в актогае 25
USD 386.77
EUR 427.26
RUB 6.00
Мобильная версия

Құрамы

Адамбаев Калыбек Саттарович
Тораңғалық ауылдық округінің әкімі Е-R-1

Адамбаев Калыбек Саттарович 1961 жылы 15наурызда Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген. 1983 жылы Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын тәмәмдаған.1983 жылы СА Әскери қатарында болды. Еңбек жолын 1985 жылы Ағадыр поселкесінде Тепловоздарды техникалық жөндеу орталығының бригадирі болып бастады. 1986 жылы Ағадыр кентінде Депо бастығының орынбасары болды. 1988 жылы Шет ауданы, Мойынты ауылында «Мойынты айналым депосының» бастығы болып қызмет етті. 1998 жылы Балқаш қаласында Балқаш локомотив Депосының бас инженері болып қызмет етті. 2001 жылы Балқаш локомотив Депосының бастығы болып тағайындалды. 2004 жылы Балқаш қаласында «Локомотив сервис орталығы» Қарағанды филиалының директоры болды. 2017 жылы Тораңғалық ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушысы болып қызмет етті. Қазіргі уақытта Тораңғалық ауылдық округінің әкімі болып қызмет етеді.

Тораңғалықауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Толеугизов Айзат Лухманович
Бас маманның міндеттері:
Ауылдық округ әкімі өткізетін коммуналдық салаға байланысты шараларды өткізуді ұйымдастыру. Электр энергиясы, су, жылу беруге байланысты жұмыстарды үйлестіру, коммуналдық қызметке төлемақының жиналуына жәрдемдесу, оларға экономикалық талдау жасау. Коммуналдық сала бойынша тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстары. Тұрғындарға тиісті анықтамалар беру.
Ауылдық округтегі тазалық, көркейту және сәулеттендіру жұмыстарын ұйымдастырып, көше жарықтарын уақытылы, толық жануын, су құбырларының істеп тұруына бақылау жасау, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасымен келген қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды қамтып, жұмыс көлемін белгілеп беру, мекеменің ішкі жұмыстарын үйлестіру.
Ауылшаруашылығы саласына байланысты есеп, мәліметтерді дайындап беру. Ауылдық округ бойынша ауылшаруашылығын дамытуға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру. Шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізу, оларға практикалық көмек көрсетуді, бағыт-бағдар беруді үйлестіру.
Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.

Тораңғалықауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Әлімханов Еркебұлан Болатханұлы
Бас маманның міндеттері:
Аппараттың іс-қағаздарын жүргізу, қажетті ақпар, мәліметтерді дайындау. Азаматтардың өтініш-хаттарымен жұмыс жасау.
Ауылдық округ әкімінің шаруашылық кітаптарын (Ауыл тұрғындарын және олардың малдарын шаруашылық кітабына есепке алу, шығару, ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру, кешенді шаралар жүргізу)
Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген топтарына атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысын, тұрғын-үй жәрдемақысын, біржолғы материалдық көмек алу үшін, құжаттарын қабылдап, уәкілетті органға ұсынып отыру.
Табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдар арқылы еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуге жәрдемдесу.
Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.
Сайлауға және референдумға дайындық және өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Сайлаушылар тізімін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізу.    

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района