в актогае 27
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
Мобильная версия

Ереже

"Сарытерек ауылдық округі әкімінің аппараты"

мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

 

1.     Жалпы ережелер

 

1.   "Сарытерек ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасы-ның  Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4.Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
         5.Мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

         7.Мемлекеттік мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

         8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 100206, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарытерек ауылы, Парасат көшесі, № 16 үй.

9. Мемлекеттік органның толық атауы – мемлекеттік тілде: «Сарытерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

10.Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
         11.Мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Мемлекеттік мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13.   Мемлекеттік мекеменің миссиясы:

тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты ҚазақстанРеспубликасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру.

14.Мемлекеттік мекеменің  міндеттері:

1)Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет егемендігін, конституциялық құрылысын қорғау және бекіту, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету саясатын жүзеге асыру;

2)тиісті аумақтарды дамытудың мүдделерімен және қажеттіліктері байланысымен атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде ауылдық округі әкіміне жәрдем көрсету;
         3)ауылдық округте мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әлеуметтік және экономикалық үрдістермен басқара отырып жүзеге асыру;
         4)заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық санасының деңгейін және олардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі белсенді азаматтық айқындамасын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру;
         5)Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

15. Мемлекеттік мекеменің функциялары:

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35 бабында көрсетілген барлық өкілеттіктерді пайдалану және оны жүзеге асыру болып табылады. Дәлірек:

1)      тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

2)      азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

3)      салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

4)      әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, Ақтоғай аудандық мәслихаттың бекiтуi үшiн Ақтоғай ауданының әкімдігінің қарауына енгiзедi;

5)      әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;

6)      азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

7)      өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

8)      ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылыуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;

9)      шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

10) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай- ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

11) әділет органдары жоқ жергілікті жерлердегі кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

12) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

13) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

14) қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік- құқықтық көмек көрсетеді;

15) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

16) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

17) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс- шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

18) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени- бұқаралық және ағарту iс- шараларын ұйымдастырады;

19) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;

20) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

21) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;

22) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

23) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

24) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

25) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

26) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

27) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

28) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

29) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;

30)  елді мекендерді  абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

31) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

32) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

33) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

34) кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады;

35) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;

36) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

37) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

38) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

39) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

40) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

41) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

42) кіріс көздерін қалыптастырады;

43) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;

44) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

45) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;

46) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

47) қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін;

48) қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауап бередi.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Заңы 6 баптың 5 бөлігіне сәйкес ауылдық округ әкімінің құзыретіне:

49) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;

50) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

51) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады.

52) Қазақстан Республикасының 20.06.2003 жылғы №422 Жер Кодексінiң 13 және 16-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;

53) Қазақстан Республикасының 20.06.2003 жылғы №422  Жер Кодексінің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;

54) жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою мәселелерi жөнiнде аудандық (қалалық) әкiмдiкке ұсыныстар енгізу кіреді;

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының негізінде келесі іс-шараларды үйлестіреді. Нақтырақ:

55) елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындау;

56) елді мекендер аумақтарын санитариялық тазалауды ұйымдастыру;

57) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;

58) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

59) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңы 7 баптың 5 бөлігіне сәйкес ауылдық округ әкімінің құзыретіне:

60) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге қатысу;

61) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, сою алаңдарының (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарының), мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың), пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарының (көмінділердің) жұмыс iстеуiне жәрдемдесу;

62) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асыру және оны аудандардың (oблыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) беру;

63) ауыл шаруашылығы санағын жүргiзуге қатысу;

64) микрокредит беру бағдарламаларына қатысуы үшiн табысы төмен адамдарды анықтау;

65) ауылдық елдi мекендердi абаттандыру, жарық беру, көгалдандыру және санитариялық тазарту жөніндегi жұмыстарды ұйымдастыру;

66) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;

67) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасы-ның заңнамасында олардың қарауына жатқызылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.

         16. Мемлекеттік мекеменің құқықтары мен міндеттері:

Осы ережемен қарастырылған өкілеттілікті іске асыру үшін мемлекеттік мекеме:

1) тиісті аумақта басқарудың тиімділігін көтеру жөніндегі мәселелер бойынша соттарда, мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарда әкімнің мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіруге;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың және ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және материалдарды сұратып алуға;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық органдардың, облыс, аудан әкімдіктерінің, әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындауға;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын ұстануға құқылы.

Мемлекеттік мекеменің міндеттеріне:

1)      әкім аппаратының ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық,талдамалық қызметін жүзеге асыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

2)      қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

3)      Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын жүзеге асыру, ауданның мемлекеттік органдар жүйесінде кадрлар біліктілігін арттыру;

4)      мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау жөнінде уәкілетті органға тиісті ақпарат ұсыну;

5)      тиісті аудан әкімін, құзырлы мемлекеттік органдарды жергілікті жердегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік жағдай туралы, қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын пайдалану және құрылыс саласындағы қолданыстағы заң нормаларының талаптарының бұзылуы туралы уақытылы хабардар ету кіреді;

6)      ауылдағы мүгедектердің, асыраушысынан айырылған отбасылардың, көп балалы отбасыларының, жалғызілікті аналар мен қариялардың, жұмыс істемейтін, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың материалдық және тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың мектепке тартылмай, қараусыз қалуын болдырмау жөнінде тиісті органдарға ұсыныс жасау жүктеледі, ұйымдастырады;

7)      іс-жүргізу жөніндегі нұсқаулықты, аппарат жұмысын реттейтін басқа құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету;

8)      азаматтарды мемлекеттік мекемеде жеке қабылдауды ұйымдастыру;

9)      гендерлік саясатты жүргізу және сақтау және гендерлік аспектілерді қарау;

10) жергілікті қоғамдастықпен өздерінің көрсетілген кезеңге арналған халықтың тұрмыс-тіршілігі мен елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырады;

11) сайлауалды бағдарламаларына енгізілген міндеттері мен жоспарларын жүзеге асырады.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. Мемлекеттік мекеме басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген мін-деттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауылдық округтің әкімі жүзеге асырады.

         18.Ауылдық округi әкiмi Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен қызметке тағайындайды немесе сайлайды және қызметтен босатады.

19.Ауылдық округi әкiмiнiң өкілеттігі:

1)мемлекеттік мекеменің жалпы басқаруын, мемлекеттік мекеменің жұмысын үйлестіреді және бақылайды;

         2)мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекемеөкілеттілігін білдіреді;

3)мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

4)өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңда белгіленген тәртіппен шешім және өкімдер түрінде ауылдық округі аумағында міндетті күші болатын актілер шығарады;
         5)есеп және қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

6)мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражаттарын басқарады;

7)заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

8) заңнамада белгіленген тәртіпте мемелекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза беру және көтермелеу шараларын қолданады;

9)сенімхаттар береді;

10) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттерін және олардың өкілеттік шеңберін белгілейді;

11) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
         12)сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;

13)Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және уәкілетті органмен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Ауылдық округі әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

         20. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

         21.Мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
         22.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

        23. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района