в актогае 28
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Мобильная версия

Құрамы

Тасарал ауылдық округінің әкімі  /Е-R-1/

Сеитов Нуржан Саулебайулы

1989 жылы 24 маусымда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылында туған.

2011 жылы Қарағанды «Болашақ» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын  01.12.2008-31.03.2009 ж.ж. аралығында Балқаш қалалық қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімінің жүргізуші болып бастаған.

2009-2010 ж.ж. Ақтоғай ауылында ЖШС «Берер», заңгер, 05.2010-07.2010 ЖШС «Берер», кадр маманы, 08.2010-01.2014 ж.ж.  «ХҚКО №1 Ақтоғай аудандық бөлімі» КММ, жинақтау секторының бас маманы, 01.2014-01.2015 ж.ж. Балқаш қаласы. «ХҚКО Балқаш қалалық бөлімі» КММ, жинақтау секторының инспекторы, 05.2015-08.2015 ж.ж. Шашубай кенті, «Шашубай кенті әкімі аппараты» ММ, бас маман міндетін атқарушысы,

08.2015-11.2016 ж.ж. Шашубай кенті. «Шашубай кенті әкімі аппараты» ММ, бас маман,

24.11.2016 жылы «Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы» ММ бас маман-мемлекеттік еңбек инспекторы болып қызмет етті. Қазіргі уақытта 2017 жылдың 12 желтоқсанынан бастафп Тасарал ауылдық округінің әкімі болып қызмет етеді.

 

Тасарал ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы /Е-G-3/

 

Сакимбаева Шугыла Омирбаевна
Бас маманның міндеттері:
Ауылдық округ әкімі өткізетін коммуналдық салаға байланысты шараларды өткізуді ұйымдастыру. Электр энергиясы, су, жылу беруге байланысты жұмыстарды үйлестіру, коммуналдық қызметке төлемақының жиналуына жәрдемдесу, оларға экономикалық талдау жасау. Коммуналдық сала бойынша тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстары. Тұрғындарға тиісті анықтамалар беру.
Ауылдық округтегі тазалық, көркейту және сәулеттендіру жұмыстарын ұйымдастырып, көше жарықтарын уақытылы, толық жануын, су құбырларының істеп тұруына бақылау жасау, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасымен келген қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды қамтып, жұмыс көлемін белгілеп беру, мекеменің ішкі жұмыстарын үйлестіру.
Ауылшаруашылығы саласына байланысты есеп, мәліметтерді дайындап беру. Ауылдық округ бойынша ауылшаруашылығын дамытуға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру. Шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізу, оларға практикалық көмек көрсетуді, бағыт-бағдар беруді үйлестіру.
Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.


Тасарал ауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Абенова Лаззат Муратовна
Бас маманның міндеттері:
Аппараттың іс-қағаздарын жүргізу, қажетті ақпар, мәліметтерді дайындау. Азаматтардың өтініш-хаттарымен жұмыс жасау.
Ауылдық округ  әкімінің шаруашылық кітаптарын (Ауыл тұрғындарын және олардың малдарын шаруашылық кітабына есепке алу, шығару, ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру, кешенді шаралар жүргізу)
Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамсыз етілген топтарына атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысын, тұрғын-үй жәрдемақысын, біржолғы материалдық көмек алу үшін, құжаттарын қабылдап, уәкілетті органға ұсынып отыру.
Табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдар арқылы еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуге жәрдемдесу.
Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.
Сайлауға және референдумға дайындық және өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Сайлаушылар тізімін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізу. 


Тасарал ауылдық округінің әкімі аппаратының
Бас маманы /Е-G-3/
Ержанова Ляйля Амановна
Бас маманның міндеттері:
Ауылдық округ әкімі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілерді дайындап, рәсімдеу. Жоғарғы органдардан түскен номативтік-құқықтық актілердің орындалысын бақылау, оларға жіберілетін ақпар, мәліметтер дайындау.
Аудан әкімдігінен, аудандық мекемелер мен ұйымдардан келіп түскен өкім, шешім, хаттар,  нұсқаулардың мерзімінде орындалуын қадағалап, тиісті жауабын беруді бақылау, Ауылдық округ  әкімінің өкім, шешімдерін шығару, шығарған өкім, шешімдердің орындалысын бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.
Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жасау. Ауылдық округтің ауылшаруашылығы саласы бойынша дамуына талдау жасап, ұсыныстар беру.
Кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға байланысты бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету
Жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауды ұйымдастыру.
Ауылдық округтегі мектептермен, жастар ұйымы, қоғамдық ұйымдармен, білім ошақтары, жастар-жасөспірімдермен жұмыстар жүргізу және байланысты қамтамасыз ету.
Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района