в актогае 29
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
Мобильная версия

Құрамы

Шабанбай би ауылдық округінің әкімі/Е-R-1/

Кудашбаев Жаркын Зейноллаевич 1972 жылы 17 маусымында Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген.  1995 жылыАлматы зооветеринарлық институтын «ветеринарлық малдәргері»,2004 жылы Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» институтын «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 06.08.1988- 27.08.1989ж.ж. «Қаратал совхозы», Қаратал кеңшарында жұмыскерболып бастаған.
01.08.1995- 13.06.1996ж.ж. Қаратал кеңшары, «Алтын бесік» шаруа қожалығының басшысы,21.06.1996-21.07.1999ж.ж. Панфилов қаласының №74261 әскери бөлімінде взвод командирі, 04.08.1999-19.11.1999ж.ж. Қарағанды қаласының ЖК «Канторбаев» күзетші, 19.06.2000-28.12.2001ж.ж. «Ақтоғай аудан әкімі аппараты» ММ ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 13.05.2002-12.09.2013ж.ж. Ақтоғай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері, 04.12.2013-06.05.2015ж.ж. «Ақтоғай аудан әкімі аппараты» ММ, бас маман-заңгер, 12.08.2015-01.09.2015ж.ж. «Ақтоғай аудандық орталық ауруханасы» КМҚК, заңгер, 01.09.2015-01.09.2016ж.ж. АҚ «Алтын Алмаз», қауіпсіздік қызметкері, 20.12.2016-04.05.2018ж.ж. аралығында Ақтоғай ауданының ветеринария бөлімінің, сектор меңгерушісі.2018 жылдың 04 мамырынан бастап Ақтоғай ауданы Шабанбай би ауылдық округінің әкімі болып қызмет жасап келеді.

 

Шабанбай биауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Серғазы Еркебұлан Серғазыұлы
Бас маманның міндеттері:
Ауылдық округ әкімі өткізетін коммуналдық салаға байланысты шараларды өткізуді ұйымдастыру. Электр энергиясы, су, жылу беруге байланысты жұмыстарды үйлестіру, коммуналдық қызметке төлемақының жиналуына жәрдемдесу, оларға экономикалық талдау жасау. Коммуналдық сала бойынша тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстары. Тұрғындарға тиісті анықтамалар беру.
Ауылдық округтегі тазалық, көркейту және сәулеттендіру жұмыстарын ұйымдастырып, көше жарықтарын уақытылы, толық жануын, су құбырларының істеп тұруына бақылау жасау, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасымен келген қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды қамтып, жұмыс көлемін белгілеп беру, мекеменің ішкі жұмыстарын үйлестіру.
Ауылшаруашылығы саласына байланысты есеп, мәліметтерді дайындап беру. Ауылдық округ бойынша ауылшаруашылығын дамытуға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру. Шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізу, оларға практикалық көмек көрсетуді, бағыт-бағдар беруді үйлестіру.
Ауылдық округ  әкімінің өкім, шешімдерін шығару, шығарған өкім, шешімдердің заңдылығын қарап, орындалысын бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.
Номативтік-құқықтық актілердің орындалысын бақылау, оларға жіберілетін ақпар, мәліметтер дайындау.
Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.

 

Шабанбай биауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Капасова Салтанат Кайырберлыкызы
Бас маманның міндеттері:
Аппараттың іс-қағаздарын жүргізу, қажетті ақпар, мәліметтерді дайындау.  Азаматтардың өтініш-хаттарымен жұмыс жасау.
Ауылдық округ  әкімінің шаруашылық кітаптарын (Ауыл тұрғындарын және олардың малдарын шаруашылық кітабына есепке алу, шығару, ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру, кешенді шаралар жүргізу)
Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамсыз етілген топтарына атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысын, тұрғын-үй жәрдемақысын, біржолғы материалдық көмек алу үшін, құжаттарын қабылдап, уәкілетті органға ұсынып отыру.
Табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдар арқылы еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуге жәрдемдесу.
Ауылдық округ әкімі өткізетін коммуналдық салаға байланысты шараларды өткізуді ұйымдастыру. Электр энергиясы, су, жылу беруге байланысты жұмыстарды үйлестіру, коммуналдық қызметке төлемақының жиналуына жәрдемдесу.
Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.
Сайлауға және референдумға дайындық және өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Сайлаушылар тізімін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізу.

 

Шабанбай биауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Несипбаева Айнур Есентаевна
Бас маманның міндеттері:
Ауылдық округ әкімі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілерді дайындап, рәсімдеу. Жоғарғы органдардан түскен номативтік-құқықтық актілердің орындалысын бақылау, оларға жіберілетін ақпар, мәліметтер дайындау.
Аудан әкімдігінен, аудандық мекемелер мен ұйымдардан келіп түскен өкім, шешім, хаттар,  нұсқаулардың мерзімінде орындалуын қадағалап, тиісті жауабын беруді бақылау, Ауылдық округ  әкімінің өкім, шешімдерін шығару, шығарған өкім, шешімдердің орындалысын бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.
Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жасау. Ауылдық округтің ауылшаруашылығы саласы бойынша дамуына талдау жасап, ұсыныстар беру.
Кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға байланысты бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету
Жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiжинауды ұйымдастыру.
Ауылдық округтегі мектептермен, жастар ұйымы, қоғамдық ұйымдармен, білім ошақтары, жастар-жасөспірімдермен жұмыстар жүргізу және байланысты қамтамасыз ету.
Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.

 

Шабанбай биауылдық округінің әкімі аппаратының
жетекші маманы /Е-G-4/
Капашова Мейрамгул Кудайбергенкызы
Жетекші маманның міндеттері:
Ауылдық округтегі мектептермен, жастар ұйымы, қоғамдық ұйымдармен, білім ошақтары, жастар-жасөспірімдермен жұмыстар жүргізу және байланысты қамтамасыз ету.
Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.
Іс номенклатуралары бойынша іс жүргізу жұмысын жүргізу, мұрағатқа тапсыруға әзірлеу, тапсыру.
Қолданыстағы заңдардағы өзгертулермен толықтыруларды ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерін жеткізу.
Ауылдық округ әкімі аппаратының жедел кеңесін, жиналыстарын әзірлеу және хаттаманы жүргізу.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс жұмысты жүргізу, мерзімді баспасөз беттеріне мақалалар жіберу.
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмыстарын жүргізу және заң талаптарына сай болуын қадағалап отыру.
Мемлекеттік тілдің іс жүргізу барысында дұрыс қолданысын қадағалап отыру, мемлекеттік тілді насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру, жүргізу.
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандар бойынша есеп беру жұмыстарын жүргізу.
Өзіне қарасты салалар бойынша статистикалық есептілікті жүргізу, талдамалық қорытындылар жасау. Жоғарыда тұрған тиісті мекемелерге есептер беру.
Ауыл тұрғындарының  арасында ветеринария мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района