құрал-жабдықтардың болуы (кемінде 2 балл)

Жоқ

(0 балл)

Ішінара

(1 балл)

Толық көлемде бар

(2 балл)

15.

Тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша аспазшылардың біліктілігін көтеру туралы сертификаттың болуы (кемінде 1 балл)

Жоқ

(0 балл)

Бар

(1 балл)

16.

Өндірістік бақылау жоспарының болуы (кемінде 1 балл)

Жоқ

(0 балл)

Бар

(1 балл)

17.

Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсеткен білім беру ұйымдары ата-аналар комитеті төрағаларының қолы, мектептер директорларының қолы қойылған және мөрімен бекітілген көрсетілетін қызмет берушіге ата-аналар тарапынан берілген сипаттамалардың болуы (кемінде 3 балл)

Жоқ

(0 балл)

Бар

(әр сипаттамаға 1 балдан, бірақ кемінде 3 балл)

18.

Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында, астанада тіркелуінің бар болуы

Жоқ
(0 балл)

Бар
(3 балл)

             

 

      Ескертпе: 1-тармақ бойынша конкурстың мәні жөнінде тәжірибе бұған дейін жасасқан шарттармен расталады, 4, 5-тармақтарда балл әр маман үшін қойылады, 10 және 13-тармақтар бойынша балл қою үшін алдыңғы жылы өндірілген өнімдер, арнайы киімдер және дезинфекциялық құралдарды сатып алу туралы жасасқан шарттардың деректері қолданылады, 14-тармақ бойынша жабдықтарға құқық белгілеуші құжаттарды ұсыну қажет (жабдық паспорты, төлем құжаттары және басқасы)

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша көрсетілетін қызметтерді
берушіні немесе тауарларды
жеткізушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
9-қосымша

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету немесе тауарлардың
жеткізілімі туралы үлгілік шарт

      ______________________ "___" ____________ _______ ж.

      (Өткізілетін орын)

      Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _____________ (Конкурсты

      ұйымдастырушының толық атауын көрсету) атынан, _____________________

      (лауазымы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) бір тараптан

      және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын_______________________атынан

      (өнім беруші – конкурс жеңімпазының толық атауы)

      _______________________(жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік, Жарғы

      және басқасы) негізінде әрекет ететін_______________________________

      (лауазымы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) екінші

      тараптан, тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша 20___жылғы "___" _______

      өткен көрсетілетін қызметтерді берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурс қорытындылары туралы хаттама негізінде осы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:

      1. Өнім беруші (сомасы цифрлармен және жазумен көрсетілсін) мөлшердегі сомаға (бұдан әрі – Шарттың бағасы) білім беру ұйымында білім алушыларды, оның ішінде білім алушылардың жекелеген санаттарын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті немесе тауарларды Тапсырыс берушіге жеткізуді міндетіне алады.

      2. Осы Шартта төменде көрсетілген ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:

      1) дүлей күш (форс-мажор) – төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және басқалары). Ондай мән-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың рынокта болмауы жатпайды;

      2) "Көрсетілетін қызмет" – өндіріс процесі және тауарлар мен аспаздық өнімдерді өндіруді қосқанда орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды ұсыну.

      3) "Тапсырыс беруші" – орган немесе орта білім беру ұйымы.

      4) "Тауар" – орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауар.

      5) "Өнім беруші" – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), Тапсырыс берушімен жасасқан шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін тұлға.

      6) "Шарт" – Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жазбаша нысанда жазылған, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;

      7) "Шарттың бағасы" Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;

      Тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе жартылай орындамаған жағдайда, егер ол дүлей күш нәтижесі болып табылса жауапкершілік артпайды.

      3. Төменде көрсетілген құжаттар мен оларда айтылған жағдайлар, осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

      1) осы Шарт;

      2) техникалық тапсырма;

      3) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.

      4. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi (банктік кепілдеме, кепілдік ақшалай жарна төлеу) Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағиадаларында көзделген жағдайларда енгiзеді.

      5. Өнім берушінің үшінші тұлғалардың тұтастай не Шартты қамтамасыз етуді орындау бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің Өнім беруші енгізген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді пайдалануына жол берілмейді.

      6. Шарт тиісті қаржы жылына міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат шегінде жасалады және шартты орындау кезінде өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, бірақ кемінде екі рет ұзартылады.

      7. Өнім беруші қызметті көрсетуді немесе тауарды жеткізуді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық тапсырмаға сәйкес білім беру ұйымдарында жекелеген санаттағы _____ санда (балалар санын көрсету) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті немесе тауарды қабылдауды және төлеуді міндетіне алады.

      Ақы төлеу нысаны _______ (аударым, қолма-қол есеп айырысу)

      8. Төлеу мерзімі _____________________________________________

      9. Ақы төлеу алдындағы қажеттi құжаттар: _____________________

      (шот-фактура немесе қабылдау-беру актiсi)

      10. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген құжаттаманы немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.

      11. Өнім берушінің орта білім беру ұйымдарында жекелеген санаттағы білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметін немес тауарды төлеуді көрсетілетін қызметті іс жүзінде орындау бойынша осы Шарттың ____ және ____ тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізіледі.

      12. Біржолғы мектептік тамақтандырудың құны _____ теңгені құрайды.

      13. Өнім берушімен қызметті көрсету Шартта белгіленген мерзімге сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Өнім беруші тарапынан қызметті орындауды кешіктіру Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап, қызметті уақытылы орындамағаны немесе заңнамада қарастырылған басқа шаралар үшін тұрақсыздық айыбын төлеп Тапсырыс берушімен Шартты бұзуына негіз болып табылады.

      15. Егер Өнім беруші Шартта көзделген мерзімде қызметтерді көрсетпесе, Тапсырыс беруші шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.

      16. Шарт талаптарын бұзғаны үшін Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:

      1) егер Өнім беруші қызмет бөлігін немесе барлығын Шартта көзделген мерзімде (дерде) немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;

      2) егер Өнім беруші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса осы Шартты бұзады.

      17. Дүлей күш жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге бір жұмыс күн ішінде мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды жалғастырады және дүлей күшке байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздеуді жүргізеді.

      18. Өнім беруші, осы Шарттың 17-тармағының талаптарын орындаған жағдайда егер Шартты орындауды кешіктіру дүлей күш нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.

      19. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші төлеуге қабілетсіз болса немесе Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енсе, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, кез келген уақытта Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу залал келтірмесе немесе іс-әрекеттерді жасауға қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе соңынан қойылатын санкцияларды қолданатын жағдайда Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.

      20. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетіледі, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күні көрсетіледі.

      Ас әзірлейтін бөлік қызметкерлері конкурс кезеңінде ұсынылған қызметкерлеріне сәйкес келмесе Шартты бұзудың негізі болады.

      21. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күні іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы төленеді.

      22. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсайды.

      23. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәселені шешеді.

      24. Шарт мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жасалады.

      25. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама, кейін түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.

      26. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе), бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты күшіне енеді.

      27. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.

      28. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Өнім беруші белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.

      29. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық тіркеуден өткізгеннен кейін және Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.

      30. Осы Үлгі шарт орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті көрсетуді немесе тауарларды сатып алуды Тапсырыс беруші жүзеге асыру процесінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.

      Осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурстық өтініміне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес келуі тиіс.

      Егер тегін тамақтандыруды алуға құқығы бар білім алушылардың саны өзгерген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) Шартқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.".

      31. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:

      Тапсырыс беруші Өнім беруші

      ______________________________ _____________________________

      (толық атауы) (толық атауы)

      ______________________________ _____________________________

      (мекен-жайы) (мекен-жайы)

      ______________________________ _____________________________

      (телефоны, факс) (телефоны, факс)

      ______________________________ _____________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса)) (бар болса))

      _______________________________ _______________________________

      (қолы) (қолы)

      "___"_____________________ ____ж."___"_____________________ ____ж.

      М.О. М.О.

      Аумақтық қазынашылық органында тіркеу күні ____________________

 

Орта білім беру ұйымдарында білім 
алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша көрсетілетін қызметтерді 
берушілерді таңдау жөніндегі   
үлгілік конкурстық құжаттамаға  
8-қосымша             

Тауарларды берушіні таңдау өлшем шарттары

Өлшемшарттар

Балдар

Конкурстың мәні болып табылатын тауар нарығындағы жұмыс тәжірибесі

Әр жылға 1 балдан, бірақ 10 балдан аспайды

Отандық тауар өндірушілер үшін тауарларды ерікті түрде сертификаттау туралы құжаттың бар болуы

Жоқ (0балл, бар (1балл)

Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің бар болуы

Жоқ (0балл), бар (1балл)

Ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелеренің және экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігі растаудың бар болуы

Жоқ (0балл), бар (1балл

Отандық өндірушілерден сатып алынатын тамақ өнімдерінің көлемі,(3 балдан аспайды)

85-90%*ға дейін өнімдер (2балл)

90-ден -100%-ға дейін өнімдер (3балл)

Мектептің тамақтандыруды ұйымдастыру барысында пайдаланылатын тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа немесе фермерлік қожалығы, жылыжай және басқалары) (2 балдан аспайды)

Жоқ (0балл), бар (2балл

Азық түлікті арнайы көлікпен жеткізу шарттары (3 балдан аспайды)

Жалдап алу, өтеусіз пайдалану, лизинг және басқа да шарттар негізінде көліктің болуы (2 балл) Жеке көлігінің болуы (3 балл)

 

Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында, астанада тіркелуінің бар болуы

Жоқ (0балл, бар (3балл)

 

 

Ескерту: 1- тармақ бойынша тәжірибе бұған дейін жасасқан шарттармен расталады, 5- тармақ бойынша балл қою үшін алдыңғы жылы өндірілген өнімдерді сатып алу туралы жасасқан шарттардың деректері қолданылады.

Күні
Басшының қолы __________________________________________________ М.О.
                         (Т.А.Ә., қызметін көрсету)

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района