в актогае 0
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
Мобильная версия

Құрамы

Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, басшысы,
Е-R-1 Жунусов Сейл Минтаевич

Жунусов Сейл Минтаевич 1959 жылы 30 желтоқсанда Қарағанды облысы,  Ақтоғай ауданы, Нүркен ауылында дүниеге келген. 1987 ж. –Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту ордені қазақ педагогикалық институты. «Тарих», «Орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі» амандығы бойынша тәмәмдаған.
15.08.1979 – 24.08.1987 ж.ж. Қуаныш елді мекеніңде  Қуаныш орталау мектебінің мұғалімі болып бастаған.
24.08.1987–25.07.1989 ж.ж. Қызылтас орталау мектебінің директоры болып қызмет жасаған. 25.07.1989–31.03.1995 ж.ж. Ақтас орта мектебінің директоры болып  қызмет етеді. 31.03.1995– 01.06.1998 ж.ж. Қарамендеби с/о, «Дихан» шаруа қожалығының жетекшісі болып тағайындалады.
01.06.1998– 10.08.1998 ж.ж. Ж. Ақбайатындағы орта мектеп директорының қаржы-шаруашылық жөніндегі орынбасары болады.
10.08.1998– 19.01.2001 ж.ж. Қ. Нұржанов атындағы орта мектеп директоры болып қызмет жасады. 19.02.2001– 18.01.2006 ж.ж. Ақтоғай ауданының әкімі аппаратының жетекшісі болып абройлы қызмет етеді.
18.01.20061– 4.02.2006 Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік бөлімінің меңгерушісінің міндетін атқарушы болады.
14.02.2006– 04.01.2007 ж.ж. Ақтоғайауданының кәсіпкерлік бөлімінің меңгерушісі болып қызмет жасайды.
04.01.2007– 30.09.2009 ж.ж. Ақтоғай ауданының білім бөлімінің бастығы болады.
30.09.2009– 07.02.2014 ж.ж. Ақтоғай ауданының білім, спорт және дене шынықтыру бөлімінің бастығы болады.
06.02.2014– 01.08.2016 ж.ж. «НұрОтан» Партияның Ақтоғай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалады.
Қәзіргі уақытта Ақтоғай ауданының білім бөлімі ММ-інің басшысы болып қызмет етуде.

Ақтоғай ауданының білім бөлімінің бөлім басшысының орынбасары,
/E-R-2/Дуанбекова Гаухар Саттарбеккызы

Бөлім басшысының орынбасары міндеттері:
Бөлімге басшылық жасау, жоспарлау және талдауды жүргізеді. Аудан бойынша білім туралы заңнамалардың орындалуы және орта білімді дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді. Білім беру саласындағы бағдарламаларды іске асырады. Білім бөлімінің және оған қарасты мекемелердегі жұмыстарды үйлестіреді. Мектептер, мектепке дейінгі және мектептен тыс балалар ұйымдарының оқу-тәрбие жұмыстарына эксперттік, кешенді талдау жұмысын ұйымдастырып, қорытындылайды. ҚР Заңдары, Президенттің жарлығы, қаулылары, облыстық білім басқармасының, аудан әкімдігінің шешімдерін, қаулыларын жинақтап, олардың мазмұнынан туындайтын мәселелерді аудан көлемінде ыңғайластырып, құжаттар даярлап отырады. Аудан әкімдігінде қаралуына тиісті мәселелердің жобасын даярлайды. Білім бөлімінің Кеңесі мен мәжілісінде қаралатын материалдарды дайындау және ұйымдастыру. Білім бөліміне қарасты мекемелердің кадрларына сапалық талдау жасау және тарификациясын жүргізеді. Білім бөлімінің барлық кіріс, шығыс құжаттарына қол қояды. Бөлімде азаматтардың жеке қабылдауын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңын басшылыққа ала отырып орындалуын қамтиды, білім беру ұйымдарының аттестаттаудан өтуін бақылайды. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының орындалу барысындағы іс-шаралардың орындалуын қадағалайды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының орындалуын қамтиды. 2010-2020 жылдарға арналған білім жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы бойынша есептерді дайындайды. Білім саласына бағытталып қабылданған бағдарламаларды жинақтау және дайындауға қатысады. Жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалардың орындалуы бойынша жұмыстарды бақылауын үйлестіреді.
Білім беруді дамытудың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын, бюджеттік сұраныстарды және қаржыландыру жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді. Стратегиялық жоспарлар, аумақтық бағдарламалар, инвестициялық жобалар дайындауға қатысады. Бюджеттің жобасын дайындауды қадағалайды. Статистикалық есептердің берілуін қадағалайды.Бөлімнің мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастырып бағыт береді, қадағалайды. Қаржы қызметі жөніндегі болған тексерістер нәтижесі бойынша кеткен кемшіліктерді жоюды бақылайды. Өз саласы бойынша түскен хат-өтініштерге уақытында жауап беруді қамтамасыз етеді, жоғарғы органдардан келген тапсырмалардың орындалысын бақылайды.
Басшының жұмыс уақытында болмаған жағдайда, іссапар уақытында міндетін атқарады, қою құқығына ие болады.. Бөлімде жасалған келісім шарттарға отырады, қол қояды. Бөлімнің, білім беру ұйымдарының күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстарына бақылау,басшылық жасайды. Қабылдау комиссиясының құрамын құрады, төрағалық етеді. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, оған бақылау, бсшылық жасайды, комиссия құрамын құрады. Бухгалтерлердің барлық жұмыстарына тікелей басшылық, бақылау жасайды. Аумақтық, аймақтық қаржылық жағынан даму стратегиясын жасайды. Бөлімнің барлық қаржы аударымдарына бақылау, басшылық жасайды. Тамыз кеңесінің өтуіне дайындық жұмыстарына қатысады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларындағы) басқа да міндеттер.

 

Ақтоғай ауданының білім бөлімінің білім беру ұйымдарында педогогикалық кадрлармен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі бас маманы /E-R-4/
Тлегенова Эльмира Зарубаевна

Бас  маманның  міндеттері:
Педагогикалық кадрлармен жұмыс. Мектептерді, мектептен тыс мекемелерді тиісті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету. ЖОО-на сұраныс хаттар жібереді. Педагогтардың қайта даярлау курсынан өтуі, басшы кадрлардың кәсіптік біліктілігін арттыру, жас мектеп директорлары мектебінің оқуын ұйымдастыру және басшылық жасау. Педагогтарды аттестаттау, марапаттау құжаттары. Статистикалық есеп беру. Жұмыссыз мамандарды, жас мамандарды жұмысқа орналастыру. Жас мамандарды тұрақтандыру, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары. Мемлекеттік қызметкерлердің құжаттары. Бөлім аппараты қызметкерлерінің арнайы тексерістен өтуіне, мұрағаттық анықтамалар, декларациялар тапсыруына бақылау. Мектептердегі бұйрықтардың жүргізілуін қадағалайды. Ішкі еңбек тәртіптері ережелерін және еңбек тәртіптерінің жағдайы, мемлекеттік қызметке байланысты  шектеулердің сақталуын бақылау. Білім беру ұйымдарында педагогикалық кадрларды Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексіне» сәйкес қабылдау және жұмыстан босату жұмыстарын жүргізу. Ақпаратты – талдау жұмыстары мен мониторинг жүргізудің әдістері мен тәсілдерін білуі. Азаматтық қызметшілердің бос орындарына конкурс жүргізу құжаттарын дайындайды. Білім беру ұйымдары басшыларының жеке бас құжаттарын жинақтау. Электрондық құжат айналымы жүйесімен, электронды үкімет порталымен толыққанды жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасындағы белгіленген заңдылықтар тәртібінде білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Білім бөлімі кеңесінің хатшысы.
Тамыз кеңесінің өтуіне дайындық жұмыстарына қатысады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларындағы) басқа да міндеттер.

Ақтоғай ауданының білім бөлімінің бас маманы/E-R-4/
Стамбеков Дархан Манагулулы
Бас маманның міндеттері:
Қамқоршылық және қорғаншылық Кеңесінің, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жұмыстарына бақылау жасау. Әлеуметтік педагогтардың жұмыстарына бақылау мен басшылық жасау. Статистикалық есеп беру. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізу. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылау. Қорғаншылық пен қамқоршылықты қажет ететін балаларды анықтау және есепке алу. Қорғаншылық пен қамқоршылықты бекіту. Асырап алуға байланысты соттардағы қарауларға қатысу. Балалардың заңды мүдделері мен құқығын қорғауда азаматтардың өтініш-шағымдарын қарау. Қорғаншылық пен қамқоршылықтағы, білім беру, медициналық, әлеуметтік қызметтер көрсететін немесе жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған басқа ұйымдарға берілген азаматтардың мүліктерін сақтау мен басқаруға бақылау жасау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәлімет алған күннен бастап үш күннің ішінде баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды және бір айдың ішінде оны орналастыруды қамтамасыз ету. Баланы отбасына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайда, ол туралы мәліметті баланы есепке және кейіннен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Репсубликасы азаматының отбасына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдемдесу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің білім беруді басқару органына жолдау. Қорғаншылар мен қамқоршылардың қызметін бақылауды жүзеге асыру, ол үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің білім беруді басқару органына жолдау. Қорғаншылар мен қамқоршылардың қызметін бақылауды жүзеге асыру, ол үшін жылына кемінде екі рет олардың өз міндеттерін орындауын тексеру, сондай-ақ жыл сайын қорғаншылардың қамқорлығындағы адамның денсаулық жағдайы туралы, оларды тәрбиелеу жөніндегі жұмыстары туралы есеп беруін талап ету.Ата-аналық құқықтарынан айыру немесе шектеу, ата-аналық құқықтарын қалпына келтіру, бала асырап алудың күшін жою немесе жарамсыз деп тану, жасы кәмелетке толмағандармен некені жарамсыз деп тану, сондай-ақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес басқа да істер қаралған кезде сотқа қатысуға. Бала мен оны тәрбиелеуге тілек білдіретін адамдардың тұрмыс жағдайларын тексеру. Он жасқа толған баланың асырап алуға келісімін анықтауға және ол үшін ұғынымды нысанда асырап алудың мәнін түсіндіру. Баланы асырап алудың құпиясын сақтау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балалардың, белгіленген тәртіппен жүйкесі ауру немесе ақыл-есі жетімсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың мүлкінің қаттауын жасау. Қатталған мүлікті қорғау шараларын қабылдау. Қорғаншылар мен қамқоршылардан өздерінің міндеттерін жүзеге асыруды талап ету. Девиантты тәртібі бар балаларды, сәтсіз отбасыларды анықтау, оларды ішкі істер органдарына тіркеуге қою. Оқу орындарына дәлелді себептерсіз бармайтын кәмелетке толмағандарды тіркеу, қызметін үйлестіру. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша жұымс ұйымдастырады және мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Электронды құжат айналымы жүйесімен толыққанды жұмыс жасайды.
Тамыз кеңесінің өтуіне дайындық жұмыстарына қатысады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларындағы) басқа да міндеттер.

 

Ақтоғай ауданының білім бөлімінің білім беруді ұйымдастыру секторының меңгерушісі/E-R-3// Айбоснова Сауле Абиловна
Сектор меңгерушінің міндеттері:
Жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие жұмысына, оқу жоспарларын дайындауға, мемлекеттік стандарттың орындалысына, мектепішілік бақылаудың жүруіне басшылық жасау. Жас мектеп, мектептен тыс мекеме басшыларына әдістемелік көмек беру. Жалпы білім беретін оқу орындарында аралық, қорытынды аттестаттауға басшылық жасау. Білім беру ұйымдарын аттестаттау жұмыстары, ғылым негіздерін тереңдетіп оқыту жұмыстарына басшылық жасау. Ақпаратты талдау жұмыстары мен мониторинг жүргізудің әдістері мен тәсілдерін білуі. Бала құқығын қорғау тобының жұмысын үйлестіру, бағыттау және басшылық жасау. Білім саласы бойынша Қазақстан Республикасының Заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерінің орындалысына бақылау жасау. 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамытудың бағдарламаларын жасау. Бөлімнің жылдық жоспарын дайындау және оның орындалысына басшылық жасау. Ресурстық орталық (тірек мектептері), шағын жинақталған мектептер жұмыстарын ұйымдастыру. 12 жылдық білім беруге көшу жұмыстарын ұйымдастыру. Білім бөлімінің Кеңесі мен мәжілісінде қаралатын материалдарды дайындау және ұйымдастыру. Аудан бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, аудандық пән олимпиадасын өткізу. Аудан мектептерінде бақылау күндерін өткізу. Облыстық білім басқармасы кеңестері хаттамаларының орындалысын қадағалау. Сектор жұмысын басқару. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша жұмыс ұйымдастырады және мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Аудандық білім бөлімінің жоспарын әзірлеп, номенклатураға сәйкес іс жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тамыз кеңесінің өтуіне дайындық жұмыстарына қатысады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларындағы) басқа да міндеттер.

 

Ақтоғай ауданының білім бөлімінің білім беруді ұйымдастыру секторының жаппай оқу жөніндегі бас маманы/E-R-4/
Сарсибаева Назира Шынарбеккызы
Бас маманның міндеттері:
Қазақстан республикасының “Білім туралы” Заңының аудан мектептерінде орындалысына бақылау жасау. Жаппай оқуды бақылайды. Оқушылар контингентін сақтау. Мектептердің жұмыс режимі. Мектеп жасындағы оқушыларды оқуға тарту. Мектептердің тоқсандық, жылдық, оперативтік хабарламалары, статистикалық есеп беру. Денсаулығына байланысты балаларды үйде оқыту жұмыстарын ұйымдастыру. Мектеп жанындағы интернаттар жұмысы. Тәрбиеленушілердің санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық жағдайларын бақылау. Оқушылардың ыстық және қоғамдық тамағын ұйымдастыру жұмыстарына басшылық жасау. Кабинеттердің, оқу шеберханаларының оқу-материалдық базасы. Кабинеттер паспорты. Мектеп бітірушілердің жұмысқа орналасуы. Жалпы орта білім туралы “Алтын белгі” аттестаты мен үздік аттестатқа үміткер оқушылардың құжаттарын әзірлеу.
Инклюзивті білім беру, өзін-өзі тану пәні жұмыстарын үйлестіру. Мектептегі іс қағаздарының жүруін, оқушылар қозғалысы бұйрығының жүргізілуін қадағалау.
Мектеп оқушыларының медициналық тексерістерден өтуін қадағалайды. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша жұмыс ұйымдастырады және мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Тамыз кеңесінің өтуіне дайындық жұмыстарына қатысады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларындағы) басқа да міндеттер.

Ақтоғай ауданының білім бөлімінің бас маман-заңгер/E-R-4/
Жумабеков Елдос Орынкулович
Бас маманның міндеттері:
Білім бөлімінде заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді. Білім бөлімінің құқықтары мен мүдделерін заң орындарына қорғайды. Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңының орындалу барысындағы іс-шаралардың орындалуын, сабақтардың, насихаттау жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етеді. “Мемлекеттік сатып алу туралы” заңына сәйкес, бөлімдегі сатып алу жұмыстарын қадағалайды, жұмыс ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңына сәйкес облыстық білім басқармасына, қалалық әкімі аппаратына және басқа да жоғарғы органдарға тоқсандық есептер мен мәліметтер дайындайды. Бөлімге түскен арыз-шағымдарды тексеру жұмыстарына қатысады және қорытындылайды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін басшылыққа алып, орындалуын қамтиды. Бөлімнің негізгі құжаттарының, бұйрықтардың заңдылықтарын тексеріп, кеңес береді.
Азаматтардың арыз, өтініштерімен жұмыс жүргізеді, уақытында жауап берілуін қамтамасыз етеді. Білім бөліміне қатысты аудандық, облыстық сот отырыстарына қатысады. Білім бөлімінің қызметкерлеріне арналған құқықтық жалпы оқуды жүргізу және мектептердегі құқықтық оқудың жүргізілуін қадағалау. Білім беру ұйымдарына кеңес беру. Аудан әкімінің білім бөліміне қатысты шығарылатын қаулы, өкім, шешімдерінің жобасын дайындау. Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін жүргізу, есебін беру.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларындағы) басқа да міндеттер.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района